Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


RSA / RSL > 1




 

 
 


Пайыздық мөлшерлеме

 

36-сурет. GAP-тік көрсеткіштер

 

2)GAP/Активтер

 

GAP/Активтер < 10%-қалыпты ұстаным;

GAP/Активтер > 10-12% - қысқа мерзімді ұстаным немес тактикалық ұстаным.

GAP/Активтер > 12-15% - ұзақ мерзімді ұстаным немес стратегиялық ұстаным.

GAP/Активтер > 15% - алыпсатарлық ұстаным.

 

Қаншалықты, GAP талдауы пайыздық маржаға ықпал ететін пайыз мөлшерлемесін сандық жағынан өлшеуге мүмкіндік беретіндіктен, банктің пайыздық табысына ықпал ететін мынадай факторларды бөліп қарауға болады:

- пайыз мөлшерлемесінің өзгеруі;

- тартылған және орналастырылған қаражаттардың арасындағы пайыздық мөлшерлемелерінің немесе спрэдтің өзгеруі;

- банк балансының активі мен пассиві бойынша операциялар көлемі;

- банк балансының активі мен пассивінің құрылымы.

GAP-тік талдаудың басты артықшылығы оның көмегімен банктегі пайыздық тәуекелді жылдам және оңай бағалауға болады.

Ал оның кемшілігіне мыналар жатады:

- тек қана нарықтағы пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне сезімтал банк активтер мен пассивтері тұрғысынан пайыз мөлшерлемесінің пайыздық маржаға және банк пайдасына ықпал етуін бағалауға мүмкіндік беруі;

- оның көмегімен банк капиталының шығынын бағалау мүмкін еместігі.

Банк капиталының пайыздық тәуекелге тәуелділігін тек қана дюрация тәсілмен бағалауға болады. Дюрация ақшалай қаражаттардың қозғалысын, соның ішінде негізгі қарыз және пайыздық төлемдердің қайтару мерзімдерін ескере отырып, банк активтері мен пассивтерінің нарықтық құндарының өзгерісіне болжам жасауға мүмкіндік береді.

Имитациялық моделдеу көмегімен пайыз мөлшерлемелерінің болашақтағы өзгерісіне болжам жасау арқылы, олардың ақша қаражаттар ағымына, сондай-ақ банктің табысы мен экономикалық құнына ықпал ету дәрежесін бағалауға болады.

Өкінішке орай, пайыздық тәуекелді бағалаудың екі тәсілі де отандық банктік тәжірибемізде қолданылмай отырғаны, бірақ алдағы уақыттарда қолданылуы маңызды тәсілдердің біріне жатады.

Пайыздық тәуекелді бағалауда аквтитер мен пассивтер мерзімдеріндегі алшақтыққа шек қою қолданылады. Шек қою активтер мен пассивтердің жекелеген топтары бойынша жүзеге асады. Мысалы пайыз мөлшерлемесі төмендеуі күтілген жағдайда, банк қысқа мерзімдік пассивтер есебінен активтік портфелін қалыптастырады, себебі пассивтердің бағасының төмендеуінен банк пайда көреді. Ал пайыз мөлшерлемесінің өсуі күтілген жағдайда, банк ұзақ мерзімдік пассивтер есебінен активтік портфелін қалыптастырады.

Активтер мен пассивтердің арасындағы мерзіміне байланысты алшақтықты жеңілдету бағытында мынадай трансформациялау коэффициенті (Кт) қолданылады:

 

Активтердің орташа өлшемдік (сомалары бойынша) мерзімдері

Кт = ________________________________________________________

 

Пассивтердің орташа өлшемдік (сомалары бойынша) мерзімдері

 

Бұл көрсеткіштің ең жоғарғы мәні 1,75, ал ықшамды мәні – 1,25 болуға тиіс. Активтердің мерзімі пассивтердің мерзімінен барлық операциялар бойынша 1,5 аспауы тиіс. Егер бұл нормативттік мән орындалмаса, онда банк өз қызметінде тек қана пайыздық тәуекелге ұшырап қоймай, сондай-ақ өтімділік тәуекеліне ұшарауы мүмкін. Яғни өтімділіктің бұзылуы, өз кезегінде банкті қымбат ресурстарды тартуына мәжбүр етеді және ол ең ақырында банктің шығынға батуына себеп болады.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 148; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты