Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Ойтүрткі.




1. Бәсекеге қабілетті тауар шығару үшін кәсіпорынға не қажет?

Сіздің ойыңыз: 1. ______________________________________

2. ______________________________________

3. ______________________________________

Мемлекетімізде тиімді нарықтық экономика құруда, бәсекелестік ортаның қалыптасуында шағын және орта бизнестің маңызы өте зор.

Әлеуметтік тәжірибенің көрсетуінше, шағын және орта бизнес нарықтық экономикаға тез және тиімді әсер етеді. Өндірістік өнімнің өсу қарқыны халықтың жалпы сұранысымен тығыз байланысты. Тауардың белгілі бір нарықта қарқынды өтуі үшін ол бәсекелестікке қабілеті жоғары тауар болып, сапасы бекітілген стандартқа сәйкес келуі керек.

Бәсекелестікті жеңіп, басып озу үшін, осы заманға сай, бәсекелестік қабілеті жоғары тауар (өнім) шығару керек.

Бәсекелестікке қабілеті жоғары тауар шығару мыналардан тұрады:

- қосымша пайда түсіретін тауар жасау идеясын қалай, қайдан алу, іздеу;

- ол үшін нарықты зерттеу (ерекшелігін, қаншалықты қажеттілігін, ассортиментін, қасиетін, пайдасын);

- өндіру (аз шығынды қолайлы өндіріс);

- тиімді баға белгілеу;

- жарнама (тауар жөнінде ақпарат, тұтынушыны ынталандыру, сатып алуды жеңілдету, сыйлықтар, конкурстар, т.б.);

Бәсекелестік қабілеті жоғары тауар жасау тиімділігі тұрақты пайда мен тұрақты сұранысты қамтамасыз етеді.

 

Бәсекелестікке қабілеті жоғары тауар құру   → Идея жасау
  →

 

Нарықты зерттеу

↑ қанағаттанарлықсыз ↓

Жоспарланған табыс деңгейі   → Қосымша табыс табу   → өндіру

↑ қанағаттанарлық ↓

Өткізу   ← Жарнама   ← Баға белгілеу

 

1-тапсырма. Көрсетілген сурет бойынша кәсіпорынның мақсат-міндетін әңгімелеп беріңіз.

 

2-тапсырма. Белгілі бір өнім шығаратын кәсіпорын менеджері ретінде өз идеяларыңызды ортаға салыңыз (суреттегі көрсетілген тәртіппен).

 

3-тапсырма. Мәтінді бірнеше абзацқа бөліп, ат қойыңыз.

 

4-тапсырма. Керекті жалғауларды жалғаңыз.

1. Шағын және орта бизнес нарықтық экономика... тез және тиімді әсер етеді.

2. Тауар.... белгілі бір нарықта қарқынды өту.. үшін ол бәсекелестік... қабілеті жоғары тауар болуы керек.

3. Өндірістік өнім... өсу қарқыны халық.... жалпы сұранысы.... тығыз байланысты.

4. Бәсекелестік... жеңу үшін, бәсекелестік қабілет... жоғары тауар шығару керек.

 

5-тапсырма. Екі қатардағы сөздермен сөйлем құрастырыңыз.

 

1) Кәсіпорынның қосымша пайда табуы үшін А) халықтың жалпы сұранысымен тығыз байланысты.
2) Бәсекелестік қабілеті жоғары тауар жасау тиімділігі Ә) жаңа бәсекелестікке қабілеті жоғары тауар шығару керек.
3) Тауардың белгілі бір нарықта қарқынды өтуі үшін Б) осы заманға сай, бәсекелестік қабілеті жоғары тауар шығару керек.
4) Өндірістік өнімнің өсу қарқыны В) ол бәсекелестікке қабілеті жоғары тауар болып, сапасы бекітілген стандартқа сәйкес келуі керек.
5) Бәсекелестікті жеңіп, басып озу үшін Г) тұрақты пайда мен тұрақты сұранысты қамтамасыз етеді.

 

6-тапсырма. Жақшаның ішіндегі сөздерді қазақ тіліне аударыңыз.

1. Әлеуметтік тәжірибенің (по показаниям). шағын және орта бизнес (рыночной экономике) тез және тиімді әсер етеді.

2. Бәсекелестерді (опередить) үшін, осы заманға сай тауар шығару керек.

3. Өнімнің (интенсивный) өсуі халықтың (спросом) тығыз байланысты.

 

7-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

 

17 - сабақ


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 310; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты