КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Диаграмма құру
Кестенің сандық өріс мәндерін көрнекі түрде салыстыру үшін оларды диаграмма түрінде көрсеткен дұрыс. Диаграмма құру төрт қадамдық сұхбаттық терезесі бар Диаграмма шебері программасы ар-қылы орындалады. Мысалы, кітапханада бар оқулықтар жөнінде құрылған Кітапхана1 кестесі үшін (49-сурет) диаграмма құру жолы: 49-сурет. Кітапхана кестесі
1. ДҚ терезесінде Есептер — Құру командасын беріп, Жаңа есеп терезесін ашу. 2. Терезенің Диаграмма шебері қатарын және тізімнен Кітапх1 атауын тандап, ОК батырмасын шерту. Шебер іске қосылады. 3. Бірінші қадам терезесінде көрінген өріс атауларының қажеттілерін Диаграмма өрістері панеліне көшіру. 4. Екінші қадам терезесінде диаграмманың 20 типі көрсетілген. Олардың қажеттісін (гистограмма типін) таңдау. 5. Үшінші қадам терезесінде диаграмманың үлгісі көрсетілген. Атаулар, Сумма — Саны батырмаларын Үлгі облысына, терезенің оң жағында көрінген өpic атауларын диаграммада жаңадан көрінген сәйкес Данные, Оси өрістерінің үстіне жылжытып әкелу. Егер көлденең осьте атауларды, тік осьте сандық мәндерді орналастырғыңыз келсе, өзгерістер енгізудің қажеті де жоқ. 6. Төртінші қадам терезесінде, қажет болса, диаграммаға атау енгізу, мысалы, Кітап сандары. Ол салынған диаграмманың үстіне ірі әріптермен тақырып ретінде жазылып қойылады. Кітапх1 кестесі үшін құрылған диаграмма 50-суретте кескінделген. 50-сурет. Кітапхана1 кестесінің диаграммасы
Құрылған диаграмманың кейбір бағандары көзге түсерліктей көрінбеуі де мүмкін. Бұл кезде диаграмманы төмендегі түрде редак-циялап шығуға болады: 1. Кестенің қажетті өрістерін (мысалы, Кітапх1 кестесінің Атаулар, Саны өрістерін) буферге көшіру. 2. Диаграмманы конструктор режимінде ашып, көрінген үлгісін екі рет шерту. Microsoft Graphқосымша программасы іске қосылып, Access тағайындаған кесте және әрбір элементі объект болатын диаграмма терезесі көрінеді. 3. Кестенің алғашқы өрістеріне буферге енгізілген өрістерді кірістіріп (қолдан енгізуге де болады), қалған өрістерін өшіру. 4. Диаграмма терезесін таңдап, мүмкіндігінше үлкейту. 5. Диаграмманың құрылу облысын таңдап, оны да терезе ішінде мүмкіндігінше үлкейту. Легенда қажет емес, оны алып тастау. 6. Қажет болса, диаграмма тақырыбын өзгерту және диаграмма мен оның астына жазылған өріс мәндерін редакциялау (шрифтін кішірейту және оларды көлбеу орналастыру). Мәндерді редакциялау үшін осьтің бірін екі рет шерту. Ось форматы сұхбаттық терезесі көрінеді. Редакциялауды терезенің Шрифтер және Туралау қондырмалары арқылы орындау қиын емес. Диаграмма түрін өзгерту үшін диаграмманы екі рет шерту керек. Көрінген Деректер қатары форматы терезесінен оның жиек сызық-тарын, диаграмма бағанының боялу түсін, қалыңдығын және баған-дардың аралықтар қашықтығын орнатуға болады. 7. Деректер мәзірін ашып, оның Қатарлар бағандар құрайды қатарын ерекшелеу (диаграмманың бір бағанын шертуге де болады). 8. Файл — Шығу және диаграммага қайтукомандасын беру. Graph жұмысын аяқтап, Конструктор терезесі қайта көрінеді. Терезеде диаграмма толық көрінетіндей түрде деректер облысын кеңейтіп қойған жөн. 51-сурет. Graph арқылы редакцияланған диаграмма
9. Конструктор терезесін жабу. Редакцияланған есеп 51 -суретте кескінделген.
|