КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Ескерту.1. Конструктор терезесінің Сипаттау бөлімін толтыру міндетті емес. 2. Конструктор режимі арқылы Жаңа кесте құру үшін терезенің Өріс атауы бағанына сәйкес тақырыптарды енгізу керек. 3. Кестеге жаңа өpic қосу қажет болса да, тақырыбын Өріс атауы бағанына енгізу жеткілікті. 4. Жаңа кесте құру үшін Кестелер — Конструктор командасының берілуі тиіс. Өріс қасиеттері
Әр кестенің өз құрылымы бар. Құрылым оның өрістер құрамы мен олардың қасиеттерінен тұрады. Өрістің негізгі қасиеттері — оның типі мен өлшемі. Access құрылған кестенің өріс қасиеттерін автоматты түрде орнатып қояды. Қажет болса, оны қолдан өзгерту де, ал жаңа кесте үшін қолдан орнату да мүмкін. Түрлі типті өрістердің қасиеттері түрлі-түрлі. Өріс типі таңдалған кезде оның қасиеттері Конструктор режимі терезесінің төменгі бөлімінде көрінетін Жалпықондырмасына енгізіліп қойылады. Мысалы, мәтіндік типті өрісөлшемі үшін стандартты 50 саны орнатылып қойылады. Өлшемді 1 мен 255 аралығындағы (1-255) символдар тізбегінен тұратын етіп алуға болады. 50-ді қалдыруға не өріс ұяшығына енгізілетін деректердің ең ұзыны сыятындай етіп, басқа санды, мысалы, 15-ті енгізуде мүмкін. Мәтіндік типті өріс үшін басқа қасиеттерді орнату міндетті емес. Мұнда ескеретін жайт — қасиеттер құрамында "Қолтаңба (подпись)"жолы да бар. Ол — формамен жұмыс істеу кезінде Access автоматты түрде меншіктейтін өрістің екінші атауы. Сандық типті өріс қасиеттерін орнату.Сандық өрістер бүтін не нақты сандар енгізілетін өрістер болып екіге бөлінеді. Конструктор режимінде бүтін сандық өріс таңдалған кезде Жалпы (Общие) панелінің (қондырмасының) пішіні 9-суретте кескінделген. Жаңа құрылатын кестеде сандық өріс құру не өрісті бапқа келтіру үшін қондырмадан өріс өлшемін, өріс форматын (қажет болса, ондық таңбалар санын) орнатып қою керек. Қондырмада типке сәйкес тізімді экранға шығару үшін көрінген сәйкес қатардың тандалуы тиіс. Қатардың оң жағында тілсызықбатырмасы пайда болады. Оны шертіп, көрінген тізімнен қажеттісін таңдау керек. Мысалы, өріс өлшемі үшін экранға шығарылған тізімнен Ұзын бүтін(длинное целое) қатарын шерту. 10-суретте көрсетілген тізім көрінеді. Тізімде көрінген Байт— [0; 255], Бүтін - [-32708; 32767], Ұзын бүтін - [-2147483648; 2147483647], Жылжымалы нүктелі - [1.401298E-45; 3.402823Е+38] сәйкес аралықтарда сақталатын сандар.
9-сурет. Сандық типті өріс қасиеттері енгізілген қондырма
10-сурет. Сандық өріс өлшемдері
Қондырмадан Өріс форматы мен ондық таңбалар санын орнату қатарларын тандап, қатарда көрінген тілсызық батырмасын шерткен кезде керінетін тізімдер 11, 12-.суреттерде көрсетілген. 11-сурет. Сан форматы 12-сурет. Ондық таңбалар саны
Дата/Уақытжәне Ақшалықтипті өpic қасиеттерін орнату тәсілдері де жоғарыдағы сияқты. MEMO өрісі.Өріс мәтіндік өpic сияқты, бірақ ол ұяшықта [257 ... 65535] аралығындағы символдар тізбегінен тұратын ұзын типті мәтіндік деректерді сыйдыру үшін тандалады. MEMO өрісінің ерекшелігі — деректер басқа жерде сақтауға жіберіледі де, ол орналастырылған орында сілтемекөрсеткіш қана сақталады. Логикалықжәне Есептегіштипті өріс форматтарын Access авто-матты түрде өзі орнатады. Логикалық өріс ұяшығына ауыстырып қосқыш белгісі енгізулі турады. Оны орнату ұяшықта логикалық Иә (ақиқат), орнатуды алып тастау Жоқ(жалған) мәнін енгізу деп қабылданады. Есептегіш типті өріс жөнінде 1-тақырыпта түсініктеме берілген. OLE объектісінің өрісібасқа программалар арқылы құрылған сурет және т.б. объектілерді кірістіру үшін, Гшіерсілтеме өрісіИнтернет не басқа объектінің файлдарымен байланыс орнату үшін гиперсілтеме мәтінін енгізу үшін құрылады. Алмастыру шебері— өріс типтерінің соңғысы етіп енгізілген элемент (8-суретті қараңыз). Ол тип атауы емес, кестелер байланысын орнатуға арналған ішкі программа. Кітапта кестелер байланысын құрудың басқа тәсілі баяндалған (3.5-тақырыпты қараңыз).
|