Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Ипотекалық несие




 

«Ипотека» деген термин ең алғаш рет біздің эрамызға дейінгі І-ІІ ғасырларда Рим қаласында пайда болды. Ипотека термині (hyrotheke) – кепілдік, кепілзат немесе кепілге салу деген мағынаны білдіреді. Ипотекалық несие дегеніміз – бұл жылжымайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, т.б.) кепілге алып, ұзақ мерзімге берілетін несие. Қарапайым тілмен айтатын болсақ, ипотека дегеніміз – қарыз ақшаға үй сатып алу. Ипотека термині көбіне АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Франция елдерінде көп дамыған.

Қазақстан Республикасында ипотекалық несие жүйесі екі деңгейлі болып келеді.

Еліміздегі мұндай ұйым Ұлттық Банк 2001 жылдың ақпан айында құрылған «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» Акционерлік қоғамы. Бұл компанияның негізін қалау кезінде АҚШ-тың Fannie Mae, Freddi Make және Малайзияның Cagamas Berghad сияқты белгілі компанияларының тәжірибесі ескерілген.

Әдемі өмір сүргіңіз келсе, екінші деңгейлі банктердің ұсынатын ипотекалық несиелерін пайдаланыңыз.

Ипотекалық несие – бұл ұзақ уақыт бойы ақша жинамай-ақ, өзіңіздің қалаған үйіңізге жылдам қол жеткізуге мүмкіндік беретін қолайлы ұсыныс.

 

2-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Ипотека термині ең бірінші қай мемлекетте пайда болды?

2. «Ипотека» деген сөз қандай мағынаны білдіреді?

3. Ипотекалық несие дегеніміз не?

 

Ипотекалық несие алу үшін мынадай қажетті құжаттар толтыру қажет: 1. Үй иесінің сатып алу туралы келісім шарты (түпнұсқа, көшірме); 2. Пәтердің жоспары (көшірмесі); 3. Техникалық жоспар; 4. Жерге жеке меншік құқығы туралы акт; 5. Пәтерде тіркелген азаматтардың жеке құжаттары; 6. Сатып алған үйді сақтандыру кезеңі; 7. Ипотека келісім-шартын жасау.

 

Банк-партнер → ←   Қарыз алушы

↨ ↓↑

Үй иесі
Қазақстан ипотекалық компаниясы Институционалдық инвесторлар (жинақтаушы зейнетақы қоры)

 

3–тапсырма.Дұрыс қосымшаны қойыңыз, аударыңыз.

1. Екінші деңгейлі банктер [-ді,-нің,-дің,-ге] активті операцияларының бірі – несиелік операциялар.

2. Қазақстан[-дық,-ның,-ға] банктерінде несиелік жүйені жетілдіру үшін шетел тәжірибе [-сі, -сін,-ні] қарастырған өте маңызды болып отыр.

3. Ипотекалық несиелендіру – сіздің отбасыңыз [-ды,-дың,-дан] беріктігі [-нің, -не, -нен] кепілі.

4–тапсырма.Мына сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.

1. Казахстанский рынок недвижимости является одним из наиболее перспективных в Средней Азии.

2. Решение жилищных проблем является одной из важнейших социальных задач.

3. На сегодняшний день ипотечные кредиты предоставляются сроком до 15-20 лет.

 

5 – тапсырма. Диалогті оқыңыз.

- Сәлеметсіз бе, ТұранӘлем банкіне қош келдіңіз.

- Сәлеметсіз бе, мен ТұранӘлем банкіне ипотекалық несие жөнінде білейін деп едім. Маған кеңес беру бөлімі керек еді?

- Кеңес беру бөлімі ғимараттың екінші қабатында орналасқан. Қазір ғимаратымыздың екінші қабатына көтерілсеңіз, кеңес беру бөлімінің менеджерлері сізді қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап береді.

 

Кеңес беру бөлімінде

- Сәлеметсіз бе, кіруге .............?

- ............. , отырыңыз.

- Мен ............................. алғым келеді, бірақ, ...............................?

- Біз сізге ипотекалық несие алудың бірнеше жолдарын ұсынамыз.

Бірінші, өз қалауыңыз бойынша элитті тұрғын үйден алуыңызға болады немесе екінші деңгейлі рыноктан жылжымайтын мүлікке ие болуды ұсынамыз. Сондай-ақ, біздің банкте үй құрылысына қатысу үлесі және табысты растайтын құжатсыз несие алуға болады.

- Тамаша, ал енді сіз ұсынған ..................... түрлерінің әрқайсысына жинақтайтын құжаттар қандай болмақ?

- ..........................................................................................................................

- Несие алуға берілген өтініштер жедел түрде қаралады ма? ...........................................................................................................................Сізге қай ипотекалық несие түрі ыңғайлы?

- ......................................................................................... .

- ..........................................................................................

- .......................................................................................................

 

6-тапсырма. Жағдаяттық тапсырма.

Банк қыметкері ретінде төмендегі ипотекалық несиелендіру түрлерін клиентіңізге ұсыныңыз, көрсетілген тақырыптарға диалог құрастырыңыз. Әр несиелендіру түрінің ұтымды жақтарын атаңыз.

1. Элитті тұрғын үй кешені (қандай?);

2. Екінші деңгейлі рыноктағы жылжымайтын мүлік (артықшылығы неде?);

3. Тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі (тиімділігі);

4. 30% -дық алғашқы салымы бар несие (ерекшелігі);

5. Табысты растайтын құжатсыз несие алу (ұтымды жақтары)

7-тапсырма. Бірінші қатардағы сөздердің екінші қатардағы баламасын көрсетіңіз, тақырыппен байланыстыра сөйлем құрастырыңыз.

 

Үлгі: Ипотекалық несие жөнінде білейін деп әдейі келіп едім.

1) әдейі А) постоянно
2) босқа Ә) теперь
3) тез Б) на совсем
4) амалсыздан В) зря
5) үнемі Г) специально
6) енді Ғ) быстро
7)біржола Д) поневоле
8) .................. Е) ..............................

 

8-тапсырма. Жағдаяттық тапсырма.

Ипотекалық несие алу үшін Сіз банкке келдіңіз. Ең бірінші Сіз неге мән беретін едіңіз?

Біріншіден, .........................................................

Екіншіден, .........................................................

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 175; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты