Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Зейіннің негізгі қасиеттері




Айтқанымыздай, зейін сананың белгілі нысанмен байланысын байқатып, оған бағытталуын білдіреді. Осы бағытталу ерекшеліктері зейін қасиеттерін айқындайды.Бұл қасиеттер тобына зейіннің тұрақтылығы, шогырлануы, бөлінуі, ауысуы және көлемі кіреді. Тұрақтылық зейінін уақыт аралығына байланысты сипаты болып, оның белгілі бір нысанға көзделу мерзімінің ұзақтыгын аңдатады. Тұрақтылық перифериялық (шеткі) және ор-талық жүйке факторларына тәуелді. Эксперименттік зерттеулерге қарағанда, зейін белгілі уақыт аралығында қайталанып отыратын ырықсыз тербелс сипатында болады. Бұл тербелістердің уақыт ұзақтығы 2-3 секундтен 12 секундқа дейін созылуы мүмкін (НЛанге) Мысалы, сағат тықылына зейін қоятын болсақ, бірде ол тықыл естіліп, бірде байқалмайтынын сеземіз. Ал күрделі объекттерге назар аударсақ, оңдағы тербелістер басқаша заттың кейде бір бөлігі, екіншіде басқа бөлігі фигура турінде елестейді. Бірақ ескеретін жәйт: шын мәнінде, зейіннің өте қысқа уақыт аралығыңдағы майда тербелістері жалпыланған заңдылық сипатына ие емес. Бір жағдайда зейін жиі,ауыспалы қысқа тербелістерге келетін болса, ендігі бір жағдайларда ұзақ мерзімді тұрақтылығымен сипатталады.

Қазірғі күнде дәлелденгендей, зейін тұрақтылығының ең бір мәнді шарты назардағы нысанның жаңа тараптары мен байланыстарының ашылу мүмкіндігінің болуы. Алға қойылған мақсатқа орай зат кезге алынып, оның бөліктерінің өзара байланыстары мен бір-біріне кірігулерінің жаңа қырларын ашатын болсақ, зейін ұзақ уақыт өзінің тұрақтылығын жоғалтпайды. Ал назарға алынған заттың мазМұны одан әрі зерттеуде өзінің жаңа ерекшеліктерін таныту мүмкіндігіне ие болмаса, зейін күйзеліске келіп, алағдауға түседі. Басқаша айтсақ, қандай да бір нысанға бағытталған зейіннің тұрақты болуы сананың қозғалысты қалпына байланысты. Көздеген ны-санымыз дамуда болып, өзінің жаңа мазмұнымен ашылып баруы қажетті.

Егер де зейін барша жағдайларда тұрақсыздығымен көрініс тапса, онда қандай да ақыл-ой жұмысы болуы мүмкін емес. Кезегінде, затты тануға ақыл-ой әрекетінің араласуымен мен зейін тұрақтылығы күшейе түседі. Сонымен бірген тұрақтылығы бірқанша жағдайларға байланысты болып келеді. Олардың ішінде: материал ерекшелігі, оның қиындық деңгейі, бүрыннан таныс, не белгісіз болуы, түсініктілігі, субъекттің оған деген қатынасы, сондай-ақ зертеуші үйренушінің даралық қасиеттері.

Зейіннің шоғырлануы оның белгілі бір нысанға бағытталып, онда топталу күші мен дәрежесі, яғни психикалық немесе саналы іс-әрекеттің толығымен қажетті нүктеге шөгуі. Зейіннің шоғырлануы ми қабыгындагы қозу ошағының доминанттық қызметімен тікелей байланысты.(Н.А.Ухтомский) Дәлірек айтсақ, шоғырлану нысанды ошақтағы қозудың және сонымен бір уақытта жүретін бас ми қабығындағы басқа аймақтардың тежелуінің салдарынан келіп шығады.

Зейіннің бөлінуі деп адамның өз зейінінің ауқымында бір уақытта бірнеше әр-түрлі нысандарда үстай алу қабілетін түсінеміз. Осы қабілетіне орай әр адам бір мезгілде бірнеше әрекеттерді өз зейінінде ұстап, орындау мүмкіндігіне ие. Мысалы, әйгілі Юлий Цезарь бір уақытта өзара байланыспаған жеті іспен шұғылдана алады екен. Ал Напалеон өз көмекшілеріне бір уақыт ішінде жеті ресми құжат бойынша көрсетпе беріп, жаздыратын қабілетке ие болыпты. Бірақ өмір тәжірибесі көрсеткендей, адам тек қана бір істі, кейде екі істі саналы орындау мүмкіндігіне ие. Бұл жағдайда орындалып жатқан жұмыстың бірі саналы зейінді талап етпейтіндей, автоматтандырылған дәрежеде болуы қажет. Егер бұл шарт сақталмаса, іс-әрекеттерді біріктіріп орындау мүмкін емес.

Зейіннің ауысуы зейіннің бір нысаннан екіншісіне саналы және байыпты өтуін білдіреді. Зейіннің ауысу қасиетінен біз қоршаған ортаның өзгермелі, күрделі жағдайында жылдам бағыт-бағдар тауып отыру мүмкндігіне иеміз. Зейін ауыстырудың жеңіл не қиын болуы әр адамға, әр-түрлі болып, белгілі шарттарға тәуелді келеді (алдыңғы әрекетпен кейінгі әрекеттің ара байланысы, олар эрқайсысына болған субъекттің қатынасы). Орындалатын қызмет неғұрлым қызықты болса, оған зейіннің ауысуы оңай, ал іске көңіл соқпаса, оған ден қою да жеңіл соқпайды. Зейіннің ауыспалылыгы саналы, көп қайталанған жаттығуды талап ететін қасиеттердің қатарына жатады.

Зейін көлемі ерекше құбылыс . Адам бір уақыт әртүрлі заттар жөнінде теңдей ойлап, әрқилы жұмыстар орындауы мүмкін емес. Осыдан сырттан келіп жатқан ақпараттарды адам өзінің өңдеу мүмкіншіліктеріне орай топтап, жіктейді. Соңдай-ақ, адамның бір уақытта өзара байланысы жоқ бірнеше нысандарды қабылдау мүмкіндігі де шектеулі. Осы шектер арасын танып, қабылдауы - адам зейінінің көлемін білдіреді.

Зейін көлемін зерттеу үшін адамға бір уақытта талдануы қажет бір топ элементтер ұсынылып (сан, әріп т.б.), солардың ішінен саналы есте қалғаны есептеледі. Мұндай есепті жүргізу үшін тахитоскөп аппараты қолданылады.

Зейін көлемі өзгермелі құбылыс. Зейін аймағынп түсетін элементтер саны олардың мазмұндық біртұтастығына және олар арасындағы байланыстарды саналы түсінуге тәуелді келеді. Осыдан, педагогикалық қызметте оқу материалын жүйелестіріп беруге мән аударып, оқушылар зейінінің көлеміне нұқсан келтірмеуді ойластырған жөн.

Зейіннің аландаушылығы - бұл зейіннің бір нысаннан екіншісіне ырықсыз ауысуы. Мұңдай ауысу қаңдай да іспен шұғылданып отырған адамға тыс тітіркеңдіргіш әсерлердін ықпал етуінен туыңдайды. Аландау сыртқы және ішкі болыіі бөлінеді. Сыртқы аландаушылық; субъектке тысқы, қоршаған орта жағдайларының әсер етіп, ырықты зейіннің ырықсыз зейінге ауысуынан болады. Әсіресе адамды аландағатын жағдайлар заттар мен құбылыстардың кенеттен пайда болып, күшті өзгермелі әрі жедел әсер етуінс байланысты. Соңдықтан оқушылардьщ сабақ дайындау барысында оларды негізгі ісінен алаңдататын заттар мен әсерлерді болдырмауға тырысу қажет. Зейіннің ішкі алаңдауы көңіл-күй, толғаныс нәтижесінде туындайды, орындалатын іске қызықпаудан, жауапкершілікті сезінбеуден келіп шығады. Шәкірт өзінің оқу жұмысымен байыпты әрі тиімді шұғылдануы үшін оның болмысындағы сабақтан алаңдататын көңіл күйзелістерін (ашу, ыза, қорқу ж.т.б.) басып отыру керек. Сонымен бірге оқушыларда алаңдаушынықты кеміту үшін оларда білімге, оны игеруге деген ұмтылыс пен қызығушылықты тәрбиелеп бару өте маңызды қызмет.

Зейіннің шашыраңкылыгы деп адамның ұзақ уақыт аралыгында өз зейіні мен назарын нақты затқа бағыттай алмауын айтамыз. Шашыраңқылықтың екі турі белгілі: жалған және шын.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 348; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты