Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Католицизм




Қазақстанның католиктік құрылымы

Кеңес кезінде Қазақстан көптеген репрессия ұшырағандарды (этникалық немістер, батыстық украиндар, поляктар және т.б.) қамау және айдау орны болған, олардың басым бөлігі католиктер болған. Босатылғаннан кейін олардың көбісі республикада қалды. Қазақстанда діниазапкер блаж, о. Алексей Зарицкий, еп. Александр Хира, о. Владислав Буковинский, о. Алоизий Кашуба жасырын және жартылай жасырын жағдайларда қызмет етті. Қазақстандық лагерьлерде блаж. епископ Никита Будка және көптеген басқа адамдар қайтыс болды.

2001 жылғы 22-25 қыркүйек аралығында рим папасы Иоанн Павел II-нің Қазақстанға ресми сапары Қазақстанның католиктері үшін маңызды болды. Папа ел Президенті Н.Ә. Назарбаевпен, өзге де ресми тұлғалармен кездесті, сонда-йқаАстанадағы Отан ана алаңындағы месса кезінде халықпен, Еуразия университетінің жастарымен, Конгресс холлда ғылым және мәдениет өкілдерімен кездесті. Президент мынадай мәлімдеме жасады:

«Бүгінгі күні Католиктік шіркеу өзінің дәстүрлі миссиясын қалпына келтіруде: ғибадатханалар салуда, жаңа қауымдар ашуда. Бітімгершілік, ағартушылық және қайырымдылық істеріндегі оның қамқорлығы зор. Католиктер, өзге діндердің өкілдері тәрізді Қазақстан халқының бірлігі мен келісімін нығайтуға ұмтылады.»

Рим папасы кездесу барысында Қазақстанның дін басыларымен, епископтармен, шіркеу дін қызметкерлерімен, монахтықтармен, дінге сенушілермен сұхбаттасты. Папа Қазақстанға әлемдік масштабтағы оқиғаның дағдарыс сәтінде (2011 жылғы 11 қыркүйекте Нью-Йорктегі террористік акт) келді және сапар барысында ол дінге сенуші мұсылмандар мен христиандарды зорлық емес, махаббат өркениетін бірігіп құруға шақырды.

Папа Қазақстанда әртүрлі халықтардан құралған үлкен жанұяны көретіндігін айтты. Барлық деңгейлердегі қонақжайлылық үшін алғысын білдірді: «Мен осы кездесуді көптен бері қалап жүр едім, Қазақстанның барлық тұрғындарын үлкен ілтипатпен масаттана құшағыма алу – мен үшін үлкен бақыт».

1991 жылы Қазақстанның апостольдік администратурасы құрылды, оның басшысына Тәжікстандағы, Қырғызстандағы, Түркменстандағы және Өзбекстандағы дінге сенушілерді уақытша қорғау тапсырылды (осы елдердегі жекелеген миссиялар sui iuris (жеке құқық) 1997 жылы құрылды, кейінірек Өзбекстанда және Қырғызстанда Апостольдік администратуралар құрылды). Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында латын ғұрпының Католиктік шіркеуінің үш епархиясы жұмыс істейді: Астанада орталығы бар Әулие Мария архиепархиясы, Қарағанды епархиясы, Алматыда орталығы бар Әулие Үштік епархиясы, сондай-ақ Атырау апостольдік администратурасы. Сонымен қатар, грек-католиктердің бірнеше қауымдары жұмыс істейді. 2004 жылғы деректер бойынша католиктердің жалпы саны 183 мың адамды құрайды. Сол жылдағы деректер бойынша елде 72 католиктік дін қызметішісі және бірнеше жүз монахиналар бар.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-13; просмотров: 134; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты