Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Деректер қоры. Реляциялық деректер қорын басқару жүйелері




Кіріспе

 

Өндірісте, ауыл шаруашылығы мен оқу орындарында, коммерциялық мекемелерде және т.б. салаларда түрлі берілгендерді дайындау, оларды өңдеу, сақтау жиі кездеседі. Мысалы, жоғарғы оқу орындарында дайындалатын мөліметтер:

· түрлі бөлімдерде жұмыс істейтін адамдардың тізімі (фамилия сы, аты, білімі, адресі, үй телефоны, т.б.);

· факультеттер, олардың құрамындағы кафедралар мен кафедра қызметкерлерінің тізімдері;

· студенттер жөнінде мөліметтік тізімдер, т.б.

Оларды сақтаудың көп тараған өдісі — компьютерде деректер қоры түрінде сақтау. Деректер қоры (ДҚ)— құрылымы берілген тәсіл бойынша ұйымдастырылған арнайы форматтағы файл (деректер қорын , кейде берілгендер қорыдеп те атайды). ДҚ-да сақталатын берілгендер кесте түрінде дайындалады. Яғни дискілік файл — деректер қоры, оған енгізілетін кесте - ДҚ құрамында сақталушы объект(объект — қасиеттері, өрістері бар, өзімен түрлі әрекеттер орындауға болатын нәрсе, мысалы, кесте). Деректердің байланысты элементтер тобын жазба(не жазу)деп атайды.

Деректерді және олардың арасындағы байланыстарды ұйымдастырудың түрлі типтері бар: иерархиялық, реляциялық және тораптық.

ИерархиялықДҚ-ында жазба элементтері реттеліп жазылады да, оның бір элементі негізгі, қалғандары бағыныңқы элементтер деп есептеледі. Мұнда элементтер нақты тізбек бойынша сатылы түрде реттеліп қойылады. Онда берілгендерді іздеп табу саты бойынша төмен бағытта жүргізіледі. Мысалы, Norton Commander программасындағы каталогтар, білім жүйесіндегі иерархиялық кластар тізімі, т.б.

Реляциялық ДҚ— кесте түрінде дайындалған берілгендер. Ол ең көп тараған берілгендер қоры (relation — қатыс, байланыс), кестелер арасындағы байланыстар - жиі пайдаланылатын ең маңызды ұғым. Деректер қорында жазбаүшін кесте жолы түсініледі, кестеде қайталанатын бірдей жолдар болмайды. Кесте бағанын құрайтын жазба элементтері өрісдеп аталады. Өрістің негізгі ерекшелігі — бір өріс элементтері бірдей типті етіп құрылады, мысалы, саңдық не символдық.

Бұл — реляциялық деректер қорының Excel-ден негізгі айырмашылығы (Excel-де бір өріс элементтері түрлі типті бола береді және ол тек бір пайдаланушыға ғана арналған, ал реляциялық ДҚ-мен көптеген адамдар жұмыс істей береді). Мұндай ДҚ-да кестелерді байланыстырып, олардың кейбір өрістері арқылы түрлі жаңа кестелер құруға да болады. Мұндай кестелерді сұраныстардеп атайды (сұраныс жөнінде кітаптың 4-тақырыбын қараңыз).

Реляциялық деректер қорын құру және онымен жұмыс істеуді басқару үшін көптеген арнайы программалар дайындалған: dBASE, FoxBase, FoxPro, Access,т.б. Оларды Деректер қорын басқару жүйелері (ДҚБЖ)деп атайды.

Алғашқы кездерде қолданылып жүрген dBASE-тің түрлі нұсқалары, FoxPro,т.б. жүйелер әрі программалау тілдері, әрі ДҚБЖ болатын және олар MS DOS жүйесінде жұмыс істейтін. Программа-лаудың кіші бизнестік сияқты шағын мекемелерде көп қиындық туғызатыны белгілі. Осы себепті, соңғы жылдары пайдаланушыдан программалауды қажет ете бермейтін Microsoft office (Windows) құра-мына кірістірілген реляциялық ДҚБЖ-лері, оның ішінде Accessатаулы жан-жақты мүмкіндікті ДҚБЖ-нің бірнеше нұсқалары жарық көрді: Access 2.0, Access 7.0, Access 97, Access 2000(access — кіру, еркін ену). Бұлар жұмыс істеуге жеңіл және анықтамалық жүйелері барынша жетілдірілген күрделі программалар.

Access, Excel, Word сияқты күрделі программалар арқылы дайындалған кестелердің ерекшеліктерінің бірі — олар бірінен екіншісіне жеңіл түрде жіберіле және қабылдана алады.

Acces 97 және Access 2000-мен жұмыс тәсілдері шамалас, тек Access 2000-ге қосымша мүмкіндіктер, мысалы, мәзір жолын дайындау; форма мен есептерге стандартты аспаптар панелі мен мәзір жолын кірістіру; дайындалған объектілер жиынын байланыстырып, бір тұрақтыға біріктіру; Access-ті Интернетте пайдалану және т.б. тәсілдер енгізілген. Кітапта Access 97-ні пайдаланудың негіздері сипатталған, онымен жұмыс бөлек болған кезде ғана Access 2000-мен жұмыс істеу жолдары да қосылған. (Access 2000 мазмұны жөнінде кең түрде танысу үшін [22] және т.с.с. әдебиеттерді қараңыз).


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 1132; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты