Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы




 

Банкнота өлшемі 134х70 қағазда дайындалған.

 

Бет жағы: басым түсі сарғыш-қоңыр, басым бейнесі – тігінен. Орталық бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументі бейнеленген. Банкнотаның ортасында ашық және қою қоңыр жолақтарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменттері ақ түспен бейнеленген, осы жерге номиналдың сандық белгісінің контуры ақ сызықтармен жүргізілген. «Бәйтерек» монументінің сол жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы қоңыр түспен бейнеленген. Жоғарғы оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген.

Банкнотаның төменгі жағында ашық алақан бейнеленген. Төменгі сол жағында номиналдың мемлекеттік тілдегі әріппен белгісі орналасқан. «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы төменде сол жағында тігінен орналасқан, оның астында жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін «Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады» деген мемлекеттік тілдегі жазу орналасқан.

Сырт жағы: басым түсі сарғыш-қоңыр, басым бейне – көлбеу. Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жоспарда Президент мәдени орталығының үйі, артқы жоспарда таулар. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал орта жақ төменде - орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары жағында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін «Подделка банкнот преследуется по закону» деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 78; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты