Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Ақша айналамы және ақша айналымының заңы




 

Ақша айналымы - бұл өзінің функцияларын орындау барысындағы қолма – қол және қолма – қол емес ақшалардың қозғалысы. Ол тауарлардың реализациясын, сондай – ақ тауарлы емес төлемдерді және шаруашылықтағы есеп айырысуларды жүзеге асырады.

Елдің ақша айналымы ақшаның қозғалысын көрсете отырып, келесілердің арасындағы айналысты көрсетеді:

· орталық банк және коммерциялық банктер;

· коммерциялық банктер; коммерциялық банктер және олардың клиенттері ( кәсіпорындар, ұйымдар, халық );

· кәсіпорындар мен ұйымдар;

· физикалық тұлғалар;

· банктер және әр түрлі қаржы институттары, сондай – ақ қаржы институттары мен халық

Ақша айналымының жоспарлы экономика кезінде және қазіргі нарықтық экономикаға сай өзіне тән әр түрлі ерекшеліктері бар.

Жоспарлы орталықтанған экономика жағдайында ақша айналысының ерекшеліктері:

· Қолма – қол ақша да қолма – қол емес ақша да шығаратын өнімдерін алдын ала бөлуге қызмет атқарды. Барлық қоғамдық өнім өндіріс құралдары және тұтыну заттары түрінде, яғни бірінші жағдайда материалды – техникалық жабдықтау жүйесі арқылы, ал екінші жағдайда қоғам мүшелерінің табысына сәйкес мемлекеттік сауда жүйесі арқылы бөлінді;

· Мемлекет заң арқылы ақша айналымын қолма – қол ақша және қолма – қол емес ақшаға бөліп, ақша айналымының қай түрі қандай бөлу жүйесіне қызмет атқаратынын белгілійді. Сөйтіп, қолма – қол ақша қозғалысы халықтың ақшалай табысын бөлуді көрсетсе, қолма – қол емес ақша қозғалысы өндіріс құрал – жабдықтарын бөлуді көрсететті;

· Ақша айналымы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің объектісі ретінде директивті заңдармен реттелді;

· Ақша айналымы біртектес мемлекеттік меншік формасына қызмет көрсетті.

· Ақша айналымының алғашқы және қорытынды кезеңдері мемлекеттік банкте шоғырланып, оған мемлекеттік банк бақылау жүргізді;

· Мемлекеттік жүйелер алдын ала өнімге баға белгілеумен және көрсетілген қызметтерге тарифтер бекітумен де шұғылданды;

· Қолма – қол ақша және қолма – қол емес ақша белгілерін тек мемлекеттік банк монополиялы құқық негізінде шығарды;

Ал енді нарықтық экономика үлгісі жағдайындағы ақша айналымына тоқталатын болсақ, онда оған мынадай ерекшеліктер тән:

· Ақша айналымы, негізінен, шаруашылықтағы нарықтық қатынастарға қызмет жасайды, ал бөлу қатынастарының тек аз ғана бөлшегін қамтиды;

· Қолма – қол ақша және қолма – қол емес ақша айналымының заңмен ажыратылуы жойылды;

· Ақша айналымы мемлекеттің, коммерциялық банктердің, заңды және жеке тұлғалардың жоспарлы болжауының объектісі болып табылады;

· Ақша айналымы әр түрлі меншіу формасы жағдайында жүреді;

· Ақша айналымының алғашқы және қорытынды кезеңдері орталықтанбаған, яғни олар әр түрлі коммерциялық және мемлекеттік банктерде шоғырланған;

· Қолма – қол ақша және қолма – қол емес ақша айналымы бір – бірімен тығыз байланыста жүреді;

· Қолма – қол ақша эмиссиясын Орталық банк жүргізіп, ал қолма – қол емес ақша белгілерін коммерциялық банктер шығарады;

Сонымен, ақша айналымы деп қолма – қол және қолма – қол емес түрінде үзіліссіз қозғалыста жүретін ақша белгілерін айтады.

Айналыста жүретін тек қолма – қол ақша – ол ақша айналысының тек бір бөлігі. Демек, белгілі бір мезгілде қолма – қол ақшамен өтелген барлық төлемдер сомасына тең ақша айналымының бөлігі ақша айналысы болып табылады. Ал ақша айналымы - бұл қолма – қол және қолма – қол емес ақша белгілерінің тауар айналымын және тауарсыз төлемдер мен шаруашылықтың есеп айырысуын қамтамасыз ететін ақшаның қызметі.

Ендеше ақша айналымы екі бөліктен: қолма – қол және қолма – қол емес ақша айналымынан тұрады.

Енді ақша айналысы заңына тоқтала кетейік.

Ақша айналысы заңы – құн заңының айналыс аясындағы көрінісі. Ол тауар – ақша қатынастары болатын барлық қоғамдық формацияларға тән. Айналыстағы ақшаның саны Карл Маркс ашқан ақша айналысы заңымен реттеледі. Тауар айналысына қызмет ету үшін қажетті ақша мөлшері екі факторға:

· бір кезеңде, айталық, бір жылда сатылуға тиіс бағасының қосындысына;

· ақша айналысының жылдамдығына байланысты өзгереді.

Ақша айналымы заңы мына формуламен өрнектеледі:

А мөлшері = Смб/Ажылд.

А – ақша мөлшері;

Смб – сатылуға тиіс тауар бағасы;

Ажылд. – ақша айналымының жылдамдығы;

Ақша айналысы заңының мәні мынада: ақшаның айналыс құралы қызметін орындауы үшін қажетті ақша мөлшері сатылуға тиіс тауарлар бағасының қосындысын бір аттас ақша өлшемінің айналым санына бөлгенге теңесуі керек.

Ақша тек айналыс құралы ғана емес, сонымен қатар төлем құралы қызметінде болатындықтан, айналысқа қажетті ақша мөлшері де несиеге сатқан тауарлар сомасына байланысты азаяды. Қарыз міндеттемелерінің бір сыпырасы қолма – қол ақшасыз есеп айырылысқанда өтеледі, яғни олар қарыз талаптары мен міндеттемелерін өзара есептеу жолымен де өтеледі.

Сөйтіп, несиенің даму дәрежесі ақша мөлшеріне кері әсерін тигізеді; тауардың неғұрлым көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа соғұрлым аз ақша мөлшері қажет. Одан басқа айналыстан шығарылған әлде қандай ақша мөлшері шаруашылықтың, халықтың тұрақты ақша қорын құрайды. Айналыстағы ақша мөлшерін анықтаушы заң мына формуламен анықталады:

Амөлш. = ( ( Стбн + Ст – Сө ) / Ажылд. ) + Ақ

Мұндағы:

Амөлш. – айналыс құралы және төлем құралы қызметтеріне қажет ақша мөлшері;

Стбн – несиеге сатылған тауарлар бағасының сомасы;

Ст– қарыз және басқа міндеттемелер бойынша төленетін сома;

Сө - өзара өтелетін талаптар мен міндеттемелердің сомасы;

Ақ – ақша қоры;

Ажылд. – айналыс құралы және төлем құралы қызметтеріндегі ақша айналымының орташа саны ( айналыс жылдамдығы );

Осы теңдіктегі ел экономикасында сатылған тауарлар бағасынан айналыста әлде қайда кем ақша массасының жүруінің себебі - төлеушілік проблемасының болуы. Сол кезде Ст мөлшері теріс сан болады. Бірақ бұл Қазақстанда және басқа да директивті экономика үлгісінен нарықтық үлгіге өтуші мемлекеттерде кездесіп отырған кәсіпорындар арасындағы төлеушілік проблемасы жай ақша массасын ұлғайтумен шешіледі дегенді көрсетпейді. Себебі төлеушіліктің көптеген себептері бар. Олар: төлем тәртібінің босаңдығы, төлеушіліктің тізбегінде потенциалды банкноттардың болуы, банкноталардың тиімді тәжірибесінің болмауы, жекешелендіру процесінің аяқталмауы, төлем құралдарының дамымауы және тағы басқалар.

Сөйтіп айналысқа қажетті ақша мөлшері өндірістің даму жағдайларына әсер ететін көптеген факторларға байланысты өзгереді; айналыстағы тауарлар мөлшеріне тауарлар мен қызметтер бағасының деңгейіне және тағы басқаларға байланысты болады.

Айналысқа қажетті ақша мөлшері ақша айналысының жылдамдығына кері пропорционалды өзгереді. Ал ақша айналымына әсер ететін жағдайлар мыналар:

· несиенің даму деңгейі, егер тауардың көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа сонша мөлшерде кем ақша қажет;

· қолма – қол ақшасыз есеп айырысудың дамуы;

· ақша айналымының санының өсуі;

Айналысқа ақша екі формада эмиссияланады ( шығарылады ): қолма – қол ақша, яғни айналымдағы банкнота және майда монеталар, банктік айналымдағы ақша формасы, яғни банктегі шоттарға жазылған сома. Екі деңгейлі банк жүйесінде ақшаның бірінші формасын, яғни қолма – қол ақшаны монополиялы құқықпен орталық банк эмиссиялайды да, ал қолма – қол емес ақша белгілерін коммерциялық банктер жүйесі шағарады.

Ақшаның екі формасы бір – бірімен тығыз байланыста болады. Егер банк клиенті - шоттағы ақшаның иесі өз қаражатын қолма – қол ақша формасында салса, онда банктік айналымдағы ақша белгілері нақты қолма * қол банкнотаға айналады. Керісінше клиенттің шотқа жазу арқылыбанкке ақша сомасын салуы қолма – қол ақшпның банктік айналымдағы ақша формасына айналуын көрсетеді

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 177; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты