Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Макрос дайындау




Макрос - макрокоманда не макрокомандалар жиынтығы. Оны дайындап, қажетті кезде іске қоса беруге болады. Access-те көптеген стандартты макрокомандалар бар:

Шығу(Выход) — Access-тен шығу;

ФормаАшу(ОткрытьФорму) — форманы ашқан кезде онымен қатар екінші, белгіленген форманы да ашу;

ҚосымшаныІскеҚосу(ЗапускПриложения) — Access қосылулы тұрған кезде Windows немесе MS DOS-тың басқаруымен жұмыс істейтін программаны іске қосу;

Мәлімет (Сообщение) - дайындалған мәтіні бар терезені экранға шығару;

Өзгерту(Изменение) — өрістегі мәнді өзгерту және т.б.

2-мысал. Access-пен жұмыс істеу кезінде Excelэлектрондық кестесі іске қосылатын макрос дайындау керек.

1. ДҚ терезесінен Макрос — Құрукомандасын беру. Макрос1 : макрос терезесі көрінеді.

2. Терезенің жоғарғы бөлігінен макрокомандалар тізімін ашып, ҚосымшаныІскеҚосу (ЗапускПриложения) пунктін таңдау. Төменде Командалық жол өрісі көрінеді.

3. Өріске электроңдық кесте атауын (Excel)енгізіп, терезені жабу. Макросты сақтау сұралатын терезе көрінеді. Оның батырмасын шерту.

4. Соңғы терезеде макросқа атау беріп (мысалы: Excel1),терезені жабу. Атау ДҚ-ның макростар қондырмасына жазылып қойылады. Қондырмадан Excel1 — Іске қосукомандасын беріп, қосылған Excelэлектрондық кестесімен жұмыс істей беруге болады. Кесте терезесі жабылған кезде жүйе Access терезесіне қайта оралады. Бұл да Windows қосымшаларының OLEтехнологиясы бойынша жұмыс істейтінін көрсететін ерекшеліктерінің бірі.

3-мысал."Access-пен жұмыс істеуде Р. Қадірбаевадан кеңес алыңыз" мәтіні жазылған мәліметтер терезесін шығару керек.

Макрос1 терезесінен Мәлімет (Сообщение) макрокомандасын таңдап, терезенің төменгі бөлігінде көрінген өрістерді мынадай түрде толтыру:

Сообщение — Access-пен жұмыс істеуде Р. Қадірбаевадан кеңес алыңыз.

Сигнал — Нет.

Tun — Отсутствует.

Заголовок — Ескерту (толтырмауға да болады).

Әрі қарай орындалатын іс-әрекеттер 2-мысалдағы сияқты.

Тапсырма.Access қосылулы тұрған кезде WordPadмәтіндік редакторын іске қосатын макрос құрыңыз.

4-мысал.Бір форма экранға шығарылатын кезде екінші форманы да шығаратын макрос құру керек. Мысалы, Сессия_Мат, Сессия_Сткестелері арқылы сәйкес бағандық формалар құрылған болсын. Макрос объектісі (қондырмасы) арқылы Сессия_Мат формасы экранға шығарылған кезде Сессия_Ст формасы да бірге шығарылатын болсын (53-сурет).

53-сурет. Бірге ашылған формалар

 

1. Макрос — Құрукомандасын беріп, макрокомандалар тізімінен ФорманыАшу (ОткрытьФорму) макросын таңдау және аргументтер облысындағы Форма аты (Имя формы) қатарына Сессия_Ст форма атауын орналастыру.

2. Макрос терезесін жауып, оны Ашу: Сессия_Статауы бойынша сақтау.

3. Сессия_Мат формасын конструктор режимінде ашып, оның сызғыштар қиылысындағы батырманы оң батырмамен шерту. Жанама мәзір көрінеді.

4. Мәзірдің Қасиеттер (Свойства) қатарын тандау. Форма панелі (терезесі) ашылады.

5. Оның Ағымдық жазба (Текущая запись) қатарында көрінген тілсызық батырмасын ашып, "Ашу:Сессия_Ст" форма атын тандау.

6. Панельді жабу.

ДҚ терезесінен Сессия_Мат формасын іске қосқан кезде осы формамен бірге Сессия_Ст формасы да бірге ашылады (53-сурет).

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 271; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты