КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Банктің табыстары, олардың қалыптасу көздеріБанк пайдасын басқару - тәуекел тұсында және банк балансының өтімділігін қамтамасыз ете отырып, банк пайдасын арттыруды білдіреді. Банк пайдасын басқару жүйесі бір бірімен байланысты мынадай элементтерден тұрады: - пайданы басқаруға қатысушы банк бөлімшесін анықтау, - банктің пайдасын, табыстары мен шығыстарын жоспарлау; - банк қызметінің пайдалылық деңгейін бағалау тәселдерін қолдану; - банк пайдасын ағымдағы реттеу әдістерін анықтау. Банк пайдасын басқаруға біріншіден әртіүрле бөлімшелер: жетекші ұйымдар, департаменттер, басқармалар, бөлімдер қатынасады; екіншіден қазынашылық қатысады, үшіншіден банк бухгалтериясы, төртіншіден банктің ішкі бақылау бөлімдері қатысады. Банк пайдасын басқарудың маңызды элементтерінің біріне банктің пайдасын бағалау жатады. Оның тәсілдеріне мыналар жатады: - банктің табыстарын, шығыстарын, пайдасының көздерін құрылымдық талдау; - банктің шығыстары мен табыстарының өсу қарқынының өзара қатынасын және динамикасын талдау; - қаржы коэффициенттері негізінде банктің қызметінің нәтижелерін бағалау; - банктің табыстылығы мен пайдалылығын факторлық талдау жатады. Коммерциялық банктердің табыс көздеріне мынадай банктік бизнес түрлерін жатқызуға болады: · несие бизнесі; · дисконттық бизнес; · сақтау бизнесі; · банктік кепіл-хат беру қызметі; · бағалы қағаздармен жасалатын бизнес; · салымдар қабылдау және клиенттердің тапсырмасы бойынша операцияларды жүзеге асыру бизнесі; · басқа банктермен корреспонденттік қатынасқа негізделген бизнес; · дәстүрлі емес қызметтерді көрсету бизнесі. Несие бизнесі екі элементтен тұрады: клиенттерге (жеке және заңды тұлғаларға) ссудалар беру және бос ресурстарды басқа коммерциялық банктерге уақытша пайдалануға пайыздық сыйақыда беру. Несиелік бизнестің екінші бөлігі кейде банкаралық несие, кейде басқа банктегі депозит формасында болуы мүмкін. Несиелік бизнестен пайыз формасында табыс түседі. Дисконттық бизнес, төленбеген вексельдерді, чектерді және талаптарды банктің белгілі бір төменгі бағамен – дисконт негізінде сатып алуын сипаттайды. Дисконт бизнестің түріне факторинг операциясы жатады. Факторинг операциясы айналымды және айналымсыз болуы мүмкін. Бірінші жағдайда, банк төлеушінің төлемеген міндеттемесін қаражатты алушыдан (жабдықтаушыдан) талап етуге құқылы. Ал екінші жағдайда, банктің ондай құқығы жоқ, бірақ ол ондай операциядан түсетін жоғары сыйақы үшін тәуекелге барады. Факторингтік операциядан түсетін сыйақының жоғары болуы, өнімді сатудан түсетін жабдықтаушының табысын азайтады. Мұндағы табыс екі элементтен тұрады: 1) сатып алғаннан төлемнің түсуі арасындағы аралықта банктің несиелік ресурсын пайдаланғаны үшін төленетін пайыз және 2) факторинг операциясының түріне байланысты тәуекелге сәйкес шамасы ауытқып отыратын комиссиондық сыйақы. Факторинг операциясындағы комиссия пайызбен белгіленетіндіктен, факторингтік операциядан түсетін табысты банктің пайыздық табысына жатқызады. Сақтау бизнесібанктің трасталық (сенім) және агенттікқызметтеріне негізделеді. Бұл бизнес клиенттің мүлкін (жылжымайтын мүлік, бағалы қағаз, шоттағы қаражатын) басқарғаны үшін немесе осы мүлікке байланысты клиенттің тапсырмаларын орындағаны үшін алатын комиссия формасындағы табыс түрінде банкке табыс әкеледі. Мысалға, траст келісім-шарты негізінде банк клиентке шоттағы қаражатын табыс әкелетін активтерге орналастыратындығына міндеттеме алады. Агенттік қызметте клиентпен нақты қай операцияға қаражат жұмсау қажеттігін келісіп алады. Трасталық операцияларда тәуекел жоғары, себебі мұнда банктің табысы клиенттің табысынан жоғары болуын қалайды. Соған сәйкес, трасталық операциялардан түсетін комиссия мөлшері де агенттік қызмет көрсетуден түсетін табысқа қарағанда біршама жоғары болып келеді. Мұндай ерекшелік, өз кезегінде трасталық қызметтен алынатын комиссиялық сыйақының құрылымын анықтайды. Ол мүлікті басқарғаны үшін төленетін комиссиондық сыйақы мен жұмыстың нәтижесі бойынша төленетін сыйақыдан тұрады. Бағалы қағаздармен бизнес мынадай элементтерді қамтиды: 1) банктің өзінің бағалы қағаздарын шығару; 2) оларды нарықта сату; 3) кәсіпорындарды жекешелендіруге байланысты қызмет көрсетуде басқа эмитенттердің бағалы қағаздарымен қайталама нарықтағы операциялары. Мұндай бинестен түсетін табыстар төмендегідей көзден құралады: 1) өзінің және басқа эмитенттердің бағалы қағаздарын сату барысында бағамдық айырмадан; 2) жекешелендіруге байланысты көрсеткен қызметі (жекшелендірілетін кәсіпорынның есебін талап етілетін стандартқа жеткізіу, оның құнын бағалау, акцияларын шығару және орналастыру, реестр жүргізу) үшін комиссия. Банктің кепіл беру қызметі клиенттерге есеп айрысу үшін және несие алу үшін банктің әр түрлі формалардағы берген кепіл-хаты мен кепілдемесінен түсетін ақшалай сыйақы түріндегі табыс әкелетін банктің қызметін сипаттайды. Егер клиент банкі үшін оның атын шығаратын клиенттердің қатарында болса, банк оған ақысыз кепіл-хатын беруі мүмкін. Салымдар қабылдау және клиенттердің тапсырмасы бойынша операцияларды жүзеге асыру бизнесі банкке мынадай формаларда табыс алуға мүмкіндік береді: · комиссиондық сыйақылар: а) шот ашқаны үшін; б) шотты жүргізгені үшін; · белгілі бір мерзім ішінде белгіленген комиссия (ақша белгісінде); · айналымнан алынатын комиссия (айналымнан % түрінде алу): в) шот бойынша операциялар туралы көшірме бергені үшін; г) шотты жабу үшін; д) қолма-қол ақша беруге немесе есеп айырысуға байланысты операцияларды жүргізгені үшін. · Банктің корреспонденттік қатынас бойынша басқа банктердегі корреспонденттік шоттарындағы кредиттік қалдық үшін алатын пайызы; · Дәстүрлі емес табыс түрлері банктің лизингтік, ақпараттық, кеңес беру, валюта айырбастауға байланысты, клиенттерге оқытып-үйреткені үшін және т.б алынатын табыстар. Мұндағы лизингтік операциялардан түсетін табысқа: лизингтік төлемдер, пайыздық төлем және комиссия жатады. Банктің барлық табысын үш топқа бөлуге болады: 1. пайыздық табыстар; 2. банктік қызмет көрсетуден алатын комиссиялар; 3. басқа да табыстар ( бағамдық айырма, яғни баланстық құны мен нарықтық құны арасындағы айырма, алынған айып пұлдар, пенялар және т.с.с.) Пайыздық табыс пен комиссиялармен ұштасуы мүмкін. Мысалға, несиелік және факторингтік операциялардан банк пайыздық төлем мен комиссияға иеленеді. Несиелік пайыз – пайыздық табыстың басты көзі ретінде банктің берген ссудалары үшін қарыз алушылардың төлейтін төлемі болып табылады. Несиелік пайызды мынадай белгілерге байланысты жіктеуге болады: · несие формасына қарай: коммерциялық, банктік, тұтыну несиелерінің пайызы және т.с.с.; · несиелік мекеменің түріне байланысты: Орталық банктің есепке алу пайызы, банктік, ломбардтық; · несие мерзіміне қарай: қысқа мерзімді ссудалар бойынша пайыз, ұзақ мерзімді ссудалар бойынша пайыз; · несие түріне байланысты: овердрафт бойынша айналым құралдарына берілген ссудалар, вексельдерді есепке алу, мақсатты ссудалар бойынша пайызы; · операциялар түрлеріне қарай: ссудалар бойынша пайыз, банкаралық несиелер бойынша пайыз, депозиттік пайыз; · есептеу тәсіліне қарай: жай және күрделі, қарапайым және тура және т.б. Комиссия– банктік операция үшін сыйақы, латын тілінен аударғанда “comissio” сөзі тапсырма дегенді білдіреді. Оның мөлшеріне көрсетілетін қызметтердің өзіндік құны мен қажетті пайда жатады. Табыс көздері екіге бөлінеді: · тұрақты, оған банктік қызметтен алынатын пайыздық және пайызсыз табыстар жатады; · тұрақсыз, оған қайталама нарықтағы бағалы қағаздармен жасалатын операциялардан және көзге көрінбейтін операциялардан алатын табыстарды жатқызуға болады.
|