КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Кестелер арасында байланыс орнату. Деректер схемасы
Бастапқы және сыртқы кілттік өрістер.Деректер қорының бірдей атаулы өрістері бар кестелерді байланыстыру және олардың кілттік етілген кейбір өрістерін пайдаланып, басқа кесте құру — Access-тің негізгі ерекшеліктерінің бірі. Негіздік кестені басқаларымен байланыстыру үшіноның мәндері қайталанбайтын (бірегей) кілттік өрісі болуы және басқа кестенің осы атаулы өрісі болуы тиіс (бірегей кілттік өрісті бастапқы (первичный) кілттік өрісдеп атайды). Ол ұзын сандық типті кілттік өріс болуы міндетті. Егер кестеде мұндай өріс болмаса, оны құрып алуға болады. 18-сурет. Мысал.5-суретте кескінделген Сессия кестесін пайдаланып, стипендия тағайындау кестесін құру керек. Негіздік кестені мынадай шарттарды басшылыққа ала отырып құрайық (18-сурет): · барлық пәннен 5 алған студентке 125% стипендия тағайындау (кестеге оның кодын (кодтық санын) 3 деп енгізу); · барлық пәннен 4 не 5 алған студенттерге 100% стипендия тағайындау (оның коды үшін 2 санын енгізу); · басқа студенттерге стипендия тағайындамау (оның коды үшін 0 санын енгізу). Құрылған кестенің Стберу өрісі- бірегей. Сессия кестесін ашып, оған мәндері жоғарыда таңдалған кодтар арқылы жазылған Стберу өрісін қосып және оған жаңа ат беріп (мысалы, Сессия_Ст)сақтау қажет (19-сурет). Мұндағы Стберу өрісі бірегей емес, кестелерді 19-сурет. СессияСт кестесі
байланыстыру үшін ғана пайдаланылады. Мұндай кілттік өріс сыртқы кілттік өрісдеп аталады (сыртқы кілттік өрістің бірегей болуы да, болмауы да мүмкін). Кестелерді байланыстыру жолы: 1. Аспаптар панелінің Деректер схемасы (Схема данных) батырмасын шертіп не Сервис — Деректер схемасыкомандасын беріп, осы атаулы терезені ашу. 2. Мәзір арқылы Байланыстыру — Кестені қосукомандасын беріп не аспаптар панелінің "Кестені қосу" батырмасын шертіп, кесте атауларының тізімі енгізілген "Кестені қосу" терезесін шығару. (Егер кестелер арасында байланыс болмаса, Деректер схемасы терезесі ашылған кезде "Кестені қосу" терезесі бірге ашылады.) 3. Соңғы терезеден байланыстырылатын кесте атауларын таңдап, "Қосу "батырмасын шерту. Таңдалған кестелер Деректер схемасы терезесіне кірістіріліп қойылады. 4. "Кестені қосу "терезесін жабу. 5. Жылжыту және Қалдыру әдісі бойынша көрсеткішті Стипендиякестесінің кілттік Стберу өрісінен Сессия_Сткестесінің Стберу өрісіне жылжытып әкелу. Төменінде "Қатынас типі: "Бірі - Көбіне" жазуы орналасқан "Байланыстар" атаулы сұхбаттық терезе көрінеді (20-сурет). 20-сурет. Байланыстар терезесі
6. Терезенің "Берілгендер тұтастығын қамтамасыз ету" ауыстырып қосқышын орнатып, "Біріктіру "батырмасын шерту. "Біріктіру параметрлері"сұх6аттық терезесі көрінеді. 7. Терезеде "Стипендияның барлық жазбаларымен Сессия_Ст-ның байланыстырылған өрістері бірдей жазбаларын біріктіру "ауыстырып қосқышын орнатып, ОК батырмасын шерту. "Байланыстар " терезесі қайта көрінеді. 8. Оның Құру батырмасын шерту. Кестелер сызық арқылы "Стберу" өрістері бойынша байланыстырылып қойылады (21-сурет). 21-сурет. Деректер схемасы терезесі
Оларды пайдалану тәсілдерінің бірі — стипендия тағайындау бұйрығы. Ол 4.3-тақырыпта көрсетілген. Ескерту. Сервис — Деректер схемасыкомандасын беріп, кестелер арасында байланыс орнатылғанына көз жеткізуге болады. Жоғарыдағы екі кестенің байланыс түрімынадай: Негізгі Стипендия кестесінің бір кілттік кодына бағыныңқы Сессия_Ст кестесінің көптеген жазбалары сәйкес келеді. Мұндай қатынас типі Бірі— көбінеделінеді. Негізгі кестенің бір кілттік кодына бағыныңқы кестенің бір ғана жазуы сәйкес келетін жағдайлар да көп. Мұндай қатынас типін Бірі — бірінедеп атайды. Мысалы, негізгі Студентжәне бағыныңқы Сессия1кестелерінің (22, 23-суреттер) Нөмірөрістері арқылы қатынас типі: Бірі — біріне(Студент кестесінің Нөміратаулы өрісі — кілттік). Егер жазба сандары тең екі кесте кілттік өрістері арқылы байланыстырылса, мұнда да қатынас типі: Бірі — біріне.
22-сурет. Студент кестесі
23-сурет. Сессия1 кестесі
Access-тің ерекшеліктерінің бірі - байланысты кестелердің түрлі өрістерін пайдаланып, автоматты түрде жаңа кесте құруга болады.
24-сурет. Байланысты кестелер арқылы құрылған сұраныс
Мысалы, 22, 23-суреттерде кескінделген екі кестенің Фамилиясы, атыжәне Матөрістері арқылы құрылған кесте 24-суретте кескінделген. Мұндай кестені сұранысдеп атайды. Оның құрылу тәсілі келесі тақырыпта баяндалған. Кестелерді байланыстырып, жаңа кесте құру сияқты информацияның түрлі категориялары арасындағы қатыстарды анықтап, өңдей алатын ДҚ - реляциялық деректер қорыдеп аталатыны тараудың кіріспе бөлімінде айтылып кеткен болатын. Жоғарыда келтірілген мысал Access-тің реляциялық ДҚ екенінің бір мысалы.
|