Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Рнек құрастырушы




Сұраныс бланкісі терезесінің Іріктеу шарттары жолына күрделі логикалық шарттарды (өрнектерді) енгізуде мүмкін. Өрнек литерал, оператор, функция, т.б. бола алады. Ол экранда сол күйінде көрінеді.

Литерал — тырнақша ішінде жазылған мәтін, мысалы, "Ахметов ".

Оператор — төмендегі операцияларды пайдаланып жазылатын, мәні тек Иә (True) не Жоқ (False) болатын логикалық ернек:

Арифметикалық :+,—,*,/, ^ (дәрежелеу);

Салыстыру: <, <=, >, >=, =, <>, Between (>=);

Логикалық: And (және), Or (немесе), Not(eмec); т.б.

Between .. And — аралықты таңдау операторы. Мысалы: >=1978 and <= 1989 жэне Between 1978 and 1989 түрінде берілген логикалық шарттар баламалы.

Access-тің құрамында көптеген стандартты функцияларбар. Мысалы:

Sin, cos, log, sqr, tan;

Max ( ) — сандық мәндер максимумын табу;

Sum( ) — мәндер қосындысын есептеу;

Avg ( ) — арифметикалық орта мәнді есептеу;

Count( ) — жазулар санын анықтау, т.б.

Өрнекті сұраныс бланкісінің белгіленген ұяшығына автоматты түрде кірістіруге мүмкіндік беретін Өрнек құрастырушыпроцедурасының терезесі бар (32-сурет). Оны ашу үшін аспаптар панелінің Құрастыру батырмасын шерту керек. Оңда жоқ болса, сұраныс бланкісін ашып, өрнек енгізілетін өріс ұяшығын оң батырмамен шерту керек. Көрінген пункттердің Құрастыру... (Построить...)қатарын таңдаса болғаны.

32-сурет. Өрнек құрастырушы терезесі

 

Өрнек құрастырушы терезесінің жоғарғы бөліміне төменгі бөлімінен екі рет шертілген не пернетақтадан терілген өрнек жазылып қойылады. Оның кейбір символдарын терезе ортасында орналасқан панельден таңдауға болады. Төменгі үш блоктың біріншісінде сұраныс құруға қажетті кестелер, өрнек құруға пайдаланылатын функциялар мен оператор бумалары және т.б. орналасқан. Буманы ашып, обьектіні таңдаған кезде оның элементтері ортаншы блокқа, элемент таңдалған кезде мәндері оң блокқа кірістіріліп қойылады.

Өрнек құрастырылған соң оның сұраныс бланкісінің курсор орналасқан ұяшығына кірістіру үшін құрастырушы терезесінің ОК батырмасын шерту керек.

Ескерту.Пернетақтадан енгізілетін өрнек элементтерінің кейбірі кіші пернетақтадан терілуі тиіс.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 177; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты