![]() КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Лексикалық тақырып: Жарнама, оның түрлері
1-тапсырма. Тақырыпқа қатысты тірек сөздер мен сөз тіркестерін меңгеріңіз, мысал келтіріңіз. Кестені толықтырыңыз.
2-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.
Тұтынушыға жарнама әртүрлі құралдар арқылы жетеді. Олар: баспасөздегі жарнама, радиожарнама, тележарнама, көліктегі жарнама, жарнамалық кәдесыйлықтар. Жарнама маманы жарнама құралының ең тиімдісін таңдап алуы қажет. Жарнама құралдарын таңдауға аудиторияның көлемі мен құрамы, тауардың түрі және жарнама бағасы әсер етеді. Мысалы, сән киімдерін журнал беттерінде, ал жасөспірімдерге арналған жарнаманы теледидар мен радио арқылы берген дұрыс болады. Мысалы, «Крестьянка» журналында жарияланған әртүрлі хабарландырудың бір беті 5000 АҚШ доллары болса, ол журнал оқырмандарының саны 500 мың адамнан тұрады, сонда мың адамға шаққандағы жарналық бағасы 10 АҚШ доллары болады. Республикалық радио мен теледидарда жарнама бағасын есептеуде секундтар қолданылады. Теледидар жарнамасы үшін ең тиімді уақыт – көрсетілген хабардың басы мен ортасы болып табылады. Сондықтан жарнама берушілер оны бағдарлама көрсетілген уақыт аралығында орналастыруға ұмтылады. «ОРТ Еуразия» арнасына тек қана ірі фирмалар ғана жарнама бере алады. Өйткені 1 минуттық роликтің құны 1000-нан 35000-ға $ дейін жетеді. «Қазақстан-1», «Хабар», «Рахат» т.б. арналарда – 500-ден 1100 доларға дейін болады.
3-тапсырма. Мәтіннен мына сұрақтарға жауап іздеңіз. 1. Жарнаманың қандай түрлерін білесің? 2. Жарнама маманы нені ескеруі қажет? 3. Жарнама құралын таңдауға не әсер етеді?
4-тапсырма. Керекті жалғауларды қойыңыз. 1. «ОРТ Еуразия» арнасы... тек қана ірі фирмалар ғана жарнама бере алады. 2. Сән киімдерін журнал беттері.... жарнамалаған дұрыс. 3. Жарнама құралдар..... таңдау... аудиторияның көлем... мен құрам..., тауар... түр... және жарнама баға.... әсер етеді.
5-тапсырма. Жақшаның ішіндегі сөздерді қазақ тіліне аударыңыз. 1. (Потребителю) жарнама әртүрлі құралдар арқылы жетеді. 2. Жарнама маманы жарнама құралының (самую выгодную) таңдап алуы қажет. 3. «Крестьянка» журналында (опубликованные) әртүрлі хабарландырулар. 4. Теледидар мен радио арқылы (для подростков) жарнаманы берген дұрыс болады. 5. Жарнама құралдарын таңдауға тауардың түрі және жарнама бағасы (влияет).
6-тапсырма. Жарнама агенті ретінде мақал-мәтелдердің бірін таңдап алып, белгілі бір нәрсені жарнамалауға пайдаланыңыз.
7-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіз. 1. Жарнамаға сіздің көзқарасыңыз қандай? 2. Астана қаласының көшелеріндегі жарнамалар туралы не айта аласыз? 3. Жарнама не үшін қажет?
8-тапсырма. Өзіңізге ұнайтын белгілі бір тауарды жарнамалаңыз. 20-сабақ
|