Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Зейіннің физиологиялық негізі




Зейіннің физиологаялық тетіктер арқылы қажетті мәнді әсерлерді таңдауы белсенді ми қызметінің және жалпы тәннің сергектігі арасындағы байланысынан болады.

Адамның сергектік деңгейін оның сырт кейпін бақылай танумен бірге мидағы әлсіз ток (электр) қуат анықтайтын электроэнцефаллограф (ЭЭГ) аппараты арқылы да білуге болады. Әдетте, сергектік 5 күйде көрініс беретіні дәлелденген: терең үйқы, қалғып-мүлгу жағдайы, сабыр сергектік, белсенді (қатерлену) сергектік, шектен тыс сергектік. Тиімді зейін тек сабырлы және белсенді сергсі жағдайында болуы мүмкін, ал басқа кейіп кездерінде зейін сапасы кеміп, кейбір қызметтерін гана орындай алуы ықтимал. Мысалы, мүлгіген жағдайда адам бір не екі әсерге ғана жауап беріп, қалған тітіркендіргіштерді тіпті сезбейді. Сондықтан да шаршаған ана ешбір әсерді елеместен, терең үйқыға берілуі мүмкін, ал нәрестенің сәл ғана дауысынан оянып кетері сөзсіз.

Зейін механизмдерінің іске қосылуында бағдарлаушы рефлекстін рөлі өте кушті. Бұл құбылыс тың негізі адамдар мен жануарлар ағзасының сыртқы орта өзгерістеріне сай тума қалыптасқан жауап бере алу қабілеті: Мысалы, сәл ғана. сыбырдың өзінен мысық елең етіп, дыбыс шыққан тарам құлағын туреді . Қызықты да жауапкерлі жұмысқа шомған окушылар кенет есік ашылудан, жұмыстарын қоя салып назарын есік жаққа еріксіз аударады. Бұл рефлексті И.П.Павлов "немене?" рефлексі деп атаған.

Зейіннің таңдамалылығы ағзада болып туратын күрделі процестермен байланысты. Әдетте, қоршаған орта арасынан қажетті әсерлерді саралап алуда екі топ ағза тетіктері іске қосылады: перифериялық (шеткі) және орталық. Перифериялық механизмдерге сезім (тұйсік) мүшелерінің икемдесу эрекеті жатады. Әлсіз дыбысты ұғуға орай адам дыбыс шыққан тарапқа мойын бұрады, сонымен бір уақытта сезімталдығын күшейту үшін тиісті бұлшық еттср құлақ жарғағын кереді. Ал күшті дыбыста жарғақ кернеуі босаңсып, миға ететін жағымсыз әсерді басады.

Зейіннің орталық тетіктері бір жүйке ошақтарының қозуына байланысты басқа жүйке көздерінің тежелуі негізінде іске қосылып барады. Туындау әсері күшті болған қозу өзімен бір уақытта жүріп жатқан әлсіз деу процесті басып, психикалық іс-әрекеттің бағыт-бағдарыы айқындап отырады. Сонымен бірге, бір-біріне қуат қосатын бір уақыттағы элденеше тітіркендіргшггердің бірігіп, эрекетке тұсуі де мүмкін Қозулардың мұндай өзара байланысты ықпалы қажеті болған әсерді таңдап, психикалық әрекеттің белгілі бағыттаі жүруіне негіз қалайды.

Зейін эрекетінің физиологиялық көрінісін тұсінуде Ч.Шерингтон ғылыми дәлелдеп, кейін И.П. Павлов кең қолданған жүйке процестерінін индукция заңы үлкен маңызға ие. Бұл заңға орай бас ми қабығының бір аймағында туындаған қозу оның басқа бөлектерінде тежелу пайда етеді (бір мезгілді индукция) немесе мидың сол бөлігіндегі тежелумен орын ауысады (бірізді индукцңя), себебі нақ қозу пайда болған аймақ өзінің сол қозу үшін тиімді жағдайымен ерекшеленеді, сондықтан да бұл арада әсерлер жіктеліп, сарапталады, жаңа шартты байланыстар түзіледі, яғни бұл аймақ нақ сол мезетте үлкен ми сыңарларының жасампаз, шығармашыл бөлігі сипатына ие. Ал мидің басқа бөліктерінің қызметі бұл уақытта адамның астар саналы немесе автоматтандырылған ерекетімен байланысьш жатады.

Зейіннің физиологиялық негіздерін айқындауда доминанта принципі (А.А.Ухтомский) де жетекші мәнге ие. Доминантаң түсінігі нақты бір мезетте жүйке орталықтпрының қызметіне ықпал жасап, уақытша үстемдік етумен психикалық болмысқа бағыт-бағдар беретін қозу ошағын білдіреді. Доминантаның ерекшеліктеріне байланысты жүйке жүйесіне беріліп турган импульстер бірігеді әрі жинақталады, сонымен бірге басқа орталықтардың белсенділігі шектеліп, қозу ошағының эрекеті күшейе түседі. Үстем қозу көзінің пайда болуына тек тітіркендіргіштің күші ғана емес, бүрын болған әсерлердің және жүйке байланыстарының өткен тәжірибеден қалыптасқан іздері де негіз бола алады.

Бірақ жүйке қозғалысының индукция заңы да, доминанта жөніндегі тағылимат та динамикадағы зейін құбылыс ын, әсіресе оның ырықты сипатын толық ашып бере алмайды. Оның себебі адамдарда жануарларға тән бол-маған өз зейінін мақсат бағдарлы басқара алу қабілетінің болуында Мақсат қою мен оны нақтылап отырудан зейін туындайды, тұрақталады және ауысып тұрады. Қозудың басымдау ошағының пайда болуын бірінші және екінші сигналды жүйкелердің өзара ықпалды байланысымен түсіндірген жөн себебі қозу тілдік (екінші) сигналдың таңдамалы иррадиациясымен бірінші сигнал жүйесіне өтеді. Өз кезегінде алғашқы тітіркеңдіргіштер сөздік баламаға келіп, мақсатты нақтылауға себін тигізеді де қажетті қозу көзінің одан әрі күш алуына көмектеседі.

Сонымен, зейін табиғаты өзара бір-біріне тәуелді байланыста болған ми құрылымының біртұтас жүйесінің іс-әрекетімен байланысты, бірақ олардың зейін тұрлерін реттеудегі ролі бірқалыпты емес.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 528; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты