Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Дүниежүзілік Сауда ұйымы




 

Дүниежүзілік Сауда ұйымының басқару құрылымы Женева қаласында. Ұйымға мүше мемлекеттер саны 130-дан асады. Олардың қатарында қуатты мемлекеттерден – АҚШ, Жапония, Албания елдерімен бірге аты-жөні көпшілікке таныс емес, картадан іздеп табудың өзі қиын елдер – Денмарк, Гамоа сияқты республикалар да бар. ТМД елдерінің ішінде Қырғызстан, Грузия, Молдова осы ұйымға мүше. Әзірге ұйымға мүше болуға ойланып отырған мемлекеттер қатарына Әэірбайжан, Белорусь, Қазақстан, Ресей, Украина және Өзбекстан.

Ұйымға мүше болған елдер өндіретін шикізатты, дайын өнімді ұйымға мүше елдерге еш кедергісіз шығаруға мүмкіндік алады. Және олар ДСҰ-ның ережесі бойынша әлемдік сауда аймағындағы ортақ тәртіпке бағынуы керек. Мысалы, кеден және басқа да салықтар көлемі бәріне бірдей болады.

Сонымен, Дүниежүзілік Сауда ұйымына кіру Қазақстанға тиімді ме?

 

3-тапсырма. Төмендегі айтылған пікірмен келісесіз бе?

Топ болып талқылаңыздар.

 

Тиімді жағы Тиімсіз жағы
1.Ұйымға мүше болу – біз үшін әлемдік нарыққа шығудың жаңа мүмкіндігін ашады. 1. Қазіргі күні Қазақстан өзіне күшті бәсекелес болатын елдерге өз нарығын толық ашуға әлі дайын емес.
2. ДСҰ-ға мүше болу арқылы Қазақстан әлемдік нарыққа шыға алады. 2. Ауыл шаруашылығы мен жеңіл өнеркәсіптің бәсекелестік қабілеті төмен.
3. _____________________ 4. ______________________ 3.________________________ 4.________________________  

4-тапсырма. Тірек сөздер мен сөз тіркестерін меңгеріңіз.

 

5–тапсырма. Мәтінді аударыңыз.

 

6 – тапсырма.Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Дүниежүзілік Сауда ұйымы дегеніміз не?

2. ДСҰ-ның басқару құрылымы қай қалада орналасқан?

3. Ұйымға қандай мемлекеттер мүше бола алады?

4. ДСҰ-ға мүше болудың тиімді жақтары қандай?

5. ДСҰ-ға мүше болудың тиімсіз жақтары қандай?

6. Қандай халықаралық ұйымдарды білесіз?

 

7–тапсырма. Сөздікті пайдаланып, сөйлемдерді орыс тілінен қазақ тіліне аударыңыз.

1. Вступая в ВТО Казахстану необходимо развивать селькохозяйственное производство.

2. Сельское хозяйство страны находится в кризисном (дағдарыс) состоянии.

 

8–тапсырма. Керекті жалғауларды жалғаңыз.

1. Дүниежүзілік Сауда ұйымы....... басқару құрылым.... Женева қаласында.

2. ДСҰ-ға мүше елдер әлемдік сауда аймағы........ ортақ тәртіпке бағыну..... керек.

3. Ұйым..... мүше мемлекеттер саны 130-дан асады.

 

9–тапсырма. Екі бағандағы сөздерді мағынасына қарай дұрыс топтастырыңыз.

 

 

1. Ұйымға мүше болу – біз үшін А) Женева қаласында
2. ДСҰ-ның басқару құрылымы В)   Әлемдік рыноққа шығудың жаңа мүмкіндігін ашады.
3. Әзірге ұйымға мүше болуға ойланып отырған мемлекеттер С) Қырғызстан, АҚШ, Жапония, т.б.
4. Ұйымға мүше мемлекеттер Д) Әзірбайжан, Ресей, Украина, т.б.

 

10-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестеріне керекті жалғауларды жалғаңыз. Сөйлем құрастырыңыз.

(б.с) өндіретін шикізат...., (і.с.) дайын өнім...., (і.с.) ДСҰ-....., (б.с.) кеден...., (т.с.) салық......

11–тапсырма. Керекті сөздерді, сөз тіркестерін тауып, орнына қойыңдар. Мақал – мәтелдердің мағынасын түсіндіріңдер.

1. Еңбек етсең, ... .

2. ... көз жоқ.

3. ... табады,

Сұраған ... .

4.Теңгелі жерде ... ... .

5. ... сорпасы татымас.

6. Көре-көре ... боларсың,

Сөйлей-сөйлей ... боларсың.

 

Керекті сөздер: шешен, теңдік жоқ, емерсің, арзанның, іздеген, көсем, ақшада, алады.

 

21 -сабақ

Лексикалық тақырып: Еуропалық одақ

 

Сөздерді есте сақтаймыз

бірлестік – объединения

қатысуымен – с присутствием, с участием

негіз – основание, основа, фундамент

одақ – союз

қауымдастық – ассоциация

ынтымақтастық – сотрудничество, содружество

айқындау – выяснить, уточнить, вскрыть

бағыттар – направления

өрістету – расширять, распрастранение

енгізу – включить, внедрить

айналым – оборот

есеп айырысу – рассчет (расчитываться)

төлем – платеж

құқын қорғау – защищать право

орындау – выполнить

серіктестік – компания

бағдарлама шеңберінде – в рамках программы

қарым-қатынастар – отношения

мақсат – цель

қорыту – плавить, выплавить

теңдік – равенство, равноправие.

 

 

 


1-тапсырма. Жаңа сөздерді пайдаланып, мәтінді оқып, аударыңыз.

 

Еуропалық одақ

 

Еуропалық одақ – халықаралық саяси және экономикалық бірлестік.

Еуропалық одақ комиссиясының штаб-пәтері Брюссельде орналасқан. Еуропалық одақ 1993 жылы Еуропа елдерінің қатысуымен құрылған.

1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Еуропа елдерінде есеп айырысу операциялары үшін бірегей еуро (1996 жылға дейін ЭКЮ) валютасын енгізді. Еуропалық одақтың жалпы органдары мен институттарының қатарына Еуропалық комиссия, Еуропалық парламент, Еуропалық Одақтың Кеңесі, Еуропалық қауымдастықтардың комиссары, Еуропалық сот, Аудиторлар палатасы, сондай-ақ, экономикалық және әлеуметтік комитет, Аймақтар жөніндегі комитет жатады.

Еуропалық одақ әлемдегі ең ірі сауда қауымдастығы болып табылады. 1995 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ және оның мүше мемлекеттерінің арасында серіктестік және ынтымақтастық туралы келімісге қол қойылды.

Жаңа тәуелсіз мемлекеттерге, оның ішінде Қазақстанға Еуропалық одақ ТАСИС бағдарламасы шеңберінде үлкен көмек көрсетіп отыр. Бұл бағдарлама 1991 жылдан бастап орындалуда.

( «Қазақстан» энциклопедиясы, Алматы. 2001. 458-бет).

 

2-тапсырма. Сұрақтарға мәтіннен жауап іздеңіз.

1. Еуропалық одақ қандай бірлестік?

2. Ол қай елдердің қатысуымен құрылған?

3. Еуро валютасы қай жылы айналымға енгізілді?

4. Еуропалық одақ қандай сауда қауымдастығы?

5. Еуропалық одақ бағдарламасы қай жылдан бастап орындалуда?

 

3-тапсырма. Керекті сөздерді тауып жазыңыз.

1. Соңғы … Еуропалық одақ мынадай бағыттарда жұмыс істейді.

2. Әлеуметтік саладағы … одан әрі арттырады.

3. Азия, Латын Америкасы, Африка құрылымындағы … саясатты жандандырады.

4. Құқық қорғау және ішкі тәртіпті сақтау ісіне … байланыстарды өрістету мұратына қызмет етіп келеді.

 

Керекті сөздер: әріптестік, жылдары, үйлесімділікті, аймақтық.

 

4-тапсырма. Сөз, сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.

Экономикалық бірлестік, экономикалық қауымдастық, қолма-қол төлем, қауіпсіздік саласы, келісімшарт, Еуропалық қауымдастық, валюталық одақ.

5-тапсырма. Сөз тіркестерін жасаңыз.

1) саясат а) тәртіпті

2) сақтау ә) байланыстарды

3) өрістету б) сыртқы

4) ынтымақтастық в) палатасы

5) аудиторлар г) интеграциялық

6) есеп ғ) қорғау

7) құқық д) айырысу

 

6-тапсырма. Орыс тіліне аударыңыз.

Еуропа елдері, орталық рынок, интеграциялық, ынтымақтастық, басты мақсаттары, банкноттар айналымы, есеп айырысу операциялары.

 

22-сабақ


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 213; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты