КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Кестені қолдан құру. Кестені сақтау
Кесте— деректер қорының негізгі объектісі. Кесте құру үшін ДҚ терезесін ашып (2-сурет), Кестелер — Құрукомандасын беру керек (Кестелер қондырмасын, одан әрі Құру батырмасын шерту). Жаңа кесте сұхбаттық терезесі көрінеді (3-сурет). Онда кесте құрудың үш режимі бар: · Кесте режимі (кестені қолдан құру). · Кестелер шебері (кестені автоматты түрде құру). · Конструктор. (Access 2000-да 3-суретте көрінген терезені шығару үшін Кестені деректерді енгізіп құру — Құрукомандасын беру керек. Алғашқы кездерде кестені бірінші режим бойынша құрған жөн. Ол кесте құруға машықтандырып, түрлі терминдермен танысуға көмегін тигізеді. 3-сурет. Жаңа кесте терезесі Кестені қолдан құру технологиясы: 1. "Жаңа кесте" терезесінен "Кесте режимі" қатарын таңдап, ОК батырмасын шерту (режим қатарын екі рет шертуге де болады). 4-суретте кескінделген "Кесте1" атаулы бос терезе көрінеді. ("Кесте1" — Access тағайындаған кестенің уақытша атауы.) 2. Ретімен оның Өріс1, Өріс2,... тақырыптарын екі реттен шертіп, олардың орнына құрылатын кестенің өріс тақырыптарын (атауларын) енгізу. 3. Ұяшықтарға жазу элементтерін (өріс мәндерін) енгізу. Мысалы, кесте элементтерінің енгізілген түрі 5-суретте көрсетілген. Ұяшыққа ендірілген элемент оған сыймаса, оны ескерудің қажеті жоқ. Көрінісін көргіңіз келсе, көрсеткішті өріс тақырыбының шетіне әкеліп, баған сызығын әдеттегідей әрі-бері жылжытуға болады. Қатені түзету үшін BS не Del пернелерін пайдалану жеткілікті. 4-сурет. Кесте режимінде ашылған кесте құрылымы: 1 - Access-тің негізгі мәзір жолы; 2 - Access-тің аспаптар панелі; 3 — кесте тақырыбы жолы; 4 — кесте маркері (белгішесі); 5 - уақытша өpic тақырыптары; 6 - жол маркері (белгішесі); 7 — ұяшықтар; 8 — бірінші, алдыңғы, келесі, соңғы жолға өту батырмалары; 9 - қалып-күй жолы
4. Терезенің Жабу батырмасын шертіп, терезені жабу. Access кесте құрылымын сақтау сұралатын сұхбаттық терезе шығарады. Оның Иә батырмасын шерту. Ескерту.Кесте не басқа ДҚ объектілерінің берілгендері пернетақтадан енгізіліп, бекітілген(курсор басқа ұяшыққа көшірілген) сайын Access оларды автоматты түрде сақтап қояды.
5-сурет. Қолдан толтырылған Сессия кестесі
5. Кесте атауы сұралатын сұхбаттық терезе керінеді. Ассеss-тің уақытша тағайындаған атауын өзгерткіңіз келсе, жаңа атау енгізіп (мысалы, Сессия), ОКбатырмасын шерту. 6. Кілттік өріс құру сұралатын сұхбаттық терезе көрінеді (6-сурет). Егер Иә батырмасын шертсеңіз, Access автоматты түрде кестеге Кодатаулы есептегіш өрісті қосып қояды. Бұл өpic келешекте қажет болмаса, Жоқбатырмасын шерту (өрісті қолдан кілттік ету тәсілі 3.2-тақырыпта көрсетілген). 6-сурет. Кілттік өріс құру сұралатын терезе
Құрылған кесте ДҚ-ның Кестелер бөліміне жазылып қойылады. Дайындалған кесте мазмұнын көріп шығу үшін ДҚ терезесінің Кестелер қондырмасын ашып, кесте атауын, одан әрі Ашу батырмасын шертсе болғаны. Access кесте өрістері типтерін оларға енгізілген мәндер бойынша автоматты түрде анықтап қояды. Бірақ кейде өріске енгізілген бүтін сандық деректер типін мәтіндік деп белгілейді, т.б. Кесте құрылымын өзгергу қажет болса, "Конструктор" режимін пайдалану керек.
|