КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Кесте құрылымы. Есептегіш өрісі
ДҚ кестесінде деректер адресі,Excel-дегі сияқты, жолдар мен бағандар қиылысы арқылы анықталады. Бағанды өріс(поле) деп, жолды жазу не жазба(запись) деп атайтыны жоғарыда ескертілген. Кестенің өріс құрылымы жөнінде ескеретін жайттар: · Өріс атаулары бірегей (қайталанбайтын) болуы тиіс. Атау ушін . (нүкте), ! (леп белгісі), [ , ] (ашу, жабу квадрат жақшалары) символдарынан басқа саны 64-ке дейін символдар тізбегін алуға болады. · Әр өріске бір типті ғана берілгендерді енгізу мүмкін. Типтер мәтіндік (текстік), сандық, дата/уақыт, логикалық, ақшалық болып бірнеше түрге бөлінеді. Мәтіндік өріс ұяшығына 256-ға дейін символдар тізбегін енгізуге болады. Қалған типті берілгендерді енгізу тәсілі олардың тип атауларынан белгілі. · Түрлі өріс түрлі қасиетті (қасиет — өріс типі, өpic ұзындығы, т. б.) · Кейбір жағдайларда Access-те ДҚ кестесінің бірінші өрісі етіліп автоматты түрде Код тақырыбы меншіктелген өpic қосылып қойылады. Оны Есептегіш (Счетчик) типті өріс деп атайды. Егер кестеде мұндай өpic бар болса, әр жазу енгізілген сайын оның реттік нөмірі осы өріске кірістіріліп қойылады.
|