КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Түйсік қасиеттеріТүйсіктердің әрқандай турі өздерінің жеке ерекшеліктерімен ғана ажыралып қоймастан, өзара ортақ қасиеттерге іе Мұндай қасиеттер: түйсік сапасы, түйсік қарқыны, түйсік ұзақтығы және түйсіктің кеңістік мекеңдігі. Түйсік сапасы - нақты түйсік турінің оны басқа түйсіктерден ажырататын және сол түйсік шеңберіңде көрініс беретін дара негізгі ерекшелігі. Түйсіктердің осы сапалык көп түрлілігі материя қозғалыс формаларының шексіз саналуандығын дәлелдейді. Түйсік карқыны - түйсіктің сандық сипатын білдіреп, өз кезегінде әсер етүші тітіркендіргіштің күші және рецептордың қызметтік жағдайымен анықталады. Түйсік ұзақтығы - түйсіктің уақыт аралығына байланысты сипаты. Бұл қасиет сезім мүшесінің қызметке жарымдылық қалпымен анықталады да, негізінен, тітіркендіргіш әсерінің уақыт созыңқылығы мен қарқынына байланысты келеді. Тітіркеңдіргіштердің сезімдік мүшеге әсер етумен түйсік пайда бола қалмайды, ол үшін біршама жасырын (латенттік) уақыт өтуі қажет. Әртүрлі түйсіктің лагенттік уақыты әрқилы: мысалы, сипай сезу түйсіктері үшін 130 мс, ауырсыну түйсіктеріне - 370, ал дәм түйсіктері үшін 50 мс өзі де жеткілікті. Түйсіктің тітіркеңдіргіш әсерінің басталуымен бірге туындайтынындай, оның сөнуі де әсер аяғына тура келеді Түйсіктің мұндай инерциясы әсерден соң да біршама уақыт өз жалғасын тауып жатады. Қарсыда жарқырап турған шам кенеттен сөне қалса, көз алдыңызда шам орныңдағы жарқылдың біраз уақыт елестеуі осы құбылыстан. Түйсіктер үшін тітіркендіргіштің кеңістік мекендігі (пространственная локализация) де тән қасиет. Әрқаңдай тітіркендіргіш әсері дене бетінде, жалпы кеңістікте белгілі мекенге ие. Сондықтан түйісу (контактные) түйсіктер тіркеңдіргіштер әсер еткен дене бөлігіне тура келеді. Түйсік табалдырықтары Сезімталдық. Бұл психологиялық түсініктер түйсіктердің сандық өлшеміне байланысты қасиеттерінен. Адамның сезім мүшелері - өте нәзік қызмет тетіктері. Мысалы, адам көзі бір шақырымнан 1/1000 шамаға тең жарық сигналын байқайды. Ал осы бізді тітіркендіруге келтіретін энергияның соншалықты аздығын мынадан сезуге болады, онымен 1 куб. см. суды 1 градус көтеру үшін 60000 жыл қажет екен. Алайда, көрінген тітіркендіргіш түйсік туындатпайды Оның пайда болуы үшін тітіркендіргіш белгілі бір сандық деңгейге көтерілуі керек. Түйсік пайда етуші тітіркеңдіргіш әсердің ең аз мөлшері түйсіктің табалдырық шыңы деп аталады. Осындай әсер деңгейіне жетпеген тітіркендіргішті түйсік табалдырығынан тыста қалады. Мұның мысалы ретінде біздің денемізге әр мезетте түсіп, қонып жатқан көз көрінбес шаң-тозаң түйіршіктерін келтіруге болады. Табалдырық шыңы деңгейі сезімталдық шын шамасын көрсетеді. Түйсік тудырушы тітіркендіргіш неғұрлым әлсіздеу келсе, яғни түйсік табалдырығы төмен болса, сезім мүшелдігің бұл әсерлерді қабылдауы соғұрлым жоғары болады. Сезімталдық шың тек төмен табалдырық-пен ғана шектелмейді, оған түйсіктің жоғары табалдырығы да маңызға ие. Сезімнің жоғары табалдырығы деп әліде өзіне сай сезім туғыза алатын тітіркендіргіштің ең шекке жеткен күшін айтамыз. Біздің рецепторларымызға әсер етуші сол күштердің одан әрі котерілуі дене мүшелерінде ауырсыну пайда етеді (шектен тыс дауыс кұлақты жарып жібереді, аса күшті жарқыл көзді тұндырып, кейін жарыққа қарай алмаймыз). Табалдырық шың (төмен, жоғары) шамасы жағдайларға байланысты озгеріп отырады: қызмет турі, адамның жасы, сезім мүшелерінің қызметтік қалпы, тітіркендіру әсерінің күші мен уақыт арасы және т.б. Икемделу (адаптация) құбылысы. Ескеретін жәйт, біздің сезім мүшелеріміздің сыртқы әсерлерге жауабы, оларды қабылдау мүмкіндігі өзгермелі, соңдықтан жоғарыда әңгіме еткен сезу табалдырықтары өте кең шектерде ауысып отырады. Мысалы, қараңғылықта біздің көру сезіміміз әсеріне түседі де, ал күшті жарықта оның сезгіштігі бәсеңдейді. Мұны қараңғы бөлмеден жарыққа шыққаңда не жарықтан күңгірт жайға сезгіштігі енгенде байқаймыз. Бірінші жағдайда көз қамасып, түк көрмей қалады, көздің күшті жарыққа үйренісуі үшін біраз уақыт қажет болады, ал екінші жағдайда - керісінше, аса жарық жерден жарығы солғын бөлмеге кірген адам алғашқыда көруден қалып, енді осы жағдайға икемделуі үшін оған 20-30 м. уақыт керек. Бұл келтірілген мысалдарымыз біздің көру сезіміміздің қоршаған орта жағдайына орай өзгеріске енетінінің дәлелі. Мұндай құбылыс сезім органдарымыздың бәріне де тән. Осыдан, сезім мушелерінін тітірткендіргіштерге біртіндеп икемделуін адаптация деп атаймыз. Түйсіктердін өзара ыкпал жасау қасиеті. Түйсіктердің қарқыңдылыгы тек қана нақты тітіркендіргіштердің мен икемделу деңгейіне тәуелді больш қлмастан, бір уақытта сезім мүшелдігіне әсер етіп жатқан басқа да тітіркеңдіргіштерге байланысты. Басқа сезу мүшесріне түсіп жатқан әерлерден түйсік анализаторларының өзгеріске келуі түйсіктердің зара ықпалы деп аталады. Мысалы, күшті дыбыстық әсер (ысқырық) керу түйсігін арттырады. Кейбір иістердің көру мен есту сезімдерін көтеруі не елсіретуі ғылымда дәлендеген (С. В. Кравцов). Түйсікке байланысты талдағыштар жоғары немесе төменгі деңгейде бір-біріне жүйелі ықпал жасап отырады. Өзара ықпалды әрекетте әлсіз тітіркендіргіштер талдағыштар сезімін жоғарылатады, ал күшті тітіркендіргіштер әлсіретеді -бұл жалпы заңдылық. Талдағыштардың өзара ықпалды әсерінен сезгіштіктің артуы -сенсибилизация деп аталады. Сезгіштік деңгейінің жоғарылауы екі сипатта көрініс береді (А.Р.Лурия): 1) ұзаққа созылған, тұрақты, ағзадағы қалыпты өзгерістерге байланысты; 2) уақытша, субъект кейіпіне, физиологиялық не психологиялық себептерге орай тосып болған әсерлерден туындайды. Көзге түскен жарық мөлшері оның көру қабілетімен қатар, есту түйсігінің сезімталдығын артгыруға себеп болады. Әдетте, қызыл адамға ақ, қара түстерді дұрыс ажыратуға жәрдемдеседі. Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің пайда болуына да жағдай жасайды, яғни қосарласқан түйсік пайда болады. Бұл құбылыс психологиада синестезия деп аталды. Мысалы, кейбір адамдар біреудің ас, тагам жөнінде әңгімісін естіп отырып, бұған қоса түрлі дәмдер мен дастархан бетіндегі түрлі түстерді де сезінуі мүмкін. Синестезия құбылысы - ағза талдағыштарының от, тұрақты байланыстылығы мен объектив дүниені бейнеллеудегі сезімдер тұтастығының және бір дәлелі.
|