Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Кестені не кесте құрылымын көшіру




 

ДҚ терезесінен таңдалған кесте не оның құрылымы әдеттегідей алмастыру буфері арқылы көшірілуі мүмкін. Оны жанама мәзір арқылы көшіруге де болады. Бұл кезде орындалуы тиіс әрекеттер:

а) ДҚ терезесінің Кестелер қондырмасын ашып, кесте атауын оң батырмамен шерту.

б) Көрінген жанама мәзірдің Көшіру пунктін тандау.

в) ДҚ терезесінің кесте атаулары орналасқан облысын оң батырмамен шерту.

г) Көрінген жанама мәзірдің Кірістіру пунктін тандау. 16-суретте бейнеленген терезе көрінеді. (Мәзір арқылы буферден кірістіру командасын бергенде де осы терезе көрінеді.)

16-сурет. Кесте не құрылымын кірістіру терезесі

 

Одан әрі, кестені толық көшіру үшін терезенің "Кесте атауы" өрісіне жаңа кесте атауын енгізіп, "Құрылым және берілгендер" ауыстырып қосқышын орнату. Егер тек кесте құрылымын көшіру қажет болса, атау енгізілген соң онда "Тек құрылым" ауыстырып қосқышын орнату жеткілікті. Бұл кезде экранда тек өріс тақырыптары енгізілген бос кесте көрінеді. Оны толтыру әдісі әдеттегідей.

Тапсырма 1.Студенттер тобының математика пәнінен тапсырған емтихан нәтижесі жөнінде Сессия_Мататаулы кесте құрылған:

17-сурет. Сессия_Мат кестесі

 

1. Кестенің көшірмесін алыңыз.

2. Көшірменің "Шифр" өрісін өшіріп, қайтадан қалпына келтіріңіз.

3. Кестенің "Матем" өрісінен басқа өрістерді көшіріңіз.

4. "Матем" өрісін екі бағанға жылжытыңыз.

5. Кестеге 6-нөмірлі жаңа жазу қосыңыз.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 226; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты