Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Сұранысқа есептелетін өpic қосу.




2-мысал.Қоймаға келіп түскен киімдер жөнінде кесте құрылған (Кизат. 36-сурет). Кестеге әр типті (шифрлы) зат бағаларының қосындылары көрсетілген жаңа өpic қосып, оны сұраныс түрінде сақтау керек.

Жұмыс технологиясы:

1. ДҚ терезесін ашып, Сұраныстар — Құрукомандасын беру. Жаңа сұраныс терезесі көрінеді.

36-сурет. Киімдер, олардың саны және бағалары

 

2. Терезенің Конструктор қатарын екі рет шертіп, Сұраныс бланкісі терезесін ашу.

3. "Кестені қосу" терезесінен оның жоғарғы панеліне "Кизат" кестесінің өрістер тізімін орнатып, "Кестені қосу" терезесін жабу.

4. Бланкінің Өріс жолына өpic атауларын көшіру.

5. Осы жолдың келесі бос ұяшығына қос нүкте арқылы ажыра- тып, есептелетін өріс тақырыбы (мысалы, "Нәтиже") мен мәндерін анықтайтын өрнекті төменгі форматга енгізу (леп белгісінің алдында және соңында бос орын қалдырылмауы тиіс. Нәтижесөзі құрылған сұраныс өрісінің тақырыбы ретінде қабылданады):

Нәтиже: [Кизат]! [Саны] * [Кизат]![Баға-т]

Өрнекті пернетақта арқылы теруге не оны "Өрнек құрастырушы" арқылы автоматты түрде енгізуге болады. Бұлардың соңғысы әрі тез, әрі мұнда синтаксистік қате жіберілмейді. Ұяшыққа Нәтиже:тақы-рыбы енгізілген соң өрнек құрастырушыны пайдалану тәсілі:

1. "Құрастырушы" терезесін ашып, онда көрінген "Кестелер" бумасын екі рет шерту.

2. Көрінген "Кизат" кестесін таңдау. Оның өрістер тізімі ортаншы блокқа көшіріледі.

37-сурет. Есептеулер жүргізіліп құрылған сұраныс

 

3. "Саны" қатарын екі рет шерту.

4. Пернетақтадан * символын теріп алып, "Baga-т" қатарын екі рет шерту. Өрнек жоғарғы блокта көрінеді.

5. Оған қосылған "Выражение" сөзін алып тастап, терезенің ОК батырмасын шерту. Сұраныс бланкісінің өрісіне өрнек автоматты түрде көшіріліп қойылады.

6. Сұраныс бланкісін жауып, көрінген сұхбаттық терезеге сұраныс атауын енгізу. Құрылған сұраныс 37-суретте кескінделген.

Тапсырма."Разряд" өрістері арқылы байланыстырылған А және В кестелерін пайдаланып, өріс атаулары Фамилиясы-Аты, Разряд, Айлық, Ставка Қолына болатын сұраныс құру керек.

Нұсқау.Сұраныс бланкісінің соңғы өрісіне енгізілетін өрнек: Қолына: [А]! [Айлық] * [В]! [Ставка]


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 243; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты