КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Лексика-грамматикалық тапсырмаларСтр 1 из 15Следующая ⇒ Тәжірибелік сабақтар 1-сабақ
Лексикалық тақырып: Ана тілі - дүниетаным құралы
Тірек сөздер мен сөз тіркестері
Мәтінді оқыңыз. Әрбір елдің қуатты күші, байлық-бақыты экономикалық даму деңгейімен ғана емес, сонымен бірге мәдени, рухани өресімен айқындалады. Ал мәдени өре, рухани талғам дегеніміз тілге тікелей тәуелді екені белгілі. Тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Ана тілі сол тілде сөйлейтін халықпен бірге өмір сүреді және сол халықтың өкілдері үшін қарым-қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Қазақ тіл білімінде «ана тілі» терминін алғаш ұсынып, ғылыми айналымға енгізген Ахмет Байтұрсынов. Халықтың дәстүрлі дүниетанымында ана тілі жөргекте жатқанда, бесіктен бойы озғанша, ананың аялы алақанынан, әлдилеген бесік жырынан басталады. Осы отбасы, ошақ қасындағы ата-ана қарым-қатынасынан қалыптасқан тіл қоғамдық ортада ел-жұртының салт-дәстүрін тану, ана тілінің сырын ұғу арқылы жалғаса береді. Өз ана тілін білмеген, қадірлемеген адам өзін дүниеге әкелген, мәпелеп өсірген анасын да, ел-жұртын да, Отанын да сүйе алмайды. Әрбір азаматтың өз ана тілін құрметтеуі тек анасының ақ сүтін өтеу ғана емес, қоғам алдындағы азаматтық парызы болып табылады. («Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы) Лексика-грамматикалық тапсырмалар 1-тапсырма. Мына сұрақтарға мәтіннен жауап іздеңіз. 1. Қазақ тілі қандай тіл? 2. «Ана тілі» терминін алғаш ұсынған қай ғалым? 3. Ана тілін білмеген адам туралы ойыңыз. 4. Азаматтық парыз дегенді қалай түсінесіз?
2-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңыз. 1. Ана тілі сол тілде сөйлейтін ........ бірге өмір сүреді. 2. Тілінен айрылған ........... өзіне тән барлық қасиетін жоғалтады, ....... болудан қалады. 3. Қазақ тілі – қазақ ............ ана тілі.
3-тапсырма. Мына пікірге өз көзқарасыңызды білдіріңіз. (мына сөздерді пайдаланыңыз, өйткені, себебі, әрине, жоқ, иә, дұрыс, неге, бірақ, сондықтан). «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан қол үзеді. (Ғабит Мүсірепов).
4-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыз. 1. Тіл болмаса, ................ болмайды. 2. Тіл болмаса, .................. болмайды. 3. Тіл болмаса, .................. болмайды. 4. Тіл болмаса, .................. болмайды. 5. Тіл болмаса, .................. болмайды.
5-тапсырма. Керекті жалғауларды қойыңыз. 1. Түркі халықтар ......... ішіндегі ең суретшіл, бейнелі тіл – қазақ тілі. 2. Қазақтар - өзінің шешендігі....., әсем ауыз әдебиеті..... даңқты. 3. “Туған тіл.... – тірлігім...... айғағы” (Ә.Тәжібаев).
6-тапсырма. Мына өлең жолдарына өз ой-пікіріңізді білдіріңіз. “Әркімнің туған тілі – туған шеше, Оған бала міндетті сан мың есе” (Сәбит Мұқанов).
7-тапсырма. Жақшаны ашып, сөз тіркесін аударыңыз, сәйкес тұлғасына қойыңыз. 1. (Родного языка) жырламаған адам жоқ. 2. Менің (родной язык) – шексіз бай, өте көркем. 3. Өз атамекенімізде жүргендіктен (на своем языке) сөйлеу – басты (долг). 4.Тіл әрбір адамның бойына (материнским молоком) бірге еніп, қалыптасады.
9-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.
2-сабақ
|