КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Банк қызметіндегі ішкі бақылауІшкі бақылау жүйесі банктің стратегиялық даму жоспарының орыналуына және банктің ағымдағы жағдайына бақылау жасайтын банк менеджментінің құралы болып табылады. Ішкі бақылау банк қызметкерлерінің жіберген қателіктері мен кемшіліктері нәтижесінде туындайтын зияндарды азайту мақсатында жүзеге асады. Банктік ішкі бақылау – банктің өзінің активтерін қорғау, басқарушылықы саясатын сақтау, бухгалтерлік және қаржылық есептердің шынайылығын тексеру, банк жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданатын шараларды ұйымдастыру және үйлестіру әдістерінің жүйесін білдіреді. Ішкі бақылау жүйесі мынадай элементтерді қамтиды: - әкімшілік бақылау, яғни банк қызметкерлерінің банктік активтермен мәміле жасауға және өзге операцияларды жүргізуге құзіретін берумен байланысты жұмыстарды ұйымдастыру, құжаттарды жүргізуге негізделеді; - ақша ағымын бақылау, яғни банктің өтімділік жағдайы мен банктік тәуекелдердің жағдайына жасалатын бақылау; - қаржылық бақылау, яғни активтерді қорғау және қаржылық есептердің шынайылығын тексеруге жасалатын бақылау; - қызмет нәтижелерін бақылау, яғни банк өнімдерінің өзіндік құндарының және олардың рентабельдігінің жоспарлы және нақты көрсеткіштеріне жасалатын бақылаумен байланысты құжаттарды жүргізуге негізделеді. Базель комитетінің банк реттеуге байланысты ұсыныстарына сәйкес банктік ішкі бақылау қызметіне мыналар жатады: - банк қызметкерлерінің құзіреттері мен міндеттерінің орындалуын бақылау; - бақылау қызметін өзге банкті басқару құрылымдарынан бөліп қарау; - бактік тәуекелдерге мониторинг жасау және оларды басқару Ішкі бақылаудың негізгі міндеті – банк қызметіндегі тәуекелдерді азайтып, банктің тұрақтылығы мен сенімділігінің жоспарланған дейгейіне қол жеткізу болып табылады. Ішкі бақылауды кез келген банкті ұйымдастырылатын ішкі бақылау немесе аудит қызметі жүзеге асырады. Ішкі бақылау қызметін ұйымдастыру мынадай қағидаттарға негізделеді: - банктің барлық ұйымдастырушылық құрлымдары мен бөлімшелерінің бақылау процедуралары үшін ашықтығы; - банк қызметіндегі тәуекелдерге үнемі бақылау жасаудың жүзеге асуы; - орындалған барлық операциялар үшін бір ғана қызметкер жауап бермейтіндей етіп қызметкерлер арасында міндеттемелерді бөлу; - кез келген лауазымды тұлғаны өзге тұлғалардың тексеруі; - банк активтеріне және құжаттарына қолжетімділікке тұрақты бақылау жасау. Ішкі бақылау немесе аудит қызметі өз қызметінде банктің басқару ұйымдарына есеп береді. Ішкі бақылау немесе аудит қызметінің жектекшісі банкті басқару ұйымымен тағайындалады және қызметтен босатылады. Ішкі бақылау қызметінің қызметкерлеріне бақылауды жүзеге асыруға байланысты құқықтар беріледі. Атап айтсақ, олар жетекшілер мен өкілетті қызметкерлерден тексеруге қажетті құжаттарды алуға құқылы. Ондай құжаттарға мыналар жатады: - бухгалтерлік құжаттар; - есептік құжаттар; - ақшалай құжаттар; - есеп айырысу құжаттары; - компьютерлік қамсызданумен байланысты құжаттар; - бұйрықтар, - өкімдер және басқа. Тексеру барасында анықталған әрбір фактілерді тексерушілер тексеру нәтижелері бойынша қорытынды ретінде міндетті түрде құжаттап, оны банк жектекшілеріне тапсырады. Банк қызметіндегі тәуекелдерді ішкі бақылау әкімшілік және қаржылық бақылау тарапынан жүзеге асады. Әкімшілік және қаржылық бақылау түрлеріне: алдын ала, ағымдық және кейінгі жасалатын бақылаулар жатады. Банк қызметіндегі тәуекелдерді бақылауда мынадай тәуекелдердің пайда болуына мән беріледі: - несиелік тәуекел; - пайыздық тәуекел; - өтімділік тәуекелі; - инвестициялық тәуекел; - валюталық тәуекел; - операциондық тәуекел; - инновациялық тәуекел. Жалпы банк қызметін ішкі бақылауда осындай үш түрге бөлінеді: - алдын ала бақылау; - ағымдық бағылау; - кейіннен бақылау. Алдын-ала бақылау барысында нарықтағы жағдайларға талдау, бағалау және болжау жасау үшін маңызды банктердің мәліметтер базасының құрамы, толықтығы мен уақытылы жаңартылуы бақыланады. Ағымдағы бақылау барысында талдаудың және болжаудың нәтижелерінің сапалығы және олардың банк басшыларына уақтылы және толық жеткізілуі тексеріледі. Кейінгі бақылау кезеңінде талдау жұмыстарының сапасына баға беріліп, ситуациялық дамудың нақтылығы мен болжамы бойынша жасалған қорытындылар мен ұсыныстар салыстырылады.
|