Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Access-ті іске қосу. Деректер қорын құру. ДҚ терезесі




 

Access-ті іске қосу үшін Windows жұмыс үстелі арқылы Іске қосу —> Программалар —> Microsoft Accessкомандасын беру жеткілікті. ДҚ құруға ету не оны ашуға арналған сұхбаттық терезе көрінеді (1-сурет). Оның астыңғы қабатында Access-тің көмескі түрде (белсендірілмеген) өз терезесі байқалады. Access-тің негізгі мәзір пунктеріне енгізілген командалардың көпшілігі Windows командалары сияқты. Қажет болса, олардың қызметін Access-тің анықтамалық мәзірі арқылы анықтау қиын емес.


1-сурет. Access іске қосылған кезде көрінетін ДҚ құруға өту не оны ашу терезесі

 

Жаңа ДҚ құру үшін 1-суретте бейнеленген терезенің "Жаңа ДҚ" ауыстырып қосқышын орнатып, ОК батырмасын шерту керек. ДҚ құру терезесі көрінеді. Оның "Бума" өрісіне енгізілген тізімнен жаңа ДҚ орналастырылатын буманы таңдау және "Файл аты" өрісіне құрылатын БҚ атауын енгізу керек. Мысалы,Бума: Менің құжаттарым, файл (ДҚ) аты: Окам1. Одан әрі "Құру" батырмасы шертілуі тиіс. Access 97-де атау Access-тің ДҚ құруға өту терезесіне енгізіліп, экранға ДҚ терезесі шығады (2а-сурет). Access 97-де 22 түрлі аспаптар панелі бар. Олардың бірін экранға шығару не жасыру үшін Түр> Аспаптар панелі> Бапқа келтірукомандасын беріп, көрінген сұхбаттық терезеден сәйкес ауыстырып қосқышты орнату не алып тастау жеткілікті. Қор терезесінде БҚ құрамындағы алты объектімен жұмысты бастауға арналған алты қондырма бет бар: Кестелер, Сұраныстар, Формалар, Есептер, Макростар, Модульдер.Олардың алғашқы төртеуі негізгі объектілер.

Макростар— макрокомандалар (бірнеше командаларды біріктіріп орындайтын команда). Мысалы, Quit (шығу) - Access-тен шығу, Delete (жою) - макрокомандалар. "Макрос" қондырмасын пайдаланып ашылған терезеге макросты енгізуге болады.

2а-сурет. ДҚ терезесі

 

Модульдер — Visual Basic программалау тілінде жазылған ішкі программалар (процедуралар). "Модульдер" қондырмасы осы программалармен жұмыс істеуге арналған. Access-тің стандартты құралдары жеткіліксіз болған жағдайда программалаушы осы тілде программалық модульдерді жазып, жүйенің жұмыс істеу мүмкіндіктерін арттыруына болады.

Деректер қоры терезесінің оң жағында үш командалық батырма орналасқан: Ашу, Конструктор, Құру.

Ашубатырмасы қондырмадан таңдалған объектіні ашады. Егер объект кесте болса, оны көріп шығуға, жаңа жазу қосуға және кесте берілгендерін өзгертуге болады.

Конструкторбатырмасы қондырмадан тандалған объект құрылымын ашып, оны түзету, бапқа келтіру үшін пайдаланылады. Егер объект кесте болса, оған жаңа өрістер не бар өрістерінің қасиеттерін (типін, өріс ұзындығын, т.б.) өзгертуге не жаңа кесте құруға да болады.

Құрубатырмасының іс-әрекеті: жаңа объект құру үшін пайдаланылатын сұхбаттық терезені ашу.

Access 2000-да ашылған ДҚ терезесінің Жаңа ДҚ құру ауыстырып қосқышын орнатып, ОК батырмасын шерткен кезде файл аты сұралатын терезе ашылады. Мысалы, онда Okam1атауын берген соң көрінген ДҚ терезесі 2b-суретте көрсетілген. (Деректер қоры .mdbкеңейтілуі бойынша сақталады.) Одан әрі орындалатын жұмыс Access 97-де орындалатын жұмыстан көп айырмашылығы жоқ.

2b-сурет. Access 2000-дағы ДҚ терезесі

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 461; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты