КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Несиелік қабілетті және тәуекелді бағалаудағы шетел тәжірибесіДүние жүзілік банктің мәліметтеріне сәйкес, несиелер бойынша банктердің зиян шегуінің басты себебіне, 67% - ішкі факторлар, ал 33%-ы сыртқы факторлар үлесі келеді (28-кесте). 28-кесте. Несиелеу барысындағы банктің зиян шегуіне әкелетін факторлар
Несие бойынша банктердің зиян шегуіне себеп болатын сыртқы факторлар қатарында бірінші орында компаниялардың банкроттығының тұруы тегін емес. Банктің кез келген қарыз алушысы мұндай факторларды басынан кешуі мүмкін. Банкроттықтың басты себептеріне басқарудағы кемшіліктері, тиімді басқаратын ақпараттар жүйесінің болмауы, нарық жағдайларындағы өзгерістер мен бәсекеге төзе алмауы, өз мүмкіндіктерінің шамадан тыс көбейіп кетуі, яғни ресурстардың жоқтығына қарамастан компанияның жылдам кеңеюі, акционерлік капиталдың жетіспеушілігі және заемдық қаражаттардың үлесінің жоғарылығы жатады. Шетелдік банктердің тәжірибесінде қарыз алушының несиелік қабілетін жете бағалау несиелік тәуекелді төмендетудегі басты шара болып табылады. Қарыз алушыға кандидатты бағалау жүйесінде ағылшынның клирингтік банктерінде кеңінен пайдаланып келетін әдістердің біріне PARSER немесе CAMPARІ әдістерін жатқызуға болады. PARSER: Р- Person- потенциалды қарыз алушы туралы ақпарат, оның беделі; А- Amount- сұрайтын несие сомасының негіздемесі; R- Repayment- несиені қайтару мүмкіндігі; S- Securіty- қамтамасыз ету құралы; E- Expedіency- несиенің мақсаттылығы; R- Remuneratіon – несиені беру тәуекелі үшін банктің пайыз мөлшерлемесі. CAMPARІ: Сharacter - қарыз алушының беделі; A- Abіlіty - қарыз алушының бизнесін бағалау; М- Means – ссудаға деген қажеттілігін талдау; P- Purpous – несиенің мақсаты; А-Amount – несие сомасының негізделуі; R- Repayment – несиені қайтару мүмкіндігі; І- Іnsurance – несиелік тәуекелден сақтандыру әдісі. Американдық банктер тәжірибесінде потенциалды қарыз алушыларды дұрыс таңдай білуде “алты cи ережесі” қолданылады: · character( қарыз алушының сипаты); · capacіty(қаржылық мүмкіндігі); · cash (ақшалай қаражаты); · collateral( қамтамасыз етуі); · condіtіons (жалпы экономикалық жағдай); · сontrol(бақылау). Қарыз алушының сипаты бұл оның беделін, жауапкершілік дәрежесін, қарызды өтеуге дайындығын және қалуын білдіреді. Қарыз алушының қаржылық жағдайы оның несиені қайтару қабілетін сипаттайды. Ол оның кірістері мен шығыстары және олардың алдағы уақыттардағы өзгеру перспективаларын нақты талдау көмегімен анықталады. Ақшалай қаражаты. Жалпы қарыз алушының алған несиені қайтаруының үш көзі болады: 1. Нақты ақшалар тасқыны; 2. Активтерді сату; 3. Қаржыларды тарту. Көрсетілген көздердің кез келгені несиені қайтаруға арналған қаражаттың қалдық сомасын қамтамасыз ете алады. Бірақ та банктер несиені қайтарудың негізгі көзі ретінде нақты ақшалар тасқынын маңызды санайды, себебі активтерді сату қарыз алушының балансын нашарлатып жіберуі мүмкін деп санаса, ал қосымша қаражат тарту банктің кредитор ретіндегі позициясын бәсеңдетеді. Нақты ақшалардың жетіспеуі қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлығын сипаттайтын басты көрсеткіш болып табылады. Нақты ақшалар тасқыны мынадай түрде анықталады: Нақты ақшалар = Таза пайда + Амортизация тасқыны + Кредиторлық қарыз - Тауарлы-материалды құндылықтар қоры және дебиторлық қарыз
Бұл формуланың артықшылығы - оның көмегімен несиелік қызметкер қарыз алушының менеджерлерінің біліктілігін және тәжірибесін, сол сияқты қарыз алушының жұмыс жасайтын нарығының жағдайын анықтай алады. Қамтамасыз етуі. Сондай-ақ банк қарыздың қамтамасыз етілуі яғни, оның жеткіліктілігіне, сапасына және қарыздың қайтарылмау жағдайында оның өтімділік дәрежесіне мән береді. Экономикалық жағдай. Несиеге деген өтінішті қарау барысында банк жалпы шарт ретінде елдегі іскерлік жағдай және оның банк жұмысына, сол сияқты қарыз алушының жағдайына тигізер ықпалын сипаттайтын экономикалық конъюктуралық жағдай, бәсекелестерінің болуы, салық, баға және т. б. қарастырады. Бақылау.Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудағы соңғы факторға бақылау жатады. Мұнда өзгерген заңдылықтар, құқықтар, экономикалық және саяси жағдайлардың қарыз алушы қызметіне қаншалықты әсері болады деген сияқты сұрақтарға жауап іздейді. Жоғарыда атлаған коэффициенттерді талдап болғаннан кейін, компанияның борыштық тұрақсыздыққа ұшырау қауіпін талдауда батыс экономисі Э. Альтманның формуласын немесе Z – талдау формуласын пайдалануға болады. Альтманның формуласы екі және бес факторлы моделге негізделген.
Альтман индексінің мәні
Біздің тәжірибемізде қаржылық коэффциенттерді толық талдау арқылы, қарыз алушының борыштық тұрақсыздыққа ұшырауын алдын-ала болжауға мүмкіндік беретін бес факторлы моделін пайдалану біршама тиімді. Z = 3,3К1 +1,0К2 + 0,6К3 +1,4К4 + 1,2К5 мұндағы: Z – борыштық тұрақсыздықтан алшақтық дәрежесі; К1 – аквтивтердің рентабельділік коэффициенті, яғни салықтар мен пайыздарды төлегенге дейінге пайданың активтердің жалпы сомасына қатынасы; К2 – барлық активтерді қайтарымдылығы, яғни сатудан түскен түсімнің активтердің жалпы сомасына қатынасы; К3 - меншікті капиталдың нарықтық құны бойынша өтеу коэффициенті, акционерлік капиталдың нарықтық құндарының (барлық айналыстағы акциялар құндарының) қысқа мерзімді міндеттемелерге (қарыздың баланстық құнынына) қатынасы. Қазіргі уақытты Қазақстанда көптеген компаниялардың акцияларының нарықтық құндарына қатысты нақты және шынайы ақпараттар жоқ десе болады, сондықтан да оның орнына активтердің жалпы сомасының жалпы заемдық қаражаттар құнына қатынасын есептеу керек. К4 - активтердің рентабельділік коэффициенті, яғни бөлінбеген пайданың активтердің жалпы сомасына қатынасы; К5- активтердегі айналым қаражаттарының үлесі, яғни ағымдағы активтердің ұзақ мерзімді және айналым активтеріне қатынасы. Z талдауы нәтижесінде компанияның борыштық тұрақсыздыққа ұшырау ықтималдығы мынадай мәндермен анықталады: Егер Z-тің мәні 1,81-ден төмен болса, онда компанияның борыштық тұрақсыздықа ұшырау ықтималдығы 1 жылдан соң 95%, 2 жылдан соң 72%, 3 жылдан соң 48%-ды құрайды; егер Z-тің мәні 1,81 – 2,99-ға тең болса, онда компания жоғары тұрақтылыққа ие; егер Z-тің мәні 2,99-дан жоғары болса, онда компания өте жоғары тұрақтылыққа ие. Мұндай талдаудың нәтижелеріне сену үшін қарыз алушының өндірістік және қойма орындарына барып көз жеткізу қажет. Әлемдік банктік тәжірибеде несиелік тәуекелді бағалауда мынадай көрсеткіштер қолданылады: 1. Активтер сапасындағы коэффициенттер: а) К1 = Несие бойынша зияндар/Несие бойынша қарыздың орташа сомасы б) К2 = Несие бойынша зияндар/Несиелердің жалпы сомасы Екі коэффициентте (К1 және К2) банктердегі активтердің сапасын бағалау үшін пайдаланылады. К1- дің критериалды деңгейі Солтүстік Американың банктері үшін 0,5 – 1,0%, ал К2-кі 0,7 – 1,5%. Оңтүстік Американың банктерінде (үмітсіз қарыздар бар болса) К1 коэффициентінің деңгейі 1,5 – 2,0%. Солтүстік Америкада 1980 жылдардың басы мен ортасында жылжымайтын мүлікті несиелеу саласындағы дағдарысқа байланысты ипотекалық несиелер бойынша көптеп шығындануы кезеңінде К1-дің мәні 1%-ке жуық болған. Ал қазіргі кезде американдық банктерде К1 шамамен 0,45 – 0,6%-ті құрайды.
1. Тәуекелге, шағылған маржа (RAM) =
Таза пайыздық табыс – Несие бойынша зиян = ¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾ Активтер
Тәуекелге шағылған маржа (RAM – rіsk adjusted margіn), - бұл несиелік тәуекелге шағылған жалпы пайыздық маржа (GІM- gross іnterest margіn). Халықаралық деңгейде танылған нормалар қатарында RAM көрсеткіші болмағанмен де шетелдік банктер оны несиелік тәуекел деңгейін бағалауда кеңірек қолданады. Бұл жерде статистикалық мәліметтер, оның оңтайлы мәнінің 3–3,5%-ды құрайтынын куәландырады.
Таза пайыздық табыс (NІІ) Таза пайыздық маржа = ¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾ (NІM) Активтер
Таза пайыздық табыс + Басқа да табыстар Жалпы пайыздық = ¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾ маржа (GІM) Активтер
2. Проблемалық несиелер/ Несиелердің жалпы сомасы 3. Бір қарыз алушыға келетін несие/ Банктің меншікті капиталы Халықаралық банктік тәжірибеде банктердің бір қарыз алушыға келетін несиенің сомасы банктің меншікті капиталының 25%-нан аспауы тиіс. Бұл әрине несиенің үлкен мөлшерін білдіреді. 4. Банкпен тығыз байланысты қарыз алушыларға берілетін несиелер/Банктің меншікті капиталы. Банкпен тығыз байланысты қарыз алушыларға банктің құрылтайшыларын, директорларын, акционерлерін және банкпен тікелей байланыста болып, несие алу барысындағы жеңілдіктерді пайдаланатын басқадай қарыз алушылар жатады. Бақылау сұрақтары: 1. Корпоравтиік клиенттерді несиелеу дегеніміз не? 2. Қарыз алушы несиелік қабілетін бағалау көрсеткіштері не жатады? 3. Шетел тәжірибесінде қандай әдістер көмегімен несиелік қабілетке баға беріледі? 4. Жобалық несиелеу дегеніміз не? 5. Инвестициялық жобының тиімділігін бағалау әдістеріне не жатады?
|