Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Фильтрлеу




 

Excel-дегі сияқты, кестеден шартты қанағаттандыратын беріл-гендерді таңдап, жаңа кесте құру оны фильтрлеу (сүзгілеу)делінеді. Фильтрлеудің үш түрі бар:

· Таңдама бойынша фильтр;

· Әдеттегідей фильтр;

· Кеңейтілген фильтр.

Кеңейтілген фильтр фильтрлеудің алғашқы екі түрін де бірік-тіреді. Сондықтан осы тәсілді пайдалану түрі ғана қарастырылған.

Кеңейтілген фильтрді пайдалану жолы:

1. ДҚ терезесінің "Кесте" қондырмасын ашып, қажетті кестені таңдау және "Ашу" батырмасын шерту.

2. Мәзір арқылы Жазулар- Фильтр -> Кеңейтілген фильтркомандасын беру. Филътр терезесі көрінеді. 5-суретте бейнеленген Сессия кестесі үшін кеңейтілген фильтр терезесі 25-суретте кескінделген. Оның жоғарғы бөлімінде өріс атауларының тізімі енгізілген панель көрініп тұр.

25-сурет. Сессия кестесі үшін кеңейтілген фильтр терезесі

 

3. Осы атаулардың қажеттілерін екі реттен шерту. Олар терезенің төменгі блогының "Өріс" қатарының ұяшықтарына ретімен кірістіріліп қойылады.

Ұяшықтарға өpic атауларын кірістірудің екінші әдісі:

· өріс атауы сидірілетін Ұяшықты шерту. Тілсызық батырмасы көрінеді,

· батырманы шертіп, көрінген тізімнен қажетті өріс атауын таңдау.

4. "Іріктеу шарттары" қатарының ұяшықтарына сәйкес өрістерден таңдалатын шарт өрнектерін енгізу.

5. Қажет болса, "Немесе" қатарының ұяшықтарына қосымша шарттарды енгізу және "Сорттау" қатарындағы өріс ұяшығын шертіп, оған элементтерін сорттау типін енгізу (өспелі не кемімелі бойынша).

1— 4не 1—5 әрекеттер орындалған соң фильтрлеу арқылы дайындалған сұраныс кестесін экранға шығарып көріп шығуға болады. Ол үшін аспаптар панелінің "Фильтрді қолдану" батырмасын шерту не Фильтр — Фильтрді қолданукомандасын беру керек. Мысалы, "Фильтр" терезенің "Іріктеу шарттары" қатарының "Матем" өрісі ұяшығына = 5 шартын енгізіп, "ФамилиясыАты"өрісінің ұяшығына "Өспелі түрде" типі орнатылған кезде құрылған фильтрдің экранда көрінуі 26-суретте кескінделген. Оны экраннан алып тастау үшін Жазулар — Фильтрді алып тастаукомандасын берсе болғаны.

26-сурет. Кеңейтілген фильтр

 

6. Фильтр кесте сияқты автоматты түрде сақталады. Файл — Сұраныс түрінде сақтаукомандасы берілген кезде не аспаптар панелінің осы атаулы батырмасы шертілген кезде фильтрге атау сұралатын сұхбаттық терезе көрінеді. Атауды енгізіп, ОК батырмасын шерту жеткілікті. Файл ДҚ-ның "Сұраныстар" бөліміне жазылып қойылады.

Ескерту.Фильтр дайындау сұраныс құру сияқты орындалады, бірақ олардың айырмашылығы: сұраныс — объект (онымен түрлі редакциялау жұмысын жүргізе беруге болады), ал фильтр — тек сурет сияқты кескін.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 768; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты