Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Тімділікті бағалау көрсеткіштері




 

Шетел тәжірибесінде коммерциялық банктің өтімділігі мынадай екі әдіспен есептеледі :

– баланстың өтімділігін көрсететін және баланстар бойынша есептелінетін қаржылық коэффициенттер негізінде;

– сәйкес кезеңдердегі банк балансының активтері мен пассивтері бойынша айналымдардың талдауын ескеріп, өтімді қаражаттарға потенциалды қажеттілігін анықтау негізінде.

Коэффициенттік әдіс баланс баптары арасында белгілі бір сандық қатынастарды бекітуді білдіреді. Бұл әдіс әр түрлі көрсеткіштерді пайдаланады.

Алғашқы тобының екі көрсеткіші өтімді активтер мен депозиттер арасындағы қатынасты көрсетеді:

1. Алғашқы резервтер (касса + Орталық банктегі корреспонденттік шот) / Депозиттер;

2. (Алғашқы резервтер + Екінші реттегі (мемлекеттік бағалы қағаздар) резервтер)/ Депозиттер

Бірінші көрсеткіш деңгейі банктің өтімділігін қамтамасыз ету үшін 5–10 %-дан төмен болмау керек, ал екіншінің деңгейі 15–25 %-дан, Жапонияда 30 %-дан төмен емес болуы міндетті.

АҚШ-та өтімділікті бағалау үшін бірнеше көрсеткіштер қолданылады. Оның бірі - берілген несиелер мен депозиттер сомаларының қатынасы. Олардың арасында мынадай тәуелділік бар: бұл қатынастың мәні неғұрлым 1-ден көп болса, банк өтімділігі соғұрлым төмен болады. Сонымен қатар, несиелердің жалпы активтер сомасындағы үлесіесептелінеді, ол активтердің диверсификациясын көрсетеді. Бұл көрсеткіш 65–70% аралығында болуы керек. Және активтің қолма-қол қаражаттарға тез алмастыру қабілетін бейнелейтін көрсеткіш: өтімді активтердің жалпы активтер сомасына қатынасы арқылы табылады.

Банктің ресурс базасының сапасын сипаттайтын көрсеткіштер тобы да қарастырылады.

Депозиттер тұрақтылық дәрежесін сипаттайтын көрсеткішнегізгі депозиттер (талап ету депозиттері + жинақ шоттар) сомасының жалпы депозиттер мөлшеріне қатынасы немесе тұрақсыз депозиттердің (мерзімді және жинақ салымдары) тартылған ресурстар сомасындағы үлесі түрінде есептелінеді. Егер негізгі депозиттердің үлесі 75 пайыздан жоғары болса, онда банк өтімді болып есептелінеді.

Банктің ресурс базасының сапалығы коммерциялық банктің сыртқы көздеріне банкаралық несиелерге шығу мүмкінділік көрсеткішпен сипатталады, оның формуласы:

 

Орталық банк және басқа да банктерден алынған қарыздар

Тартылған қаражаттар сомасы

 

Көптеген елдерде, мысалы Францияда, Ұлыбританияда, Германияда, коммерциялық банктің өтімділік көрсеткіштері мерзім бойынша топтастырылған баланстың активті және пассивті баптардың қатынасы негізінде есептелінеді. Мысалы, 3 ай мерзімге салынған активтер осы мерзімге тартылған талап ету депозиттерге, мерзімді депозиттерге және басқа да ресурстарға қатынасы арқылы өтімділік коэффициенті шығарылады.

Банк өтімділігі динамизм жағдайында болатындығын ескеріп, шетел сарапшыларының пікірлері бойынша, өтімділік деңгейі баланстық қатынастар негізінде есептелген қаржылық коэффициенттерімен толық бағаланбайды. Сондықтан банктің бар активтері мен пассивтері бойынша қолма-қол қаражаттарының ағыны негізінде өтімділікті бағалау тәжірибесі біртіндеп енгізілді.

Осы әдістің қиыншылығы – кейбір қаржылық құралдары бойынша төлем мерзімдері талап етілгенге дейінгі депозиттер қарастырылмаған, ал екінші қиыншылығы – бөлек қарыздарды өтеу перспективасын дұрыс бағалауда жатыр. Сол себептен осы әдістің қолданылуы мынаны білдіреді :

- Активтер мен пассивтер бойынша төлем мерзімдері туралы ақпараттың жоғары сапалылығы мен уақтысында алынуы.

- Банктің қарыздар мен депозиттер жағдайының өткен және болашақтағы тенденцияларын талдаудың жоғары сапалылығы.

Осы әдіс Жапония, АҚШ және басқа да еуропа елдерінде кеңінен пайдаланылады.

Біздің тәжірибемізде пруденциалық нормативтер қатарындағы өтімділік коэффициенті көмегімен активтер мен міндеттемелерді өзара салыстыру арқылы банк өтімділігіне баға беріледі.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 205; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты