КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
КіріспеСтр 1 из 7Следующая ⇒ АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ АЗАҚ ЭКОНОМИКА, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА УНИВЕРСИТЕТІ «__Экономика » мектебі « ___Банк ісі___ » кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС Пәні:« Ақша. Несие. Банктер » ТАҚЫРЫБЫ:« Ақша айналымы және ақша айналысы » Орындаған: 2 курс, Қаржы-201 бөлімінің студенті Ниязалы А.М.
Жетекші: профессор м.а Ильяс А.А.
_____________________ ___________________ ________________ (қорғауға жіберілді) (бағасы)
«___»_________2015 ж. «___»_________2015ж.
_____________________ ___________________ _________________ (жетекші қолы) (жетекші қолы)
Астана 2015 жыл ЖОСПАР
КІРІСПЕ...................................................................................................................3
I АҚША АЙНАЛЫМЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МӘНІ
1.1 Ақша айналымы және ақша айналымының заңы..........................................5
1.2 Қолма – қол және қолма – қол емес ақша айналымдары......................... 11 1.3 Ақша массасы және оның жылдамдығы.................................................16
II АҚША АЙНАЛЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
2.1 Ақша агрегаттары және ақша базасы............................................................24
2.2 Қолма - қол және қолма – қол емес ақша амалдары....................................29
III БҮГІНГІ ТАҢДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚОЛМА – ҚОЛ АҚША АЙНАЛЫМЫНЫҢ РЕТТЕЛУІ..................................33
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................35
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................38
Кіріспе Ақшаның мәні мен олардың атқарымдарының көрінуі, сондай-ақ қоғамдық өмір мен елдің экономикалық дамуында ақшаның рөлін жүзеге асыру ақша айналысында және ақша айналымында өз дамуына ие болады. Аталған екі ұғым да өзінің мәні бойынша жақынн және бір негізге ие, ол- ақша болып саналады. Қоғамдық даму мен ұдайы өндіріс үдерісінің әр түрлі жақтары елдегі ақша айналысы мен ақша айналымы арқылы көрсетіледі. «Ақша айналысы» ұғымы ақша атқарымдарының қоғам дамуының ерте кезеңдеріндегі айналыс құралдары ретіндегі орындалуымен байланысты пайда болды. «Ақша айналымы» ұғымы кейінірек шықты, оған төлем құралдары ретінде ақшаның атқарымдарын дамыту негізінде тауарға қатыссыз айналым төлемдері мен тауарлар үшін төлемдерді енгізу қабылданған. Ақша айналысы қазіргі нарықтық экономикада маңызды элементтердің бірі болып табылады. Себебі ақша құрылымының есебін ескермеген жағдайда халық шаруашылығы жағдайларын экономикалық саясаттың мақсаттарын анықтау және тәжірибелік іс шараларын өткізу кезінде көптеген қателіктер болуы мүмкін. Ақша айналысының тұрақтылығы оның жақсы функциялануының ерекше маңыздылығын береді. Тарихи дамудың барысында ақша қатынастары бірнеше маңызды өзгерістер мен қиыншылықтарды бастан кешірді. Соның салдарынан ол экономикалық жағдайға үлкен әсерін тигізді. Ақша айналысы мен валюталық бағамның тұрақтылығы экономикалық жағдайлардың жақсаруының, нарықтағы тепе – теңдіктің қамтамасыз етілуінің алғышарты болып табылады. Ақша айналымындығы инфляцияның маңыздылығы нарық механизмнің үзілуіне, өндірістің құлдырауына, бүкіл әлеуметтік – экономикалық жүйенің құлдырауына әкелуі мүмкін. Осы процестерді игеру қазіргі таңда Қазақстан экономикасындағы аса маңызды және қажетті мәселелердің бірі болып саналады. Менің курстық жұмысымның мақсаты ақша айналымының теориялық негіздерін қарастыру және оның құрылымына ерекше көңіл бөлу мен жеке сипаттау болып табылады. Сондай – ақ, шетел тәжірибесін қарастыра отырып, оны қолдана отырып және негізге ала отырып, Қазақстан Республикасында пайдалануға мүмкіндік беретін жағдайларды қарастыру. Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді атқарған жөн деп санадым: · ақша айналымының түсінігі мен мәнін ашу; · оның түрлері мен құралдарын жеке сипаттау; · ақша айналымының формаларын құрастыру; · Қазақстан Республикасында ақша айналысын қарастыру; · курстық жұмысқа жалпылама қорытынды жасау; Курстық жұмыстың ақпараттық негізіне отандық және шетелдік экономист ғалымдарының оқулықтары, ғылыми мақалалары жатады. Ал осы курстық жұмыстың объектісі қазіргі таңдағы ақша айналымының ерекшеліктері жатады.
|