Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Бап. Эвтаназия 4 страница




2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) азаматтарды және оралмандарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде уақытша бейімдеу және детоксикациялау жөніндегі медициналық қызметтер көрсетуді қоса алғанда, медициналық көмекпен және дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етеді;

4) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторинг пен бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

5) денсаулық сақтау бюджеттік бағдарла­ма­ларының әкімшілері функциясын жүзеге асырады;

6) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі медициналық және фармацевтикалық қызметтер көрсетуді Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген тәртіппен сатып алуды жүзеге асырады;

7) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету шеңберінде дәрілік зат­тарды, профилактикалық (иммундық-биоло­гиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттарды:

амбулаториялық деңгейде – уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес;

стационарлық деңгейде – дәрілік формулярлар шегінде Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген тәртіппен сатып алуды жүзеге асырады;

8) медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, медициналық емес жабдықтарды, санитариялық көлікті, сондай-ақ мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына күрделі жөндеу жүргізуге арналған қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастырады;

9) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын кадрмен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

10) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыруды қамтамасыз етеді;

11) денсаулық сақтау саласындағы өңірлік электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілердің құрылуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

12) жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарындағы клиникалық базаларды жоғары және орта медициналық оқу орындарына береді;

13) төтенше жағдайлар кезінде тегін медициналық көмек көрсетуді, дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

14) медицина және фармацевтика кадрларын даярлау, олардың біліктілігін арттыру мен оларды қайта даярлау жөніндегі қызметті ұйымдастырады және үйлестіреді;

15) гигиеналық оқытуды, салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды насихаттау мен қалыптастыруды ұйымдастырады;

16) халықты әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың таралуы туралы хабардар етеді;

17) азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды;

2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

18) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде статистикалық әдіснама талаптарын сақтай отырып денсаулық сақтау саласындағы ведомстволық статистикалық байқауды жүзеге асырады;

19) ведомстволық бағынысты мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттау жүргізеді.

 

11-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингтің функциялары

1. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингтің функциялары:

1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;

2) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік және салалық (секторлық) бағдарламаларды әзірлеу мен орындауға қатысу;

3) медициналық көмектің барлық түрін көрсету;

4) инновациялық медициналық техноло­гияларды байқаудан өткізу, оларды Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарына және денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына енгізу және трансферттеу;

5) дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулер жүргізуге қатысу;

6) стандарттарды әзірлеуге және оларды денсаулық сақтау ұйымдарына енгізуге қатысу;

7) консалтингтік, ақпараттық-консульта­циялық, электрондық және басқа да қызметтерді көрсету;

8) денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастық;

9) денсаулық сақтау саласындағы жобаларға қатысу;

10) құрылтай құжаттарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру болып табылады.

2. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдинг өзіне жүктелген функцияларды орындау мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, мемлекеттік органдардан ақпарат сұратуға және алуға құқылы.

 

12-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл

1. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында мемлекеттік органдар мен ұйымдар денсаулық сақтау саласындағы реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға өз құзыреті шегінде көмек көрсетуге міндетті.

2. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдардың, халықаралық және басқа да ұйымдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан мәртебесі мен өкілеттігін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестіруші орган құрылады. Жергілікті атқарушы органдар жанынан мәртебесі мен өкілеттігін жергілікті атқарушы органдар айқындайтын денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі өңірлік үйлестіруші органдар құрылады.

3. Апаттар медицинасы саласындағы мемлекеттік денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарын үйлестіруді және олардың өзара іс-қимылын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

4. Орталық атқарушы органдар әзірлейтін, халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі мәселелерін тікелей немесе жанама түрде қозғайтын нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттар уәкілетті органмен міндетті түрде келісілуге жатады.

5. Денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілер ведомстволық тиесілігіне қарамастан, органдар мен ұйымдардың орындауы үшін міндетті болып табылады.

2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Ведомстволық медициналық қызметтері бар мемлекеттік органдар ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарының (бөлімшелерінің) қызметі және бекітіп берілген контингенттің денсаулық жағдайы жөніндегі ведомстволық есептіліктің денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына табыс етілуін қамтамасыз етеді.

7. Мемлекеттік органдардың ведомстволық медициналық қызметтерінің басшыларын тағайындауды тиісті мемлекеттік органдардың басшылары уәкілетті органмен келісім бойынша жүзеге асырады.

8. Денсаулық сақтаудың электрондық ақпа­раттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерінің, ақпараттық-коммуникациялық желілерінің басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурс­тарымен және ақпараттық жүйелерімен, ақпараттық-коммуникациялық желілерімен ақпарат алмасу мәселелері жөніндегі өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

9. Ведомстволық медициналық қызметтері бар мемлекеттік органдар ведомстволық медициналық ақпараттық жүйелердің техникалық параметрлерін, сондай-ақ электрондық ақпараттық ресурстардың мазмұнын уәкілетті органмен келісуді қамтамасыз етеді.

 

3-тарау.

Денсаулық сақтау саласындағы лицензиялау, аккредиттеу және аттестаттау

 

13-бап. Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялау

Медициналық және фармацевтикалық қызмет Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензия­лауға жатады.

 

14-бап. Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу

1. Көрсетілетін медициналық және фарма­цевтикалық қызметтердің денсаулық сақтау са­ласындағы белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестігін тану мақсатында денсаулық сақтау субъектілері және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілер денсаулық сақтау саласында аккредиттелуге жатады.

Жеке тұлғалар денсаулық сақтау субъектіле­рінің қызметіне тәуелсіз сарапшылық бағалау жүргізу үшін аккредиттелуге жатады.

2. Аккредиттеу ерікті сипатта болады және аккредиттелетін субъектінің қаражаты есебінен және тыйым салынбаған өзге де қаражат есебінен жүзеге асырылады.

3. Денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу олардың қызметінің уәкілетті орган бекіткен аккредиттеудің белгіленген стандарттарына сәйкестігін сыртқы кешенді бағалау негізінде жүргізіледі және ол мемлекеттік тапсырысты орналастыру кезінде ескеріледі.

4. Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізуі үшін жеке тұлғаларды аккредиттеу олардың біліктілігін кешенді бағалау негізінде жүргізіледі.

Тәуелсіз сарапшылар тарту тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

5. Аккредиттеуді уәкілетті орган не уәкілетті орган аккредиттеген ұйым жүргізеді.

6. Денсаулық сақтау субъектілерін аккредит­теуді жүзеге асыратын орган (ұйым) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу жөніндегі тиісті комиссияларды құрады және аккредиттелген субъектілер мен тәуелсіз сарапшылардың деректер банкін қалыптастырады.

Аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ережені уәкілетті орган бекітеді.

 

15-бап. Денсаулық сақтау саласындағы аттестаттау

1. Денсаулық сақтау саласындағы аттестаттау – денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары басшыларының, респуб­ликалық денсаулық сақтау ұйымдары басшы­ларының және олардың орынбасарларының (медициналық білімі бар), сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік денсаулық сақтау ұйым­дары басшыларының (бұдан әрі – аттестатталатын адамдар) кәсіптік құзыретінің деңгейін ай­қындаудың кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын рәсімі.

2. Уәкілетті орган денсаулық сақтауды мем­лекеттік басқарудың жергілікті органдары, рес­публикалық денсаулық сақтау ұйымдары бас­шыларының және олардың орынбасарларының (медициналық білімі бар) кәсіптік құзыреттілігін аттестаттауды жүргізеді.

3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары (бұдан әрі – денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары) ведомстволық бағынысты мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының кәсіптік құзыреттілігін аттестаттауды жүргізеді.

4. Уәкілетті орган мен денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары аттестаттаудың объективті және құзыретті түрде жүзеге асырылуы мақсатында аттестаттау комиссияларын құрады.

5. Аттестаттау кезіндегі бағалаудың негізгі критерийі аттестатталатын адамдардың өздеріне жүктелген міндеттерді орындау құзыреттілігі болып табылады.

6. Аттестатталатын адамдар әрбір келесі үш жыл өткен сайын, бірақ тиісті лауазымға орналасқан күннен бастап бір жылдан кейін аттестаттаудан өтеді.

 

4-тарау.

Денсаулық сақтау саласындағы стандарттар, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің)

сәйкестігін растау және жарнама

 

16-бап. Денсаулық сақтау саласындағы стандарттар

1. Денсаулық сақтау саласындағы стандарт­тардың түрлері:

1) денсаулық сақтау ұйымдарын аккредиттеу стандарттары;

2) денсаулық сақтау саласындағы операциялық рәсімдер стандарттары;

3) медициналық және фармацевтикалық білім беру стандарттары;

4) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы стандарттар.

2. Денсаулық сақтау саласындағы стандарттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітіледі.

 

17-бап. Денсаулық сақтау саласындағы тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сәйкестігін растау

1. Денсаулық сақтау саласындағы тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сәйкестігін растау олардың адам өмірі мен ден­саулығы үшін қауіпсіздігін айқындау мақсатында жүргізіледі және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Тиісті өндірістік практика жағдайларында өндірілген дәрілік субстанцияларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттардың, медициналық мақсат­тағы бұйымдар мен медициналық техниканың сәйкестігін растауды жүзеге асыруға тыйым салынады.

3. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың сәйкестігін растауды сәйкестікті растау жөніндегі мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

 

18-бап. Денсаулық сақтау саласындағы жарнама

1. Медициналық қызметтер көрсетуді, профилактиканың, диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың әдістері мен құралдарын (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтер), дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, тағамға биологиялық активті қоспаларды жарнамалау уәкілетті орган белгілеген тәртіппен берілетін рұқсат бар болған ретте жүзеге асырылады.

2. Көрсетілетін қызметтердің, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың, тағамға биологиялық активті қоспалардың жарнамасы дәйекті болуға, арнаулы білімсіз немесе арнаулы құралдарды қолданбай түсініліп-танылуға, басқа да көрсетілетін қызметтермен, дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және медициналық техникамен, тағамға биологиялық активті қоспалармен салыстыруды болғызбауға, тұтынушыларды, олардың сеніміне, оның ішінде сипаттамаларына, құрамына, тұтынушылық қасиеттеріне, құнына (бағасына), қолданудың болжамды нәтижелеріне, зерттеулер мен сынақтар нәтижелеріне деген сеніміне қиянат жасау арқылы жаңылыстырмауға тиіс.

3. Мыналарға:

1) Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, тағамға биологиялық активті қоспаларды, профилактика құралдарын жарнамалауға;

2) дәрігердің рецептісі бойынша босатылатын дәрілік препараттардың үлгілерін жарнама мақсатында таратуға;

3) балаларға арналған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардан басқа, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың жарнамасына балаларды, олардың бейнесі мен дауысын пайдалануға;

4) қоғамдық көлікте, дәрілік заттардың, ме­дициналық мақсаттағы бұйымдар мен меди­циналық техниканың, тағамға биологиялық активті қоспалардың мақсатына, пайдаланылуына және босатылуына қатысы жоқ ұйымдарда олардың жарнамасын таратуға және орналастыруға;

5) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың пла­каттар, стендтер, жарықты табло, билбордтар, транс­паранттар, афишалар және жарнаманы тұ­рақты орналастырудың өзге де объектілері түрінде ұсынылған сыртқы (көзге көрінетін) жарнамасын орналастыруға;

6) дәрілік заттар туралы және медициналық мақсаттағы бұйымдар туралы ақпаратты ғылыми немесе білім беру мақсатында, сондай-ақ па­циенттерді хабардар ету мақсатында тарату жағдайларын қоспағанда, дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды тағай­ындауға уәкілетті медицина қызметкерлерін жарнама таратушылар ретінде пайдалануға;

7) тиісті қызмет түрін жүзеге асыруға лицензиясы және жарнамаға уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен берілетін рұқсаты болмаған кезде көрсетілетін қызметтерді, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, тағамға биологиялық активті қоспаларды жарнамалауға;

8) медициналық қызметпен айналысуға ли­цензиясы жоқ тұлғалардың көрсететін қызметтерін жарнамалауға тыйым салынады.

4. Көрсетілетін қызметтердің, дәрілік заттар­дың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың, тағамға биологиялық активті қоспалардың жарнамасы уәкілетті орган айқындаған сарапшы органның жарнама материалына алдын ала сараптамасынан кейін уәкілетті органның рұқсаты негізінде жүргізіледі.

5. Көрсетілетін қызметтердің, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жарнамасын мамандандырылған медициналық басылымдарда, өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында және денсаулық сақтау ұйымдарында таратуға және орналастыруға жол беріледі.

Рецепт бойынша босатылатын, оның ішінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды қамтитын дәрілік заттардың жарнамасы тек медицина және фармацевтика қызметкерлеріне арналған мамандандырылған баспасөз басы­лымдарында ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

6. Жарнаманы шығаруды, тарату мен орналастыруды бақылауды уәкілетті орган мен мемлекеттік органдар өз құзыреттері шегінде жүзеге асырады.

 

5-тарау.

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау

 

19-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау

1. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуы мен орындалуын тексеруге, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жолын кесуге және оларды жоюға бағытталған шаралар кешенін білдіреді.

2. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау:

1) медициналық қызметтер көрсету;

2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы;

3) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласында жүзеге асырылады.

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.

4. Тиісті саладағы жоғары тұрған бас мемлекеттік инспектор немесе бас мемлекеттік санитариялық дәрігер жеке және (немесе) заңды тұлғалардың іс-әрекеттерге (әрекетсіздікке) немесе актілерге берген арызы (шағымы) бойынша шешімдер шығарылғанға дейін төмен тұрған бас мемлекеттік инспектордың немесе бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің актісінің орындалуын тоқтата тұруға, күшін жоюға не оны кері қайтарып алуға құқылы.

2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді

5. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.

 

20-бап. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау

1. Медициналық қызметтер көрсету сала­сындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Рес­публикасының медициналық қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға, жолын кесуге, сондай-ақ денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық қызметтер көрсету саласындағы нормативтік құ­қықтық актілерді сақтауын бақылауға бағытталған.

2. Жеке және заңды тұлғалар көрсететін медициналық қызметтер медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау объектілері болып табылады.

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Медициналық қызметтер көрсету сала­сындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де бақылау нысандарында жүзеге асырылады.

Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.

4. Медициналық қызметтер көрсету сала­сындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:

1) Қазақстан Республикасының Медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және оның орын­басарлары;


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-13; просмотров: 118; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты