Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Лексикалық тақырып: Еуразия экономикалық қауымдастығы.




қоғамдастық – общество

ұйым – организация

Кедендік одақ – Таможенный союз

Еуразиялық одақ – Еуразийский союз

қалыптасқан жағдайлар – обычная обстановка

бірлесу – объединяться, сплачиваться

ұйымдасу - организовываться

деңгейге көшу – перейти в уровень

келісім жасасу – соглашаться, делать договор

қосылу – присоединяться, прибавляться

шектеу – разграничить

біртұтас – единый, монополитный, унитарный

жүйесіне көшу – перейти в систему

мәлімдеме – заявление, сообщение

жариялау – объявить, обнародовать

 

Еуразия экономикалық қауымдастығы

 

Еуразия экономикалық қауымдастығы (ЕЭҚ) 2000 жылдың 10 қазанында Астана қаласында Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мемлекеттерінің қатысуымен құрылған саяси-экономикалық ұйым. Оған дейін бұл ұйым Кедендік одақ деп аталды. Еуразиялық одақ құру идеясын тұңғыш рет Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 1994 жылы 28 наурызда В.Ломоносов атындағы ММУ-дің профессорлары мен оқытушылары алдында сөйлеген сөзінде ұсынды. 1995 жылы 28 қаңтарда Қазақстан, Ресей, Белорусь мемлекеттері арасында Кедендік одақ құру жөнінде келісім жасалды. Бұл Одаққа 1996 жылдың наурызында Қырғыз Республикасы, 1999 жылдың 26 ақпанында Тәжікстан Республикасы қосылды. Кедендік одақтың мақсаты - одаққа кіретін елдер арасында бірдей кедендік тариф қалыптастыру; мүше-мемлекеттердің кедендік аумақтарын біріктіріп, біртұтас кедендік аумақ жүйесіне көшу. 1996 жылдың 29 наурызында Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Президенттері экономика мен гуманитарлық салаларын дамытуды жетілдіру жөнінде келісімге қол қойды. Бұл келісімде Қазақстан Республикасы Президентінің Еуразиялық одақ құру жөніндегі көптеген идеялары мен ұсыныстары жүзеге асты.

(«Қазақстан» энциклопедиясы. Алматы, 2001. 448-бет.).

 

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

 

1-тапсырма. Мына сұрақтарға мәтіннен жауап іздеңіз.

Еуразиялық экономикалық одақ қандай ұйым?

Ол қашан және қай қалада құрылды?

Еуразиялық экономикалық одақ құру идеясын кім ұсынды?

Кедендік одақ құру келісімі қашан жасалды?

Бұл Одаққа 1996 жылы қандай республикалар қосылды?

Одақтың мақсаты қандай?

Кедендік одақ мемлекетаралық кеңесінің төрағасы кім?

 

2-тапсырма. Мәтіннен жалқы зат есімдерді теріп жазыңыз.

 

3-тапсырма. Керекті жалғауларды жалғаңыз.

1. Еуразиялық одақ құру идея.... тұңғыш рет Қазақстан Республика..... Президент.. Н.Ә. Назарбаев ұсынды.

2. 1996 жыл... 29 наурыз.... экономика мен гуманитарлық салалар... дамыту...., жетілдіру жөнінде келісімге қол қойды.

3. Кедендік одақ... мақсат.. – одақ... кіретін елдер арасында бірдей кедендік тариф қалыптастыру.

 

4-тапсырма. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.

1. Еуро – Еуропалық одаққа мүше елдерге арналған бірыңғай еуропалық валюта.

2. Еуропалық одақ шешімі бойынша 2002 жылдан бастап қазіргі қолданылып жүрген ұлттық валюталардың орнына Еуро айналымға енді.

 

5-тапсырма. Жақшаның ішіндегі сөздерді қазақ тіліне аударыңыз.

1. Еуразия экономикалық (ассоциация) 2000 жылдың 10 қазанда Астана қаласында (образовалась).

2. Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мемлекеттерінің қатысуымен құрылған саяси-экономикалық (организация).

3. Еуразиялық одақ құру идеясын тұңғыш рет Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев (предложил).

 

 


23-сабақ


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 106; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты