Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Жарнаманың тарихи кезеңдері




 

Жарнамалық тәжірибе туралы ең алғаш рет жазба тарихи құжаттарда айтылған. Жерорта теңізі елдерінде жүргізілген қазба жұмыстарында археологтар әртүрлі оқиғалар және хабарландырулар жазылған маңдайшаларды тапқан. Римляндар гладиатор сайыстары жөнінде қабырғаларға құлақтандырулар ілген, ал финикийстер әртүрлі салтанатты шерулер кезінде шың-құздарды суреттермен әшекейлеп, онда өз тауарларын мадақтаған. Помпейдің жарына жазылған суреттемелерде бір саясаткерді мадақтап, соған дауыс беруге шақырған. Афинаның ежелгі тұрғындарына арналған «жарнама өлеңінде» былай делінген: «көзіңіз жарқырасын, бетіңіз қызғылттансын, әдемілігіңіз ұзақ сақталсын, есті әйел косметиканы дұрыс бағамен сатып алады».

Ертеректегі жарнаманың тағы бір түрі қолөнер шеберлерінің өз тауарларына (қыш ыдыстары, т.б.) салған таңбалары. Қолөнер шеберінің атағы тараған сайын, сатып алушылар оның таңбасы салынған тауарды іздейтін болған. Қазіргі кездері осы мақсаттарда тауар белгілері және маркалары пайдаланылады.

Бірінші баспа түріндегі жарнама 1478 жылы ағылшын тілінде жарық көрді. Осы кезеңнен бастап жарнаманың даму орталығы Ұлыбритания болды. Кейіннен жарнаманың жоғары сатылы көркеюі АҚШ-қа ауысты. Американдықтар жарнаманың әкесі ретінде Бенжамин Франклинді атайды. Оның 1729 жылы шығарған «Газет» газеті жарнамаларды басу көлемі мен таралымы жөнінен жоғары көрсеткішке жеткен. Нью-Йорктің орталық көшелерінің бірі Медисон – авенюде ірі жарнама агенттіктерінің штаб-пәтерлері орналасқан. Ол жерде 30 мыңға жуық адам жұмыс істейді. АҚШ-та жарнама агенттігі жоқ қала кездеспейді.

 

(Ф. Котлер «Маркетинг негіздері» кітабынан)

 

3-тапсырма.Мәтінді абзацтарға бөліңіз, ат қойыңыз.

 

4-тапсырма. Мәтін бойынша мына сұрақтарға жауап іздеңіз.

1. Ең алғашқы жарнамалық тәжірибелер қай жерден табылды?

2. Жерорта теңізі елдерін зерттеген археологтар не тапты?

3. Жарнама баспа түрінде қай мемлекетте пайда болды?

4. Американдықтар «жарнаманың әкесі» деп кімді атайды?

 

5- тапсырма. Керекті жалғауларды қойыңыз.

1. Римляндар гладиатор сайыстар.... жөнінде қабырғалар... құлақтандырулар ілген.

2. Медисон – авеню..... ірі жарнама агенттіктер......... штаб-пәтерлері орналасқан.

3. Жарнама.... жоғары сатылы көркею.. АҚШ...... ауысты.

4. Жерорта теңізі елдері... жүргізілген қазба жұмыстар.... археологтар әртүрлі хабарландырулар жазылған маңдайшалар.... тапқан.

 

6-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырып жазыңыз.

1. ............................ ең алғаш рет жазба тарихи құжаттарда айтылған.

2. Жерорта теңізі елдерінде жүргізілген қазба жұмыстарында археологтар............... тапқан.

3. Бірінші баспа түріндегі жарнама .................. ағылшын тілінде жарық көрді.

4. Американдықтар жарнаманың әкесі ретінде ........................ атайды.

5. ......................... 30 мыңға жуық адам жұмыс істейді.

 

7 – тапсырма. Асқармен сұхбаттасыңыз.

Асқар: – жарнама дегеніміз не?

Сіз: – .......................................................................

Асқар: – жарнаманың тарихи қай кезеңнен басталады?

Сіз: - ....................................................................................

Асқар: Ең алғашқы баспа түріндегі жарнама қайжерде пайда болды?

Сіз: .......................................................................................

 

8-тапсырма. Мәтінді жоспарлы түрде мазмұндаңыз.

 


20-сабақ


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 119; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты