Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Тарихи анықтама, климат.




Азақстан республикасы ұлттық пантеонының ең үздік нобай-идеясына арналған халықаралық тапсырысты сәулеттік конкурс

 

Преамбула

Конкурстың сипаты және мақсаты

Астана қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасы Ұлттық пантеонының ең үздік нобай-идеясына арналған халықаралық сәулеттік конкурс туралы хабарлайды.

Объект – мемориалды қабыр, «Қазақстанның ұлы адамдарының мәңгілік атақ ескерткіші» болуға арналған.

Осы конкурстың мақсаты Қазақстан Республикасы Ұлттық пантеонын (бұдан әрі – Объект) жобалау бойынша тұжырымдамалық сәулеттік және қала құрылысы шешімдері мен идеяларын алу болып табылады. Объект Пантеон ғимаратын салуды қарастыруға тиіс.

Жобаның сәулеттік-жоспарлау және ландшафттық-композициялық шешімі әлемдік қала құрылысы өнерінің мемориалды кешендер саласындағы ең үздік жетістіктерінің деңгейіне сәйкес келіп, Қабанбай батырдың қолданыстағы кесенесін ескеруге тиіс.

Мемориалды қабырды орналастыруға арналған учаске Астана қаласы шекарасының оңтүстігіне қарай 17 шақырымда, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қабанбай батыр ауылына тікелей жақын орналасқан.

Ұлттық пантеон - мемлекеттің қалыптасуына және елдің дамуына елеулі үлес қосқан ұлттық батырлардың қабірі болуға арналған объект монументалды-сәндік өнер тұрғысында және ғибадаттық мазмұны бөлігінде көпұлтты қазақстандық қоғамның діни талаптарына сәйкес келетін бірегей объект.

Жобалау кезінде әртүрлі діни конфессияларды жерлеу кезіндегі ерекшеліктерді ескеру қажет.

Конкурсқа қатысушылардан қала құрылысы, эстетикалық, әсерлі және функционалдық құрамдас бөліктерді негіздей отырып, Объектіні жаңадан салу нұсқасын ұсыну талап етіледі.

Әкімдік өткізетін конкурс - бұл Қазақстан Республикасы Ұлттық пантеонын құру жөніндегі жұмыстардың бірінші кезеңі, оның қорытындылары бойынша осы объектінің тұжырымдамалық, сәулеттік-қала құрылысы көрінісін бейнелейтін үздік нобай-идея іріктеледі.

Астана қаласында Пантеонды құру жөніндегі жұмыстардың екінші кезеңі осы объектінің жұмыс істеу идеологиясы мен регламентін әзірлеу болып табылады, оны тиісті органдар анықтайды.

 

1-тарау. Астана қаласының сипаттамасы

 

Астана қаласы – КСРО-ның ыдырау нәтижесінде 1991 жылы тәуелсіздік алған, динамикалық түрде дамып келе жатқан жас мемлекет Қазақстан Республикасының елордасы. 1997 жылға дейін Қазақстанның елордасы алып аумақты елдің оңтүстік шетінде орналасқан Алматы қаласы болды. Өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамыту үрдістерінің жеделдігі мен әрекеттілігін арттыру мақсатында Мемлекет басшысының бастамасы бойынша елорданы елдің шетінен орталық бөлігіне, Астана қаласына көшіру туралы шешім қабылданды. 1997 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елорданы көшіру туралы Жарлыққа қол қойды, Қазақстанның жаңа елордасы Астана қаласын халықаралық таныстыру рәсімі салтанатты түрде өткізілді. Осыған дейін аграрлық облыстың орталығы ғана болып келген шағын қалашықта сол сәттен бастап қарқыны мен көлемі бойынша бұрын болып көрмеген құрылыс жұмыстары басталды. Сәулетшілер мен құрылысшылар алдына мынадай міндет қойылды: қаланы XXI ғасыр стандарттары мен талаптарына сәйкес, сәулеттік-қала құрылысы шешімдерінің ең озық жетістіктері деңгейінде салу. Республиканың жаңа елордасының объектілерін жобалау мен салуға Қазақстанның таңдаулы сәулетшілері мен құрылыс ұйымдары, сондай-ақ әлемдік сәулет шеберлері, Еуропа және Азия елдерінің ірі құрылыс фирмалары тартылды. 1998 жылы Астананың келешектік қала құрылысын дамыту нобай-идеясына халықаралық конкурс өткізілді. Конкурсқа әлемдік сәулеттің танымал шеберлерімен қатар отандық сәулетшілердің шығармашылық ұжамдары да қатысты. Әлемге әйгілі жапондық сәулетші Кисе Курокава конкурстың жеңімпазы болып танылды. Рекордтық қысқа мерзім ішінде қала өзгерді, алпауыт, заманауи, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін елордалық қалаға айналды. Астананы 1999 жылы медальмен марапаттау және оған UNESCO-ның «Әлем қаласы» құрметті атағын беру Қазақстанның өз жаңа астанасын салудағы жетістіктерін мойындау дәлелі болды.

Қаланың даму қарқыны жалғасуда. Қала халқы 1997 жылмен салыстырғанда үш есе көбейді және 776 мың адамға жетті. Халықтың әл-ауқат деңгейі динамикалық түрде өсуде. Табыс өсімі және елордада жан басына есептелген жалпы ішкі өнім көрсеткіштері, сондай-ақ қала көшелеріндегі өкілдік санаттағы жеке автокөліктер саны, элиталық тұрғын үй құрылысының өсімі осыны дәлелдейді. 1989 жылдан бастап 1996 жылға дейінгі кезеңде 110,2 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа енгізілді, ал соңғы 5 жылдың ішінде жыл сайын күрделі, жайлы, барынша заманауи халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 1,2 млн. шаршы метр тұрғын үй қолданысқа енгізілді. Кеңес кезеңінде дәстүрге айналған панельді 5, 9 қабатты индустриялық үйлердің орнына демалыс, ойын-сауық, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету үшін қажетті орын-жайлардың дамытылған құрамы бар, қауіпсіздікті және тұру үшін жоғары деңгейдегі жайлылықты қамтамасыз ететін жаңа инженерлік жүйелермен жабдықталған заманауи әсем тұрғын үй кешендері салына бастады. Астана қаласында танымал сәулет шеберлерінің жобалары бойынша 25 және одан да көп қабатты заманауи зәулім тұрғын үйлер салынуда. Астана қаласында оның келбетін қалыптастыратын және қайталанбас сәулеттік бейнесін белгілейтін бірегей ғимарттар мен құрылымдардың құрылысына ерекше көңіл бөлінеді. Мұндай ғимараттар қазіргі заманның танымал сәулетшілері қатысатын қатаң конкурстық іріктеуден өткен жобалар бойынша салынады. Әлемге әйгілі ағылшын сәулетшісі Норманн Фостердің жобалары бойынша Астанада Бейбітшілік және келісім сарайы, аналогы жоқ «Хан шатыр» сауда-ойын-сауық кешені салынды және 75 қабатты «Әбу Даби Плаза Астана» көпбейінді кешені салынуда. Танымал итальяндық сәулетші Манфреди Николеттидің жобасы бойынша 3500 орынға арналған «Қазақстан» кино-концерт залы салынды. Астанада заманауи 3 және 5 жұлдызды отельдер желісі бар. Жылжымалы шатырлы 30 мың көрермендік стадион, олимпияда санатындағы спорт құрылымдары: велотрек және мұз айдын сарайы салынды. Қалада теңіздер мен мұхиттардан ең алыс орналасқан құрылым ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген океанариум салынды, онда акулалар, скаттар, кальмарлар және өзге де теңіз мекендеушілерінің тіршілігін қадағалауға болады.

Океанариумның жанында «Джунгли» ойын-сауық-танымдық орталығы пайда болды, онда сәнді экзотикалық өсімдіктер бар тропикалық климат жасалды, солтүстік өңірдің тұрғындары үшін ерекше тропикалық табиғат пен ландшафттың әсем бұрыштары жасалды. Қалада Еуропа және Азия халықтарының ұлттық тағамдары ұсынылатын мейрамханалар мен дәмханалардың дамытылған желісі бар. Сәулеті бойынша заманауи сауда орталықтарында елорда тұрғындары мен қонақтары әлемнің таңдаулы өндірушілерінің тауарларын сатып ала алады. «Мега», «Хан шатыр», «Сарыарқа», «Керуен» сауда-ойын-сауық кешендеріне келушілердің әралуан тауарлар сатып алу, демалу, көңіл көтеру, фильм тамашалау мүмкіндіктері бар. Бұл жерлерде ойын залдарында, бассейндерде, мұз айдынында, кинозалдарда көңілді уақыт өткізе отырып, балармен бірге демалуға болады. Астана болашақта Орталық Азияның ең ірі ғылым-білім орталығына айналуы мүмкін. Қалада бірнеше ондаған жеке және мемлекеттік жоғары оқу орындары бар.

Алдағы уақытта Астана Еуразия кеңістігінің экономикалық, саяси және мәдени ынтымақтастық орталықтарының біріне айналуға тиіс. Елорданы XXI ғасыр үлгісіндегі қала атануға лайықты тартымды, жайлы қалаға айналдыратын қала құрылысын дамыту жоспарлары осы мақсатқа бағынады.

 

Тарихи анықтама, климат.

Астана қаласы – тәуелсіз жас мемлекет Қазақстанның елордасы елдің солтүстік орталық бөлігінде, Есіл өзені алқабының өзен маңындағы жазығында орналасқан.

Географиялық координаталар - 51° 11' солтүстік еңдік және 71° 30" шығыс бойлық.

Климат – шұғыл-континенттік.

Қыс – суық, ұзақ. Аяз кезеңінің ұзақтығы - 194-202 күн. Қаңтардың орташа температурасы минус 15 °С. Орташа минимум - минус 40°С.

Көктем – наурыздың соңында-сәуірдің басында басталады.

Жаз – қоңыржай ыстық, күн шуақты күндер мол. Шілденің орташа температурасы + 20,9 °С. Шілденің абсолюттік температурасы + 40° С.

Халық – қазіргі уақытта қалада шамамен 776 мың адам, 100-ден аса ұлт тұрады. Басым этностар – қазақтар және орыстар. 2030 жылға болжам – 1220 мың адам.

Аумақ - 71 014 гектар немесе 710,14 шаршы километр.

Тіл – қазақ тілі - мемлекеттік, орыс тілі – ұлтаралық қатынас.

Жоспарлау құрылымы – әлемге әйгілі жапондық сәулетші Кисе Курокаваның жобасы бойынша қалыптастырылады. Қала Есіл өзенінің оң жақ тік жағалауында дамыды. Сол жақ жағалауда елорда көшірілгеннен кейін 2000 жылдан бастап белсенді түрде құрылыс салына бастады. Сол жақ жағалауда елдің Үкіметтік орталығы қалыптасуда және жаңа тұрғын үй кешендерін салу жөніндегі көлемді жұмыстар жүргізілуде.

Көлік. Астана Еуразия континентінің орталығында орналасқан және Ресейді, Батыс Еуропа елдерін Қытаймен, Азия-Тынық мұхит өңірі елдерімен, Орталық Азиямен байланыстыратын Трансазиялық теміржол магистралі халықаралық көліктік магистралінің солтүстік учаскесіндегі ірі теміржол торабы болып табылады.

Астана – Ресей мен Еуропаны Қытаймен, Өзбекстанмен, Қырғызбен, Ауғанстанмен және өзге азиялық елдермен байланыстыратын теміржол, автомобиль және авиация магистральдары қиылысатын Орта Азияның ірі көліктік торабы.

Әлемдік көліктік жүйемен әрі қарай интеграциялауға және ҚР аумағының транзиттік әлеуетін іске асыруға бағыттай отырып, Қазақстанның теміржол желісі мен автомагистральдарын жүйелі және мақсатты бағытталған түрде дамыту болашақта Астананы халықаралық маңызға ие ірі көліктік-логистикалық орталыққа айналдыруға мүмкіндік береді.

Экономика – негізінен құрылыс саласы және құрылыс материалдарын өндіру саласы дамытылған. Жоғары технологиялар саласы қалыптастырылуда.

Мәдениет. Білім. Қалада оннан астам мемлекеттік және жеке жоғары оқу орындары бар. Ең ірілеріе – «Назарбаев Университет» АҚ, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Мемлекеттік Медициналық Академия, Қазақ Аграрлық-Техникалық Университеті.

Қалада опера театры, қазақ және орыс драма театрлары, кинотеатрлар, цирк, мұражайлар, кітапханалар, океанариум, көрме залдары жұмыс істейді. Ең маңызды мәдениет объектілері 4 500 көрерменге арналған Тәуелсіздік сарайы, 3 500 көрерменге арналған Кино-концерт залы, опералық қойылымдарды өткізуге арналған сыйымдылығы 1 000 адамды құрайтын көпбейінді залы бар Бейбітшілік және келісім сарайы, Оқушылар сарайы және өзге де объектілер.

Спорт. Қалада бірнеше стадион, спорт сарайлары, көптеген спорт залдары мен бассейндер бар. Теннис корттары, гольф ойнауға арналған алаңдар бар. 30 000 көрерменге арналған жылжымалы шатыры бар жабық стадион салынды. Велотрек және Мұзайдын сарайы салынды.

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-13; просмотров: 156; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты