Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Олма – қол және қолма – қол емес ақшалар




 

Ақша айналымының басым формасына сәйкес оны қолма – қол және қолма – қол емес ақша айналымдары деп бөледі.

Қолма – қол ақша айналымы – бұл қолма – қол ақша белгілерінің айналымы: қағаз ақшалардың, банкноталар, монеталар, тағы басқалары. Яғни, бұл - бір субъектінің екіншісіне тауарлар үшін, көрсетілген қызметтер үшін немесе заңмен қарастырылған басқа да жағдайлар үшін берілетін нақты ақша белгілерінің айналымы. Барлық елдерде монеталарды мемлекеттік қазына жасап шығарады, ал айналымға оларды банкноталармен бірге орталық банк жібереді. Қолма – қол есеп айырысуда орталық банкпен шығарылған және эмиссиялауға монополиялық құқығы бар банкноталар қолданылады.

Қолма – қол ақшалар келесілер үшін қолданылады:

· тауарлар мен қызметтер айналымын жүзеге асыру үшін;

· жалақы төлеу бойынша есеп айырысу және соған сәйкес төлемдерді төлеу үшін;

· бағалы қағаздарға төлем және олар бойынша табыстарды төлеу үшін;

· коммуналдық және тағы басқалар қызметтерге төлем жасау үшін;

Айналыста көбіне қолма – қол ақшалар жүретіндіктен, оларды ақша айналысы деп атайды. Айналыс және төлем құралдары ретінде нақты ақша белгілері айналыста болады. Бұл кез келген мемлекеттің ақша айналымының аз ғана бөлігін құрағанмен, оның маңызы өте зор. Өйткені қолма – қол ақша халықтың ақшалы табысының басым көп бөлігін алуға және оны жұмсауға қызмет етеді.

Қазақстан Республикасында қолма – қол ақшаны Ұлттық Банк банкнота түрінде эмиссиялайды, ал екінші деңгейдегі банктер оның эквивалентін қолма – қол емес формада төлеп алады. Коммерциялық банктердің операциялық кассасынан қолма – қол ақшаның көп бөлігі клиенттерге беріледі. Яғни клиенттер заңды тұлғалар болатын болса, онда ақша кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасына түседі , ал клиент жеке тұлға болатын болса, онда ақша тікелей халыққа беріледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасындағы қолма – қол ақшаның бір бөлігі олардың өзара есептесуіне жұмсалса, ал басым көп бөлігі халыққа әр түрлі ақшалы табыс түрінде ( яғни жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы, дивиденттер төлеу мен бағалы қағаздарды сатудан түскен түсім және сол сияқты түрінде ) беріледі.

Қолма – қол ақша, негізінен, халықтың ақшалы табысынан және оны жұмсаудан түседі. Бірақ ақшаның көп бөлігі жарна, сақтандыру төлемін, пәтер ақысы мен коммуналдық төлемін, қарызды өтеуге, тауар сатып алу мен көрсетілген қызметке ақы төлеуге, бағалы қағаздар мен лотерея сатып алуға, айып пұл және тағы сол сияқтыларды төлеуге жұмсалады.

Жалпы айтқанда, ақша коммерциялық банктердің төлем – кассалық бөлімдерінен клиенттер арқылы айналысқа түсіп, белгілі бір мерзімнен кейін клиенттердің ( негізінен, сауда орындары және халыққа қызмет көрсететін орындардың ) кассасы арқылы айналыстан шығады. Сөйтіп, қолма – қол ақшаның қайталама айналысы аяқталады. Мемлекеттің қолма – қол ақша айналысы – бұл белгілі бір уақыт мерзімінде қолма – қол формада жүргізілген барлық төлемдердің сомасына тең ақша айналымының бөлігі. Бұл айналым көбіне халық табыстарының түсуімен және олардың шығындалуымен байланысты болады.

Ақша айналымын реттеудегі маңызды элемент- қолма- қол ақшаны пайдалану. Қазіргі кезде біздің елде кәсіпорындар арасындағы өзара есепке қолма- қол ақшаны тек төменгі жалақының төрт еселенген мөлшері көлемінде пайдаланумен және банктегі салым иелерінің бөлшек саудамен есеп айырысу үшін есептеуге чектерін енгізумен шектелуде.

Қолма – қол емес ақша айналымы ( төлем айналымы ) – ол банктегі шот иесінің жазбаша бұйрығы бойынша шоттағы ақша қалдығының өзгеруі немесе ақшаның төлем құралы ретінде қызметтің атқарылуы. Ол бүкіл ақша айналымының басым бөлігін құрайды. Төлем айналымы төлеушілері мен сатып алушылардың банктегі шотына немесе жазбаша түрде, сол сияқты олардың өзара талаптарын есептеу жолымен жүзеге асырылады.

Қолма – қол емес ақша айналымы қазіргі таңда көптеген мемлекеттерде басым қолданылады. Ол көбінесе чектер арқылы, несие карточкалары төлем тапсырыстары арқылы, төлемнің электронды құралдары арқылы және тағы басқа есеп айырысу құжаттары арқылы ( қазыналық вексельдер, сертификаттар) қызмет етеді.

Қолма – қол емес ақшаның төлем айналымын екі тобқа бөлуге болады: тауарлы операциялар бойынша және қаржылық міндеттемелері бойынша төлем айналымы. Бірінші топқа тауарлар және көрсетілген қызметтер бойынша есеп айырысулар жатады, ал екіншісіне бютжет төлемдері ( табысқа салық, қосымша құн салығы, жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы және тағы осы сияқты төлемдер ) және бюджеттен тыс төлемдер, банк ссудаларын өтеу, несиенің пайызын төлеу, сақтандыру компанияларымен есеп айырысулар кіргізіледі. Қазіргі кезде пластикалық картачкаларды қолдану қолма- қол ақшасыз есеп айырусуды ұйымдастыруда ең бір прогрессивтік құрал екенін әлемдік тәжірибе дәлелдеп отыр. Олардың көптеген түрлерінің ішінде, негізінен, магнитті жолағы бары кең қолданылады. Өркениетті мемлекеттерде жоғары қорғалу дәрежесі бар микропроцессорлы карточканы айналымға енгізу үшін белсенді жұмыс жүргізілуде.

Қолма – қол емес ақша айналысы – бұл белгілі бір уақыт аралығындағы клиенттердің шоттары бойынша несиелік ұйымдарға немесе келісімді есеп айырысуға, қолма – қол ақшаларды қолданбай, ақшалай қаражаттарды аудару. Бұл айналыс мемлекеттің ақша айналысының үлкен бөлігін құрайды.

Қолма – қол ақша және қолма – қол емес ақша айналымдары өзара тығыз байланысты және бір – біріне тәуелді. Өйткені ақша үнемі бір айналыс аясынан кетпей, оған одан әрі қызмет жасай береді. Ал банктегі шотқа қаржының айдарылуы қолма – қол ақшаның берілуінің кепілі. Сондықтан қолма – қол емес ақша төлем айналымы қолма – қол ақша айналымының ажырамас бөлігі болып табылыды және екуі бірге қосылып мемлекеттің ақша айналымын қалыптастырады..

Есеп айырысу операциялары банк операцияларының негізгілерінің біріне жатады. Есеп айырысу операцияларын жүргізу үшін әр түрлі шоттар қолданылады. Олардың арасында кең тарағандары: ағымдағы, есеп айырысу және тағы басқа шоттары.

Банктердің есептесу операциялары: инкассо, аудару және аккредитив болып бөлінеді.

Инкассо- әр турлі құжаттарды пайдаланып, клиенттердің тапсыры бойынша және олардың шотына банктердің ақша түсіру операциясы. Инкассоға чектер, векселдер, бағалы қағаздар және т.б. құжаттар қабылданады.

Инкассолық операцияның екі түрі бар:

· жай инкассо – клиенттің банк арқылы коммерциялық құжатсыз қойған төлем талабы негізінде банктің үшінші жақтың ақша алуға міндеттенген операциясы. Жай инкассо тауарсыз есеп айырысуда қолданылыды;

· құжатты инкассо – үшінші жаққа клиенттен алған құжатты көрсету және оны тек төлемді қолма – қол алғанда немесе акцептелгенде ғана беру нәтижесінде банктің жүргізетін операциясы.

Аудару операцияларында клиент банкідегі өз шотынан белгілі бір соманы көрсетілген жаққа аудару жөнінде тапсырма береді. Мұндай операцияны жүргізгені үшін банк коммерциялық ақы алады.

Аккредитив ( латын сөзі – « сенемін » ) – бір банктің екінші банкке аккретивте көрсетілген шарттарды орындағанда белгілі бір соманы жеке немесе заңды тұлғаға төлеу жөнінде берген жазбаша тапсырмасы.

Аккредитивтің негізгі түрлері: ақшалы және құжатты.

· Ақшалы аккредитив – атаулы ақшалы құжат. Онда белгіленген мерзім ішінде аккредитивте көрсетілген соманы түгел немесе бөліп – бөліп, оны иемденушіге төлеу жөнінде корреспондент - банкке берген тапсырма жазылған.

· Құжатты аккредитив – келісім, ол бойнша эмитент - банк клиентінің нұсқауымен және оның өтініші бойынша үшінші жаққа төлемді жүргізу немесе оның үкімі бойынша төлеуі, сондай – ақ ол берген аударым вексельді акцептеуі, құжаттарды есептеуі немесе сатып алуы керек. Эмитент - банк көрсетілген операциялардың кез келгенін жүргізу өкілдігін басқа банкке беруіне болады.

Электронды төлем жүйесі – ол қағазсыз тасымалдаушы, электронды сигнал жіберу арқылы ақша сомасын аудару. Ол банктік шоттардың жағдайын бақылау, сондай – ақ несиелік және есеп айырысу операцияларын жүргізу үшін қолданылады.

Банк клиенттеріне қызмет көрсететін электрондық төлем жүйесіне:

· автоматтандырылған есеп айырысу палатасы;

· банктік автоматтар;

· сауда ұйымдарындағы терминалдар;

· үйде банктік қызмет көрсетулер жатады.

Электрондық төлем жүйесін қолдану ақша айналымын жеделдетуге, айналыс шығындарын азайтуға, есеп айырысуды тездетуге, сайып келгенде айналыстағы қолма – қол ақшаны азайтуға кең жол ашады.

Сонымен, бүкіл ақша айналымы: қолма – қол және қолма – қол емес ақшалар болып бөлінеді. Сондай – ақ:

· өнімді өндіру және сатупроцесін, яғни тауарлы сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы;

· тауарлы емес сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы;

· ақша айналысы бірнеше тарихи кезеңдерден өтті және металл, қағаз, несие ақшалар көмегімен жүзеге асырылады.

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 85; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты