Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Зейін жөнінде түсінік




Психикалық іс-әрекеттің мақсат бағдарлы және нәтижелі болуы үшін адам ең алдымен өзінің ой-санасын істеп жатқан әрекеті мен сол әрекет нысанына тоқтата білуі қажет. Әдемі сурет салуға бекінген баланы көз алдыңызға келтіріңіз. Сурет затын, оның тур-түсі мен қағазға қалай орналасуын ойластырамын деп, жас суретшінің жұмысы шомғаны сонша, тіпті ата-аналарының оған қарата айтқан сездерін мүлде аңғарар емес. Мұндайда бала зейінін істеп жатқан әрекетіне шоғырлады, назарын қажетті заттарын аударды, басқа заттардың бәріне алаңдамастан, өз керегімен шұғылданды дейміз.

Келтірілген мысал адамның бір мезгілде әрқандай заттар туралы ойлап, әртүрлі іспен бірдей шұғылдана алмайтынының дәлелі. Сондықтан да оның санасы белгіш мезеттің әрбір бөлігінде өзіне қажет болған заттар мен құбылыстардың маңызды да мәнді тараптарына бағытталады

Ой-сананың бағытталуы деп ең алдымен психикалық әрекеттің таңдамалылық сипатын, нақты объектті күлі бұрын ниетті іріктеуін не оған мән бермеуін айтамыз. Бағытталу түсінігі сонымен бірге іс-әрекеттің біршама уақыт аралыгаңда өз сипатын сақтап тұра алу қасиетін де қамтиды Зейінді болу үшін қандай да бір істің турін таңдап қана алу жеткіліксіз, сол таңдауды тұрақтатып, сақтап қалу қажет Мысалы, педагогикалық процесте оқушылар зейінін анау не мынау, зат не іске бағыттау онша қиындық тудырмайды, әңгіме төркіні сол зейін бағытын қажетті уақыт аралығында сақтап тұру.

Зейін сөзі сонымен бірге біздің ой-санамыздың, белгілі іс-әрекетке шоғырлануы мен шому мағынасын да білдіреді. Адам алдыңда тұрған міндет неғұрлым қиын болса, зейін де соғұрлым әрі өткір болып, ал жұмыс қиындығы болмағанда, салудың күші де кемірек қеледі.

Өз кезегінде зейін шоғырлануы ой-сананы қажетсіз объектердің бәрінен ауыстыра алумен де байланысты. Зейін күші толығымен нақты бір істің шешіміне бағышталған шақта, төңіректегі қалған заттардың бәрі біз үшін елес күйінде байқалады.

Сонымен, қандай да бір затқа зейін қойюымыздан, ол зат біздің санамыздың төрінен орын теуіп, қалған дүние деректерінің бәрі сана аймағының шектеріне ығыстырылады. Осыған орай зейін аударылған заттың санамыздағы бейнесі нақты айқыңдалып, ол жөніндегі елестер мен ойлар іс-әрекет мақсатына жеткенше, санамызда бекіген халде сақталады. Осыдан, зейін іс-эрекетті бақылау және реттеу қызметін атқарады.

Зейін, әдетте, адамның бет, дене қалпы мен қозғалыстарында көрінеді. Сырттай-ақ зейінді тындап отырған оқушыны зейінсізінен айыруға болады. Ал кей жағдайларда зейін қоршаған дүние емес, адам санасындағы ойлар мен бейнелерге де бағытталады. Мұндай жағдайдағы зейін интелектуалды деп аталып, ол сезімдік (сыртқы) зейіннен біраз өзгеше келеді. Ал ой-сана дене қозғалыстарына бағытталатын болса, онда сөз арқауына қимылдық зейін алынады. Мұның бәрі зейіннің дербес танымдық, өз мазмұнына ие болмай, озге танымдық процестердің қосалқы иттерін атқаратынын дәлелдейді.

Зейіннің мұндай қызықты да қайшылықты қасиеттері ғалымдар назарына түсіп, оның пайда болуы мен мәнін әрқилы пайымдауға негіз берді. Зейін табиғатын тұсіңдіруде Н.И.Ланге ғылымда қалыптасқан келесі тұжырымдар тобын алға тартады:

1. Зейін кимылдық икемделудің нәтижесі. Мұндай пікір келесі негізде туындаған: зейіннің бір заттан екінші затқа ауысуы бұлшық ет қозғалыстарынсыз мүмкін емес, қимыл нәтижесінде ғана сезім ағзалары қабылдау үшін тиімді жағдайларға икемдеседі.

2. Зейін сана аумағынын шектеулі болуынан туындайды. Сана аумағы мен ауқымының қандай мәнге ие екенін тұсіндіріп жатпастан, И.Герберт пен У.Гамильтон күшті елестердің әлсіз елестерді ығыстыратынын немесе тежейтінін алға тартады.

3. Зейін- көңіл-күй нәтижесі. Ағылшын психологиясында кең өрісті дамыған бұл теория зейінің алға қойылған ниетке тәуелділігіне негізделеді. Дж.Миль «ұнамды немесе жағымсыз сезімге не идеяға бөлену мен сол факторларға зейінді қатынас - екеуі де бір нэрсе» деп тұжырымдайды.

4. Зейін өткен тәжиребенің нәтижесі,яғни адам білген, таныған затына ғана ден қояды.

5. Зейін рухтық сананың ерекше белсенділік қабілеті. Зейін құбылыс ының ғажайыптығына таң қалған кей психологтар оны пайда болуы түсіндірүге келмейтін әу бастан бар белсенді қабілетпен баламалайды.

6. Зейін жүйке тітікендіргендіргіштері күшеюінің нәтижесі. Бұл гипотезаға орай зейін орталық жүйке жуйесінің мекенді тітіркену қабілетінің ұлғаюынан пайда болады деп түсіндіріліді.

7. Жүйкелік тежелу теориясы зейінің негізгі себебін төмендегіше пайымдайды: алғашқы физиололгиялық жүйке процесінде қаланған елестер соңғы басқа елестер мен қозғалыстардың физиологиялық процестерінен басымдау келеді, осыдан сананың ерекше шоғырлануы туындады.

Қазіргі заман психологтарының зейінді тұсіндіруге байланысты пайымдаулары П.Я.Гальперин еңбектерінде келтірілген. Олар келісідей:

-зейін бағыттау зертеушілік іс-әрекеттіңбір кезеңі, осыдан зейін адам психикасында нақты бір мезетте пайда болған бейнелер мен ой мазмұнын тұрақтауға бағышталған психологиялық әрекет.

-өз қызметі бойынша зейін осы мазмұнға қойылған бақылау. Әр адам эрекеті бағыттау, орындау және бақылау бөліктеріне тұрады. Осы тізбектегі үшінші іс зейін арқылы орындалады.

-белгілі өнім шығаруға бағытталған эрекетттен ерекше зейіннің, яғни бағыттаудың, өз алдына нәтижесі болмайды.

-психикалық бақылау әрекеті ретінде танылған кұбылыс тұрғысынан зейінің әрбір нақты көрінісі жаңа ақыл-ес ептіліктерінің пайда болу ізімен туындайды.

Аталған теориялар нақты деректерге негізделгені сөзсіз, бірақ әрқайсысы өздері ұстанған зейін белгілерін асыра көтеріп, қалғандарын елемеуге тырысады. Ал, шындыққа жүгінсек, зейіннің мән-мағынасын оған байланысты барша қасиеттер мен сапаларды өзара біріктіре талдау негізінде түсіну мумкін. Осы тұрғыдан қазіргі уақытта зейіннің келесідей анықтамасы қабылданған.

зейін - бұл кісінің сезімдік, ақыл-ес және қимылдык белсінділігін көтеруге қажет дүниелік не идеялды нысанға сананың бағытталуы және шоғырлануы.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 206; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты