Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Лттық валютаның долларға қатысты бағамы




 

Валюталық мәмілелерді іске асыруға байланысты бағамдарды спот және форвард деп бөледі.

Спот бағам мәміле жасалғаннан кейінгі екінші жұмыс күнінде валютаны айырбастау шартына сәйкес мәміле жасау уақытында бекітілген валюта бағамы.

Форвардтық бағам – белгілі бір уақыттан кейін белгілі болатын валютаның болашақ құны. Форвардтық бағам кейде споттық бағамнан жоғары немесе төмен болуы мүмкін.

Форвардтық бағам валюталық форвардтық контрактімен валюталық мәміле жасауда қолданылады (37-сурет).

 

Форвардтық Валютамен

контракт жасау жабдықтау

       
   

 


Теңгемен

жабдықтау

 

а) Мәміле жасау мерзімі ә) Валюталау күні

 

37-сурет. Валюталық форвардтық контрактімен операция жасау сызбасы

 

Валюталық тәуекел уақыт бойынша валюталық бағамдарының өзгерісіне тікелей тәуелді. Сондықтан мерзімді мәмілелер жасауда валюталы тәуекелдің алдын алу үшін мерзімді контрактілер, соның ішінде фьючер және опцион контрактілері (олар туралы валюталық операцияарға арналған тақырыптан оқи аласыздар) қолданылады.

Конверсиондық тәуекел - бұл нақты бір валюталық операциялар бойынша туындайтын валюталық шығын. Конверсиондық тәуекелдерге ашық валюталық позиция лимиті тәуекелі және аударым тәуекелі жатады.

Ашық валюталық позиция лимиті тәуекелі шетел валютасында бейнеленген банктің талаптары мен міндеттемелерінің көлемдері бойынша сәйкес келмеуі барысында туындайды.

Аударым тәуекелі – валюта бағамының құлдырауына шетел және валютасында бейнеленген банк активтер мен капитал құнын қайта бағалау қажеттігіне байланысты туындайтын активтер мен пассивтер құнының өзгеру қауіпі.

Трансляциондық немесе бухгалтерлік тәуекел банк балансының активтері мен пассивтерін қайта бағалау барасында туындайтын тәуекел. Бұл тәуекел қайта санау валютасына және оның тұрақтылығына тікелей тәуекелді. Қайта санау екі әдіспен жүзеге асады: ағымдық және тарихи. Ағымдық әдісті қайта бағалау ағымдағы бағаммен немесе қайта бағалау күніндегі бағаммен жүргізіледі. Ал тарихи әдіс бойынша қайта бағалау нақты операциясының жасалған күніндегі бағам бойынша жүзеге асады. Кейбір банктер барлық ағымдық операцияларды ағамдағы бағамен қайта бағалайды.

Форфейтинг тәуекелі банктің форфейтинг операциясы бойынша экспортердің валюта бойынша тәуекелдерінің факторинг қызметін көрсетуші банкке ауысуынан туындайтын тәуекел.

Валюталық тәуекелді төмендетудің мынадай негізі әдістері болады:

- валюталық тәуекелдерді сақтандыру;

- хеджирлеу;

- диверсификациялау.

Валюталық тәуекелдерді сақтандыру валюталық тәуекелдерді басқарудың негізгі әдістерінің біріне жатады.

Халықаралық банктік тәжірибеде валюталық тәуекелдерді сақтандырудың төмендегідей үш тәсілі қолданылады:

1) контрагенттерінің бірінің біржақты ісәрекеті;

2) банктік және үкіметтік кепіл-хаттар;

3) мәмілеге қатысушылардың өзара келісімдері.

Валюталық тәуекел сақтандыруда қорғаныс келісімдері, яғни валюталық бағамдардағы өзгерістерге сәйкес валюталық мәміле келісімшарты немесе контрактінің орындалуы барысын қайта қарау мүмкіндіктері өзара келісіледі. Нақтырақ айтсақ, валютаның бағамындағы өзгерістерден экспортерді немесе несие берушіні сақтандыру үшін бағамдағы өзгеріске байланысты төлем сомасын қайта қарау туралы келісімі несиелік немесе коммерциялық контрактінің шартында көзделеді.

Хеджирлеу валюталық тәуекелді сақтандырудың құрамдас бөлігі ретінде белгілі бір операцияларды жүргізу және мерзімді контрактілерді жасауды білдіреді.

Хеджирлеу тәсілдеріне құрылымдық (активтер мен пассивтерді, алашақ және берешек қарыздарды) теңестіру, төлем мерзімін өзгерту, қаржылық құралдар жатады.

Құрылымдық теңестіру валюталық бағамның өзгерісен туындайтын зияндардың алдын алу мақсатында активтер мен пассивтер құрылымын теңестіріп отыруды қолдауды білдіреді. Бұл негізінен ашық валюта позиция лимитін ұстап отырумен тікелей байланысты.

Ашық валюталық позиция лимиті тәуекелін басқару шетел валютасында бейнеленген банктің талаптары мен міндеттемелерінің арасындағы айырманы реттеуді білдереді.

Ашық валюталық позицияның ұзын және қысқа түрі болады және олардың есептелуін төмендегідей 37-кестеде шартты мысалмен беруге болады.

37-кесте.

Банктің ашық валюталық позициясы

 

Шетел валютасы Банк активтері мен талаптары, шетел валютасымен Банк пассивтері мен міндеттемелері, шетел валютасымен Ашық валюталық позция шамасы, Ашық валталық позция түрі
АҚШ доллары Ұзын позиция
Евро -300000 Қысқа позиция
Фунт стерлинг -25000 Қысқа позиция
Иен Ұзын позиция

 

Ашық валюталық позиция лимиті бұл ұзын немесе қысқа позициялардың банктің капиталына қатысты белгіленеді. Егер қандай да бір шетел валютасы бойынша ҚР Ұлттық банкі бекіткен лимиттен (ол туралы 2-тарауда пруденциалдық реттеу тақырыбында берілген) асқан жағдайда сол валютаны сатады немесе сатып алады. Осындай шаралар арқылы банк өзінің валюталық позция бойынша лимитін реттеп отырады.

Валюталық тәуекелді диверсификациялау бұл валюталық несиелер бойынша несиелік портфелді диверсификациялауды сипаттайды. Валюталық несиелік портфелді диверсификациялау мынадай тәсілдер арқылы іске асады:

- валюталық несиелер сомаларына шек қою;

- қарыз алушыларды диверсификациялау;

- несиені қамтамасыз етуге қабылданатын кепіл заттарын диверсификациялау;

- валюталық несиелер мерзімдері бойынша диверсификациялау.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 125; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты