Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Операциондық тәуекелдерді басқару




Экономикалық әдебиеттерді операциондық тәуекел туралы бірыңғай көзқарас қалыптаспаған. Сондықтан да аталған тәуекелдің мәнін анықтау және оны басқару әдістері әлі де болса шешілмеген мәселеген айналуда.

Операциондық тәуекелдің анықтамаларында мынадай ұғымдар беріледі:

- ақпараттық жүйелердегі және ішкі бақылау жүйесіндегі ауытқулардың пайда болуының салдарынан қаржылық залалдардың орын алумен байланысты тәуекел;

- ішкі үдерістерге қатысты орын алған кемшікліктердің салдарынан туындайтын зияндар;

- банктің қызметтері мен өнімдерін сатумен байланысты туындайтын капиталдар мен табыстар тәуекелі.

Шетелдік экономикалық әдебиеттерде кездесетін көзқарастарға тоқталайық.

Біріншісі, операциондық тәуекелге банктің несиелік және нарықтық тәуекелдерінен өзгелерін жатқызады. Біздің ойымызша мұндай көзқарас бойынша операциондық тәуекелдің анықтамасын қарастыру өте ауқымды, яғни ол банктің қызметі байланысты бизнес-тәуекелді қамти алмайтындығын ескерсек, онда аталаған көзқарасқа сүйене отырып, банктің операциондық тәуекелін бағалау мүмкін еместігін білеміз. Нақтырай айтсақ, тәуекел-менеджерінің құзыретіне мұндай тәуекелді бағалау жатпайды.

Екіншісі, көзқарас операциондық тәуекелдің пайда болуын қаржылық операциялардың жүзеге асырылуымен байланыстырады. Оның пайда болу көзі ретінде мәліметтерді өңдеу барысында жіберілген қателіктер, ақпараттық жүйенің бұзылуын, құрал-жабдықтардың технологиялық олқылықтарын қарастырады.

Бұл анықтамада да басты назар операциялардың атқарылу кезеңдеріне, олардың өңделуін аударылғанымен де, ұйымның ішіндегі тәртіпсіздіктер, қаржылық құралдарды бағалау үлгілерінің дұрыс пайдаланылмауы сияқты әрекеттер есепке алынбайды.

Үшінші көзқарас, операциондық тәуекелдерге банк тарапынан бақылаудың болуын назар аударады. Операциондық тәуекел ретінде бизнес-тәуекелден өзге яғни банктегі ішкі бақылау жүйесінің тиімсіз қызмет етуіне байланысты туындайтын тәуекелдер қарастырылады. Мұндай ұғымда, біздің ойымызша, сыртқы факторлар, табиғи құбылыстар, қауіпсіздік жүйесін бұзып кіру сияқты факторлар ескерілмеген.

Төртінші көзқарас бойынша операциондық тәуекел деп банктегі бизнес-үдерістердің жалған құрылуы, ішкі бақылау жүйесінің қызметінің тиімсіздігі, технологиялық бузылулар, қызметкерлердің санкционирленбеген әрекеттері немесе сыртқы ықпалдардың болуы нәтижесінде тікелей немесе жанама зияндарды туғызатын тәуекелді түсінеді.

Берілген анықтаманың, біздің көқарасымызша жоғарыда келтірілген анықтамалардан айырмашылығы, біршама толық және банк қызметін ықпал ететін операциондық тәуекелдің пайда болу көздері мен салдарын тура сипаттайды. Бірақ 2001 жылғы Базель комитетінің жаңа ережесінде аталған анықтамаға ұқсас берілген анықтама бар.

Капиталға байланысты Базель келісімінің (Базель-2) соңғы жаңа редакциясына сәйкес, «операциондық тәуекел банктің ішкі үдерістерін жүзеге асуы барысында қызметкерлерінің тарапынан болған кемшіліктер, ақпараттық жүйенің және технологияның қызмет етуінен кеткен қателіктер, сондай-ақ сыртқы жағдайлардың салдарынан орын алған келеңсіздіктер нәтижесінде банктің зиян шегу тәуекелі ретінде анықталған.

Операциондық тәуекелдің пайда болу себептерінің бәрі адамның қызметімен байланысты. Мысалға, тікелей және жанама зияндар банк қызметкелерінің ішкі тәртіпті және процедураларды сақтамауынан, басқару шешімдеріндегі кеткен қателіктерден, ұрлықтан, лауазымын асыра пайдаланғандықтан, кадрлардың біліктілігінің төмендігінен болады. Сызбада көрсетілген бес көздің төрт көзінің банк қызметкерлерінің қызметінмен байланысты екендігі кездейсоқтық емес. Айталық, басқару сапасы, жүйе тәуекелі, адам факторы, үдерістер, яғни бұлардың бәрін адамның қызметінің қатысу бар. Тек қана форс-мажорлық жағдайға ғана адам араласа алмайды. Көптеген шетелдік банктерде пайдаланылатын операциондық тәуекелдің пайда болу сипатына қарай жіктелімін сызбамен беруге болады (28-сурет).

Ішкі тәуекелдер:

- қызметкерлер тәуекел – банктің қызметкерлерінің есепсіз іс-әрекеттерінен, оның ішінде біліксіздігіне байланысты туындайтын барлық тәуекелдер;

- үдерістер тәуекелі – банк қызметіндегі бақылаудың әлсіздігінен, ішкі регламенттің жоқтығынан, құжаттарды рәсімдеуде кететін қателіктерден туындайтын тәуекел;

 

 
 

 


28-сурет. Операциондық тәуекелдердің пайда болу көздері

- технологиялық тәуекел – банктің қызметіне қажетті ақпараттық жүйелердің, бағдарламалардың немесе мәліметтер базасының бұзылуынан туындайтын тәуекел.

Сыртқы тәуекелдер – банк қызметін байланыссыз, яғни сыртқы ұйымдардың, жеке тұлғалардың зұлымдық әрекеттерінен, сондай-ақ заңдардағы салық саясатындағы өзгерістерден туындайтын тәуекелдер.

Банктердің операциондық тәуекелдерді басқаруға аса мән беруі қажет. Банк қызметінде операциондық тәуекелдерді басқарумен айналысатын операциондық тәуекелді басқару жөніндегі тәуелсіз бөлім қызмет етуге тиіс. Операциондық тәуекел бөлімі мыналарға жауап береді:

- банк ауқымындағы жеклеген операциялардың кодталуына және операциондық тәуекелді бақылауға;

- аталған банктің операциондық тәуекелін бағалау әдістемесін жасауға және оны іске асыруға;

- операциондық тәуекел бойынша есеп беру жүйесін жасауға және іске асыруға;

- операциондық тәуекелді айқындау, бағалау және бақылау стратегиясын жасауға.

Операциондық тәуекел мынадай объектілерде пайда болады:

- ішкі үдерістерде немесе банк қызметінің түрлерінде;

- банктің жекелеген активтерінде, мысалы мүлкінде.

Операциондық тәуекелдің пайда болуына қарай мынадай көздерге бөлуге болады:

- Ішкі ұрлықтар, яғни тонау, құжатты қолдан жасау, құжаттарды немесе ақпарттарды ұрлау, ақпараттық жүйелерге бұзып кіру және өзге де үшінші бір тұлғаның ықпалымен болатын зияндар.

- Ішкі тәтріпсіздіктер – банк қызметкелерінің қасақан жасаған іс-әрекетіне туындайтын зияндар, оның ішінде лауазымды қызметін асыра пайдалану, жасалған мәмілелердің құпиялығын сақтамау, ақпараттардың сыртқа шығару, материалдық құндылықтарды шығындау, банктің мүлкін заңсыз иемдену, банк мүлкіне қасақана шығын келтіру.

- Еңбек қатынастары – банк қызметкерлерімен еңбек қатынастарына байланысты туындайтын даулар, еңбек заңының баптарының бұзылуы, оның ішінде техника қауіпсіздігі талаптарының және еңбекті қорғау ережелерінің бұзылуы, кадрлардың банктен кетуі.

- Клиенттер және іскерлік тәжірибе - өзге заңдылықтардың бұзылуы, оның ішінде банктің негізгі қызметіне байланысты клиенттер алдындағы келісімшарттардың орындалмауы, құпия ақпараттардың пайдаланылуы, қызметтерді мәжбүрлеп алғызу, бағаға келісім орнату.

- Ақпараттық және техникалық жүйлердегі бұзылулар бұл жүйелердің және құрал жабдықтардың істен шығуы салдарынан уақтылы транзакциялардың жүргізілмеуі, қадағалаушы ұйымдарға есептік құжаттардың уақтылы берілмеуі және т.б.

- Үдерістерді басқару тиімсіздігі – ішкі үдерістерді ұйымдастырудың тиімсіздігі, бекітілген лимиттердің бұзылуы, ақпарттардың қорғалу жүйелерінің және оларға қолжетімділік тәртібінің болмауы, банктің ішінде ақпарат ағымын дұрыс ұйымдастырмау, операциялар және мәмілелер бойынша мәліметтерді өңдеуде және енгізу барасында жіберілетін қателіктер.

- Материалдық активтердің шығыны бұл банктің қызметіне байланыссыз техногендік, табиғи апаттардың салдарынан негізгі қорлардың және өзге материалдық активтердің бүлінуі.

Операциондық тәуекел туындаған жағдайларда банк қызметінде мынадай салдарлар орын алуы мүмкін:

- жұмыс уақыты жоғалады;

- клиенттер банктен кетеді, клиенттер тарапынан сотқа шағымданулар болады;

- банктің кінәсінен болған банк қызметкерлерінің және клиенттердің зардаптарын ақшалай төлеу;

- ҚР заңдарына сәйкес, соттардың қаулылары негізінде ақшалай төлемдер (пения және айыппұл) төлеу;

- банк активтерінің құнын жоғалту;

- әр түрлі апаттардың салдарына туындаған шығындарды қалпына келтірулер.

Операциондық тәуекелдер есеп айырысуларға қатынасатын банктің құрылымдық бөлімшелері арасында есеп айырысу технологияларының бұзылу мүмкіндігінен туындауы мүмкін.

Банктің есеп айырысу қызметін көрсетуде мынадай құрылымдық бөлімшелері қатынасады: операциондық басқарма; ішкі банкаралық есеп айрысулар мен корреспонденттік қатынас жасау бөлімі; бухгалтерия; ақпараттарды электрондық өңдеу басқармасы.

Банкаралық есеп айырысу технологиялары клиенттерге қызмет көрсетуге арналған немесе өзінің банкаралық операциялары, соның ішінде банкаралық несиелер беру, валюталар, бағалы қағаздар және т.б. сатып алу және сатумен байланысты технологияларын сипаттайды.

Операциондық тәуекелдерді басқару жүйесі тәуекелді анықтау, бағалау, мониторинг, бақылау, сондай-ақ операциондық тәуекелдердің салдарын азайтуға байланысты шараларды жасау және қолдану тәсілдері жатады.

Операциондық тәуекелді анықтау мақсатында банк қызметіне талдау жасалып, операциондық тәуекелдің пайда болуына ықпал етуші факторлар айқындалады. Талдау бірнеше сатыда жүреді:

- банк қызметінің тиімділігіне ықпал етуі мүмкін банктегі жалпы өзгерістерді (жаңа технологияларды енгізу, операциялар көлемінің ұлғаюы, қызметкерлер санынынң өсуін) талдау;

- банк қызметінің бағыттарының операциондық тәуекелге қатысын талдау;

- жекелеген банктің операциялары мен мәмілелеріне талдау жүргізу;

- банктің ішкі процедураларын, оның ішінде есеп беру жүйесі мен ақпарат алмасу жүйесін талдау.

Операциондық тәуекелді анықтау үшін банкте операциондық тәуекелдің көзі ретінде қызмет ететін талдаушылық базасы жасалуға тиіс.

Операциондық тәуекел көзі ретінде мәліметтер базасын толтыруға арналған «Операциондық тәуекелдермен байланысты оқиғаларды тіркеу журнал» болуға тиіс.

Операциондық тәуекелдермен байланысты оқиғаларды тіркеу журналының нысаны төмендегідей кесте түрінде берілген

 

Банк бөлімшесі

Пайда болу күні Бөлімше (филиал) Бұзушылықтар орын алған оқиғалар Түсіндірмелер* Мүмкін болатын салдарлар**
         
         
         

* Түсіндірмелер бағанында оқиғалардың пайда болу себептері.

** Мүмкін болатын салдарлар бағанында банктің шегетін зиян сомасы немесе өзге салдарлар көрсетіледі.

 

Бұл журналды барлық бөлімшелер жүргузге тиіс. Журналда сол бөлімшеде операциондық тәуекелдің пайда болуына байланысты анықталған оқиғалар толтырылып, апта сайын банк бөлімшесі ондағы ақпараттарды Тәуекелдерді басқару басқармасына жіберуге тиіс.

Операциондық тәуекелдердің көрсеткіштері ретінде мынадай көрсеткіштер пайдаланылады:

- жасалмаған және аяқталмаған банктік операциялар саны;

- клиенттердің наразылықтарының саны;

- жіберілген қателіктер мен бұзушылықтарының жиілігі;

- лимиттерді және шектеулерді бұзулардың жиілігі;

- ақпарттарық бұзылушылықтар саны;

- ақпараттық-технологиялық жүйелердің жұмыс жасамай тұрып қалған уақттарының ұзақтығы;

- кадрлардың кетуі;

өзге көрсеткіштер.

Операциондық тәуекелдің салдарын азайту бұл операциондық зияндарға әкелетін оқиғалар немесе жағдайларды азайтуға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыруды білдіреді.

Операциондық тәуекелдің салдарын азайтудың негізгі әдістеріне мыналар жатады: ұйымдастырушылық құрылымын ұйымдастыру, операциондық тәуекел факторларының пайда болу мүмкіндіктерін жоққа шығаруға арналған банктік операциялар мен өзге мәмілелерді жүзеге асырудың ішкі ережелері мен процедураларын жасау.

Операциондық тәуекелдерді төменду шараларына мынадай мысалдар келтіруге болады:

- тәуекелді үйлестіретін үдерістер мен қызметкерлерді бөлу;

- құжат айналымын, ақпарат ағымын қамтитын бизнес үдерістерін ықшамдау, қызметтерін, құзіреті мен жауапкершіліктерін бөлу;

- қызметкерлердің өзара бірін бірі ауыстыру тәртібін енгізу;

- еңбекті моралды және материалдық ынталандырудың қарапайым нысандары;

- банк тарапынан жасалатын келісімшарттарда міндетті түрде заңгерлердің қол таңбаларының болуы;

- лицензияланған бағдарламалық қамсыздандыруды пайдалану;

- ақпараттық жүйелерді пайдалануың техникалық шарттарын сақтау;

- ақпарттық-бағдарламалық өнімдерге арналған техникалық тапсырмалардың әдістемелерін жасау;

- бағдарламалық қамсыздандыруларды жасаушы-фирмалармен өзара оларды пайдалану барысында кеткен қателіктер мен олқылықтарды тез арада қалпына келтіру туралы келісімшарт жасасу;

- банк активтеріне жиі тугендеу жұмыстарын жүргізу.

Операциондық тәуекелдің салдарын әлсірету сақтандыру көмегімен жүзеге асырады. Бұл жерде банктер мыналарды сақтандыруға тиіс:

- негізгі құралдарын (ғимараттарын, құрал жабдықтарын және өзге мүліктерін) әр түрлі табиғи апаттардан және басқа кездейсоқ оқиғалардан сақтандыру;

- банк қызметкерлерін бақытсыздық жағдайлардан және денсаулыққа тиетін зияндардан және т.б. сақтандыру.

Банктер Базель келісіміне сәйкес, капиталға қатысты қоятын ең төменгі есебінің мақсатында операциондық тәуекелдің салдарларын әлсіретуге сақтандыру әдістерін қолдануға тиіс. Тәуекелдің салдарларын әлсіретуін сақтандыру көлемі капиталдық операциондық тәуекеліне аударылатын мөлшерінің 20% құрауы қажет.

Банктің тәуекелді әлсіретудің мұндай артықшылықтарын пайдалану қабілеті мынадай критерийлерге байланысты:

- Сақтандырушының ең төменгі рейтингі «А» деңгейінде болуы тиіс;

- Сақтандыру полисінің бастапқы мерзімі бір жылдан артық болмауы қажет;

- Сақтандыру полисінде сақтандыру келісімшарттын аяқталуы және оның мерзімінің ұзартылмауы туралы көрсетілуге тиіс;

- Сақтандыру шығындары банктің операциондық тәуекелінің нақты мөлшеріне жатқызылуға тиіс;

- Сақтандыру бөгде ұйыммен жасалуға тиіс.

- Сақтандыру шаралары құжатталуға тиіс;

- Банк сақтандырудың арқасында операциондық тәуекелге аударылатын капитал көлемінің азайтылғаны туралы ашық көрсетуі қажет.

Бақылау сұрақтары:

1.Банктік тәуекелдер дегеніміз не?

2. Ішкі тәуекелдерге нелер жатады?

3. Сыртқы тәуекелдерге не жатады?

4. Несиелік тәуекелді басқару жүйесі қандай элементтерді қамтиды?

5. Өтімдік тәуекелін қалай басқаруға болады?

6.Пайыз тәуекелін қалай бағалайды?

7. Валюталық тәуекелді басқару әдістеріне не жатады?

8. Операциялндық тәуекелдері дегенім не?

9. Операцияондық тәуекелдердің пайда болу көздеріне нелер жатады?

 

 

 

1-қосымша

1993 жылы 15 қарашада айналымға шығарылған банкоталар сипаты

50 теңге.Көлемі 144х69 мм. Банкноттың бет жағы мен сырт жағындағы басым түстер -ашық қоңыр. Банкноттың оң жағына Әбілқайыр ханның портреті орналастырылып, тігінен қоңыр бояумен оның аты және өмір сүрген жылдары жазылған. Сол жағындағы төменгі бұрышына және оң жағына жоғарыға банкноттың номиналы "50" саны көрсетілген. Банкноттың сол жағына Әбілқайыр ханның портреті су тамғы белгімен салынған. Банкноттың сырт жағы қоңыр. Орта тұсына Қазақстанның ежелгі өнерін бейнелейтін жартастағы суреттер бейнеленген.
20 теңге.Көлемі 144х69 мм Банкноттың бет жағындағы басым түс - қара қоңыр. Банкноттың оң жағына Абайдың портреті орналастырылып, тігінен қоңыр бояумен оның аты және өмір сүрген жылдары жазылған. Сол жағындағы төменгі бұрышына және оң жағына жоғарыға банкноттың номиналы "20" саны көрсетілген, ал оның астына оюмен өрнектелген. Сырт жағындағы негізгі түсі - қоңыр. Орта тұсына Абай Құнанбаевтың шығармалары бойынша бүркіт ұстаған бүркітші бейнеленген.
  10 теңге Көлемі 144х69 мм. Бет жағындағы басым түс шымқай жасыл. Оң жағына қазақтың ағартушысы Шоқан Уәлихановтың портреті орналастырылып, тігінен оның аты және және өмір сүрген жылдары жазылған. Портреттің сол жағында төменде қазақтың ою-өрнегі бар. Банкноттың сол жағына су тамғы белгімен Шоқан Уәлихановтың бейнесі салынған. Банкноттың сырт жағында жасыл түс басым. Банкноттың орта тұсына "Оқжетпес" тауының көрінісі бейнеленген
5 теңге Көлемі 144х69 мм. Банкноттың бет жағы қоңыр түсті. Оң жағына халық композиторы Құрманғазының портреті орналастырылған. Тігінен қоңыр бояумен композитордың аты және өмір сүрген жылдары жазылған. Портреттің сол жағында төменде қазақтың ұлттық өрнегі. Номиналдың астына сол жақ бұрышына ою-өрнекті сурет орналастырылған. Банкноттың сырт жағы сарғыш-қызыл түсті. Орта тұсына кесененің кешені бейнеленген.
3 теңге Көлемі 144х69 мм. Банкноттың бет жағы жасыл-сұр түсті. Оң жағына халық ақыны Сүйінбайдың портреті орналастырылған. Тігінен шымқай жасыл бояумен ақынның аты және өмір сүрген жылдары жазылған. Портреттің сол жағында төменде қазақтың ұлттық өрнегі. Номиналдың астына сол жақ бұрышына ою-өрнекті сурет орналастырылған. Банкноттың сырт жағы жасыл түсті. Орта тұсында Алатаудың көрінісі.
  1 теңге.Көлемі 124х62 мм. Құны 1 тенгелік банкноттың бет жағы көк түсті. Банкноттың оң жағына Шығыстың ұлы ойшылы Әл-Фарабидің портреті орналастырылған, тігінен көк бояумен оның аты және өмір сүрген жылдары жазылған. Портреттің сол жағына жоғарыға қазақтың ұлттық өрнегі салынған. Номиналдың астында сол жақ бұрышында ою-өрнекті сурет бар. Банкноттың сырт жағы қызғылт түсті. Орта тұсына Әл-Фарабидің геометриялық сызбалары мен формулалары бейнеленген.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нұсқауларына сәйкес: 2000 ж. 1 тамыздан бастап Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдары мен екінші деңгейдегі банктер номиналы 1 тенге, 3 тенге және 5 тенге банкноттар беруді тоқтатылды; 2000 г. 1 қарашадан бастап, Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдары мен екінші деңгейдегі банктер номиналы 10 тенге, 20 тенге және 50 тенге банкноттар беру тоқтатылды.

1-қосымшаның жалғасы

 

1993 жылы алғашқы қағазбен басылып шыққан тиындар бейнесі.

 

 

Монета формасындағы тиындар сипаты төменгі кестеде және суреттерде берілген.

1993 жылғы үлгідегі монеталардың параметрлері.

Номиналы (теңге) Диаметрі, (мм) Қалыңдығы (мм) Массасы (гр) Қыры
1 3 5 10 20 17.27 19.56 21.87 25.00 31.00 1.3 1.6 1.7 2.0 2.0 2.26 3.48 4.71 7.43 11.37 тегіс тегіс тегіс тегіс бедерлі
         

 

1-қосымшаның жалғасы

 

Құны 1; 3; 5 теңгелік монетаның бет жағы (аверс) шеңбердің ішінде монета номиналын көмкерген он алты қырлы өрнекті рәміз бейнеленген. Номиналдың сол жақ бөлігінде монетаның соғылған жылы жазылған, ал оң жақ төменгі бөлігінде "ТЕҢГЕ" жазуы бар. Айналасы моншақ сияқты шеңбермен көмкеріліп, кант жүргізілген.

 

 

1-қосымшаның жалғасы

 

 

Монеталардың сырт жағында (реверс):

- 1 теңге -монетаның орта шенінде салт-дәстүріміздегі аң - арқардың мифтік бейнедегі басы кескінделген. Оң жағына "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген сөз айналдыра жазылған.

- 3 теңге - монетаның шенінде қасқырдың (бөрінің) сәндік-мифтік бейнесі кескінделген. Төменгі бөлігінде, бөрінің жоғары жағында қолдың геральдикалық бейнесі. Сол жағына"ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген сөз айналдыра жазылған, оны шығарылған жылы бөліп тұр.

- 5 теңге - орта шенінде барыстың өрнекті-мифтік бейнесі кескінделген. Сол жағына "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген сөз айналдыра жазылған, оны шығарылған жылы бөліп тұр.

 

Құны 10; 20 теңге монеталардың бет жағының жоғары жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және оның оның астында екі жол етіп жазылған "ТЕҢГЕ" жазуы бар. Номиналдың сол жағы мен оң жағында ұлттық ою-өрнек элементтері салынған. Айналдыра "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген жазу бар. Айналдыра кант жүргізілген.

 

 

1-қосымшаның жалғасы

 

Монеталардың сырт жағында (реверс):

- 10 теңге - орта шенінде мифтік құстың бейнесі кескінделген. Жоғарғы бөлігінде геральдикалық арқау бейнесі. Айналдыра"ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген сөз жазылған, оны шығарылған жылы бөліп тұр.

- 20 теңге - монетаның ортасында Әбу Насыр Әл-Фарабидің суреті бейнеленген. Айналдыра"ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген сөз жазылған, оны шығарылған жылы бөліп тұр.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасының 2001 жылғы 6 тамыздағы № 300 қаулысына сәйкес 2001 жылдың 1 қазанынан бастап айналымда жүрген 1993 жылғы үлгідегі ескерткіш және мерейтойлық монетадан басқа 1993 жылғы үлгідегі монета (теңге) айналымнан алынды. Ақша айналымынан алудың мынадай тәртібі белгіленсін:

1) 2001 жылдың 1 қазанынан бастап монеталар тек қана Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) филиалдары, екінші деңгейдегі банктер және Қазақстан Республикасының аумағында банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі - екінші деңгейдегі банктер) қабылдайды және айырбастайды;

2) екінші деңгейдегі банктер 2 (екі) жыл бойы заңды және жеке тұлғалардан 1993 жылғы үлгідегі монетаны (теңгені) қабылдайды және айналымда жүрген ақшаа белгілерінің басқа түрлеріне айырбастайды. Осы мерзім өткеннен кейін екінші деңгейдегі банктердің заңды және жеке тұлғалардан 1993 жылғы үлгідегі монетаны (теңгені) қабылдауға құқығы жоқ;

3) Ұлттық Банктің филиалдары 7 жыл бойы заңды және жеке тұлғалардан 1993 жылғы үлгідегі монетаны (теңгені) қабылдайды және олардың түпнұсқалығы анықталғаннан кейін айналымда жүрген ақша белгілерінің басқа түрлеріне айырбастайды.

7 жыл өткеннен кейін Ұлттық Банктің Басқармасы заңды және жеке тұлғалардан 1993 жылғы үлгідегі монетаны (теңгені) қабылдау және айырбастаудың белгіленген мерзімін ұзартуға құқылы.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 318; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты