Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Сұраныстар конструкторы




 

Конструктор— күрделі шарттарды қанағаттандыратын сұраныс құруға арналған арнайы терезесі бар негізгі құрал. Конструктор режимімен жұмыс технологиясы:

1. "Жаңа сұраныс" терезесін ашып (27-сурет), Конструкторқатарын екі рет шерту не қатарды тандап, ОК батырмасын шерту. Сұраныстар конструкторытерезесі және оған қосымша "Кестені қосу" сұхбаттық терезесі көрінеді Конструктор режимі терезесі Фильтр терезесіне үқсас, бірақ одан күрделі, оны әдетте Іріктеу бойынша сұранысне Сұраныс бланкісідеп те атайды.

29-сурет. Іріктеу бойынша сұраныс және Кестені қосу терезелері

 

2. "Кесте қосу" терезесінің "Кестелер" қондырмасын ашу. Деректер қорының кестелер тізімі көрінеді (29-сурет).

3. Тізімнен кестені не кестелерді тандап, "Қосу" батырмасын шерту. Тандалған кестенің Өрістер тізімі терезесі сұраныс бланкісінің жоғарғы бөліміне орнатылып қойылады.

Ескерту.Сұраныс құру үшін "Кестелерді қосу" терезесінен дайын сұраныстарды таңдау да мүмкін.

Сұраныс бланкісінің төменгі бөлімін толтыру:

1. Жоғарғы бөлімде көрінген кестелердің қажетті өріс атауларын екі реттен шертіп, "Өріс" жолының ұяшықтарына ретімен енгізу. Ұяшыққа өріс тақырыбы енгізілген сайын оның астында орналасқан "Кесте аты" жолының ұяшығына сәйкес кесте атауы автоматты түрде енгізіліп қойылады.

2. Экранға шығару жолының ұяшықтарына өрісті шығаруды растайтын ауыстырып қосқыштар автоматты түрде орнатылады. Егер олардың бірін экранға шығару қажет болмаса, сәйкес белгінің орна- тылуын алып тастау.

3. Іріктеу шарттары мен Немесе жолдарының сәйкес ұяшықтарына тандау шарттарын енгізу.

4. Топтық операция — таңдалған өрісті нақты функция арқылы өңдеу және таңдап қорыту жолы. Қажет болса, жолдың сәйкес ұяшығын шертіп, көрінген тізімнен пайдаланатын функцияны таңдау (мысал келесі тақырыпта берілген).

5. Қажет болса, сорттау жолының ұяшығына өріс бойынша сорттау командасын орнату.

Ескерту. а) Конструктор режимі терезесінде "Топтық операция" қатары көрінбеуі де мүмкін. Бұл кезде аспаптар панелінің сәйкес батырмасын шертіп не Көрініс — Топтық операциякомандасын беріп, оны енгізіп қоюға болады.

б) Конструктор режимі терезесінің жоғарғы бөліміне байланысты бірнеше кестелерді орнатып не оларды байланыстырып, "Өріс" жолына олардың кез келгенінен тандалған өрістерді енгізу де мүмкін. Құрылатын сұраныс осы өріс атауларынан тұрады.

6. Терезені жауып, көрінген терезе өрісіне сұраныс атауын беру және ол терезені де жабу.

Тапсырма.4.2-тақырыпта берілген тапсырманы Конструктор режимі терезесі арқылы орындаңыз.

Мысал."Сессия_Ст" және "Стипендия" кестелерін пайдаланып (3.5-тақырыпты қараңыз), стипендия тағайындауға арналған (бұй-рық жобасына енгізілетін) сұраныс құру керек.

Жұмыс технологиясы.

1. Сұраныс—Конструкторкомандасын беріп, Конструктор режимі терезесін экранға шығару.

2. "Кестені косу" терезесінен Конструктор терезесінің жоғарғы бөліміне "Сессия_Ст" және "Стипендия" кестелерінің үлгілерін (өрістер тізімін) орнату. Олар автоматты түрде байланыстырып қойылады (байланыстыру бұрын орындалған. Байланыстырылмаған кестелерді байланыстырып қою керек).

3. Сұраныс бланкісінің "Өріс" жолына "Сессия_Ст" кестесінен "Фамилиясы-Аты", "Стипендия" кестесінен "Пайыз" атауын көшіру. (Егер көшірілетін өріс атаулары көп болса, сұраныс бланкісі автоматты түрде оңға кеңейеді.)

4. "Іріктеу шарты" жолындағы "Пайыз" өрісінің ұяшығына >=2 шарттық өрнегін енгізіп (30-сурет), терезені жабу.

5. Сұраныс құрылымының өзгертілуін сақтау сұралатын сұхбаттық терезе көрінеді. Терезенің Иәбатырмасын шерту.

6. Сақталатын сұраныс аты сұралатын сұхбаттық терезе көрінеді. Терезеге атау енгізіп (мысалы, "Сессия1"), ОК батырмасын шерту.

Ол деректер қорының Сұранысбөліміне жазылып қойылады (31-сурет).

30-сурет. Сұраныс бланкісін толтыру

 

Фамилиясы Пайыз
Ахметов А.
Ермекова С.
Мамаев Л.

31-сурет. Бұйрық жобасына арналған Сессия1 сұранысы

 

Ескерту. Сұранысты бір өрісі бойынша сортталған түрде дайындау да мүмкін.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 591; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.013 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты