Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Адам», «Жеке Адам», «Даралық» түсініктерінің арақатынасы және дамуы.




 

Қоғамдық ғылымдарда да, сондай- ақ күнделікті тұрмыста да, «адам», «жеке адам», «даралық» түсініктері кеңінен қолданылады. Соның өзінде олар не бір мағынада алынады да, не бір- біріне қарама- қарсы қойылады. Мұның алғашқысы да, кейінгісі де қате пікір.

Түпкі және тектік, бастапқы түсінік «адам» болуға тиіс. Адам- бұл, ең алдымен, Homo Sapiens түріндегі сүт қоректілер класына жататын биологиялық тіршілік иесі. Басқа жануарлардан айырмашылығы адамда сана бар, яғни ол сыртқы ортаның мәнін де, өз жаратылысын да танып біледі және осыған орай парасатты түрде, ойлап әрекет жасайды. Адам биологиялық тек ретінде негізгі ерекшеліктері мыналар болып таылатын айрықша дене бітімімен сипатталады: денесін тік ұстап жүру, тану мен еңбекке бейімделген екі қолының болуы, әлеуметт жағдайларда өмірді өз танымында бейнелеп және оны өз қажеттілігіне, мүддесі мен мұраттарына қарай қайта құруға бейім жоғары дәрежеде дамыған миының барлығы.

Адам, сонымен бірге қоғамдық тіршілік иесі әрі бұл оның ең елеулі белгісі. Қоғамдық өмір мен еңбек адамның табиғи құрылымын жетілдіріп қана қойған жоқ, сондай- ақ оны өз еркіне бағындырды да. Адам- өзінен - өзі қоғамдық өмір жемісі болып табылатын сананың таратушысы. Тек қоғамда және қоғамның игі әсері арқасында ғана адам танып- білуге және еңбек етуге қабілетті болып қоймайды, сонымен қатар өзінің ішкі процестерін сезінуге, тілегі мен жағдайын сыртқы өмір жағдайларымен үйлестіре білуге, парасатты түрде іс- әрекет жасауға бейімделеді. Өзіндік сана-сезім адам санасы дамуының филогенездегі (тектің таррихы) де, сондай- ақ онтогенездегі индивидтің өмір таихы) де шыны болып табылады.

Адам алуан қырлы міне, сондықтан да ол жаратылыс тану ғылымдарының да, қоғамдық ғылымдардың да зерттеу объектісі болы табылады.

«Жеке адам» түсінігі «адам» түсінігіне қарағанда біршама тар мағынаға ие. Жеке адам- қоғамдық- тарихи категория. Оның қоғамдық мәні мен әлеуметтік функциясы жеке адам сипаттамасының ең басты көрсеткіштері болып табылады. Жеке адам тек қана қоғамдық ғылымдардың: таих, философия, социология, этика, эстетика, психология тағы басқалардың зертету объектісі.

Жеке адам- қоғамда белгілі бір жағдайға ие және белгілі бір қоғамдық роль атқаратын, саналы индивид. Роль дегеніміз- жеке адамның атқаратын әлеуметтік қызметі, мәселен, ата- ананың ролі- балаларын тәрбиелеу, мектеп директорының ролі- мұғалімдер коллективін басқару және оқушыларды оқыту процесін ұйымдастыру.

Жеке адам позициясы дегеніміз- оның қатынастырынң жүйесі. Жеке адамның мәнді қатынастарында: өмірдің материалдық жағдайларына, қоғамға және адамдарға, өзіне, өзі мойынына алған міндеттерге, қоғамдық, еңбек міндеттеріне, деген т.б. қатынастар жатады. Бұл қатынастар жеке адамның адамгершілік бейнесін, оның әлеуметтік бағдарын сипаттайды.

Қатынастарды тек олардың объектіге деген бағытына қарап қана айырмайды, сондай- ақ олрадың аңғарылу деңгейіне байланысты да ажыратады. Әдетте қатынастарды аз аңғарылған және терең түсінілген деп бөледі. Аз аңғарылатын қатынастар дегеніміз- ұнату мен жек көру сезімдері. Терең түсіну дегеніміз- принципті қатынастар, олар ситуация талаптарымен емес, жеке адамның қалыптасқан адамгершілік мратымен, ішкі сенімімен, парыз бен міндеттерді сегізумен анықталады.

Даралық жеке адамнан жоғары немесе төмен әлдене емес. Даралық дегеніміз- өзіндік өзгешелігі бар жеке адам. Даралық туралы сөз қозғағанда жеке адамның өзінші бөлек сыр сипатын айтады. Әдетте «даралық» деген сөбен жеке адамды басқалардан ерекшелендіріп тұратын қандай, бірақ кейбір адамдардың даралығы тайға таңба басқандай, мен мұндалап айқын көрніп тұрады да, басқаларынікі- онша байқала қоймайды.

Күнділікті тұрмыста, сондай- ақ ғылыда «даралық» сөзімен қатар, «индивид» деген сөз де қолдаылады. Индивид деп өзіне тән брлық ерекшеліктерімен бірлікті аоынған нақтылы адамды айтамыз.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 385; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты