КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Ес теорияларыЕс механизмдерін психологиялық зерттеу тарихы басқа психикалық құбылыстарды үйренуден гөрі ертерек бастау алған. Алғашқы, кең етек алған естің ассоциативтік теориясы. Бұл теорияның мәні: дүние заттары мен құбылыстарының есте орнығуы мен қайта жаңғыруы бірінен бірі бөлектенген күйде емес, өзара байланысты "топталған не тізбектелген" (Сеченов) қалыпта жүреді. Осы процеске .тәуелді мида жадта қалдыру мен қайта жаңғыртудың физиологиялық негізі уақытша жүйке байланыстары тузіледі. Мұндай байланыстар психологияда ассоциациялар деп аталған. Ассоциациялардың бірі заттардың уақыт пен кеңістіктегі қатынас бейнесінен, яғни жанасу ассоциациясы, еккіншісі - олардың ұқсастығынан тұған бейнеден, яғни ұқсастық ассоциациясы, үшіншсі - қарама-қарсылық негізделеді (контрастық ассоциациясы), төртіншісі - себеп салдарлы қатынастардан туындайды (каузальдық ассоциация) Бұл бағыттағы теорияны ұсынып, дамытқандар: Аристотель, Юм, Д.Джеймс, Спенсер, И.М.Сеченов, И.П.Павлов. Естің нейроңдық теориясы. Адам миының құпиялылары көп жағынан әлі ашылар емес. Ол ете құрылымды. Осы күрделі ақ - уызды жиынтықтың жаңа ақпарат топтап, оны сақтай алу қабілетін қазіргі күндегі психология онда жұрт жататын құрылымдық немесе химиялық өзгерістермен байланыстырып отыр. Бұл теорияның негізгі мәні мынада сете қалдыру мидің электрлік белсеңділігімен, ягни мидағы химиялық не құрылымдық белсенділік қандай да бір жолмен ағзадағы электр қуатын арттырады. Бұл үшін қолай ес іздерін іске қосатын жүйке тізбегі болуы шарт. Физиологи зандарына орай нейрон жеткізген импульстср аксон (қозуды жеткізуші) арқылы бір жасушадан екіншісіне берілсді Аксонның жасушамен тоғысқан жері синапс деп аталады Жеке бір жасушаның өзіндегі осы синапстың саны мыңдаған Синапс негізінен әр түрде қызмет етеді, бірі - қоздыруды, екіншісі - тежеуші. Сонымен, қысқа мерзімді не ұзақ мерзімді естің екеуі де бірдей қозушы немесе тежелуші жүйке элементтерінің бір-біріне әсерінен туындайды. Айырмасы қысқа мерзімді ес белгілі нейрондардың уақытша электрон белсенділігінен болады да ұзақ мерзімді ес нейрондардың тұрақты құрылымынан келіп шығады. Естің биохимиялық теориясы Нәсілдік негізде жатқан химиялық процестер ашылуымен ғылымда сол процестің есте қалдыруға ықпалы жок па деген ой пайда болды. Әр ағза үшін тән болған генетикалық ақпарат ДНК (дезоксирибонуклейн қышқылы) молекулаларында шоғырланады, ал оны тасымалдау басқа (РНК) нуклеин қышқылының молекуласымен орыңдалады. ДНК ағзаға тән әр жаңа генетикалық есті өзінде сақтайтыңдықтан, оның өзі немсе РНК игерілген тәжірибені де бірден бірге өткізуі мүмкін дегеп болжам жасалды. Эксперименттер нәтижесіңде тәнді құрайтын молекуланың химиялық құрылымы тіршілік иесінің тәжірибе топтауымен өзгеріске келетіні анықталды Бұл келесі сүрақты туыңдатты: үйрету барысында өзгерген РНК молекуласы жаңа пайда болған дағды жөніндегі мәліметті өзінде сақтай ма не сақтамай ма? Эксперимент барысы: жануар қажетті әрекетті орындауға үйретілгенді. Оның жүйке жүйесінің бір аймағынан РНК молекуласы бөліп алынды, кейін ол игерілген білікті екінші жануарға өткізу үшін жаңа ағзаға егілді. Үйретілген жануардың РНК молекуласын қабылдаған екінші жануар (жалпақ құрт) алғашқысының дағдысын қайталап берді. Тағы бір эксперимент. Планари құрттары бірі бірін қорек етеді. Егер бір планариді белгілі бір әсерленуге үйретіп оны турап, үйретілмеген екіншісіне жегізсе, онда кейінгі құртта алғашқысының әрекетін қайталайтыны байқалған. (Д. Мак-Коннел). Аталған эксперимент тәжірибелерден естің ерекше іздері дене молекулаларыңдағы химиялық бірікпелерде таңбаланып (кодталып), организмде еркін қозғалыста болатыны және олардың бір жануардан екіншісіне ауысатыны толық дәлелденді.
|