КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Мәтінді оқыңыздар.Қазақстан Еуразия материгінің орталық бөлігінде орналасқан. Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы 15000 км-ден (шақырымнан) астам. Батысында және солтүстігінде Ресеймен, оңтүстігінде Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, ал шығысында Қытаймен шектеседі. Қазақстанның жер көлемі ұлан-байтақ. Аумағы – 2717,3 мың шаршы шақырым. Қазақстан жеріне Франция, Испания, Португалия, Италия, Греция, Швеция, Норвегия және Финляндия мемлекеттерінің жер көлемі сияды. Халқының саны 16 миллион адамнан астам. Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Онда 100-ден астам ұлттар тату-тәтті өмір сүреді. Қазақстанның бас қаласы – Астана. Қазақ жері қызық та бай тарихымен белгілі. Оған дәлел болатын – Отырар, Тараз тағы да басқа әлемге әйгілі көне қалалар. Елдің солтүстігі орманды, ал оңтүстігі таулы болып келеді. Орталық Қазақстанды жазық дала алып жатыр. Қазақстанның өзендері – Ертіс, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле және басқалалары. Ең үлкен көлдері мен теңіздеріне Балқаш пен Зайсан көлдері, Арал мен Каспий теңіздері жатады. Қазақстан кенге бай. Сарқылмас қоры бар түсті металдар, темір, көмір, мыс, мұнай, газ, алтын және тағы басқа кен байлықтары кездеседі. Қазақстанның ауыл шаруашылығы, өнеркәсібі жақсы дамыған. Ауыл шаруашылығының негізгі салалары – егіншілік пен мал шаруашылығы. Ауыр және жеңіл өнеркәсіптің орталықтары – Қарағанды, Теміртау, Екібастұз, Балқаш, Жезқазған, Шымкент және тағы басқалары. Сонымен қатар, Қазақстан – ғылымы мен мәдениеті жоғары дамыған ел. Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясы, ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындары, опера және балет театры, драма театрлары, мектептер, кинотеатрлар, кітапханалар, мәдениет сарайлары сияқты ғылым мен мәдениет ошақтары бар. Дербес, тәуелсіз ел болу деген қандай бақыт! Елдің өз құқы өз қолында. Дүние жүзінің жүзден астам елі Қазақстанды тәуелсіз ел деп таныды. Қырықтан астам елмен жан-жақты қарым-қатынас жасап отыр. Көптеген мемлекеттерде Қазақстанның елшілігі бар. Қазақстан дүниежүзілік, халықаралық ұйымдарға мүше болды. Соның ішіндегі ең беделдісі (авторитетный) Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды. 1992 жылы наурыз айының екісінде Қазақстан Республикасын дүние жүзі танып, Біріккен Ұлттар Ұйымына толық құқылы мүше болып қабылданды. 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары – Мемлекеттік Жалауы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Негізгі Заңы – Конституциясы қабылданды. 25 қазан – Ұлттық мейрам, Республика күні.
(Ш.Бектұров. А.Бектұрова. Қазақ тілі. А., Рауан, 1994. 398-б. 299-бет) (З.Ш.Ерназарова, Н.Қ.Мұхамадиева... Қазақ тілі (елтану) орта және жалғастырушы топтар үшін. Оқу құралы. А., Ол-жас, 2005. 60, 80 беттер)
2-тапсырма. Мәтіннен сұрақтарға жауап іздеңіз. Жауаптарды жазыңыз. 1. Қазақстан қайда орналасқан? 2. Қазақстан қандай мемлекет? 3. Қазақстанның табиғаты қандай? 4. Қазақстанның өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы қалай дамыған? 5. Қазақстанның ғылымы мен мәдениеті туралы не білесіз? 6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы не білесіз? 3-тапсырма. а) Схема бойынша жоғарыдағы жоспар қалай толықтырылғанын айтыңыз.
ә) Схемаға сүйене отырып Қазақстан Республикасы туралы әңгімелеп беріңіз.
4-тапсырма. Сіз бұл пікірмен келісесіз бе? Келіссеңіз, өз ойыңызды дәлелдеңіз. Туған жердің тарихын білу - әрбір адамның қасиетті борышы. Өз халқының тарихын, әдебиетін, мәдениетін меңгерген адам ғана өзге халықтардың мәдениетін сыйлай алады.
5-тапсырма. Мына сөздердің синонимін анықтаңыз, сөйлем құраңыз. Ұлан байтақ, әйгілі, негізгі, кідіреді.
6-тапсырма. Сұхбатты толықтырыңыз. - Асқар сен білесің бе? Қазақстан қай құрлықта орналасқан? - Иә, білемін. Ол..? - Ал, Қазақстанның шекарасы туралы не айта аласың? - ? - Біздің еліміздің қазба байлықтары туралы не айтуға болады? - ? - Біздің еліміз қандай ұйымға мүше болып кірген еді?
7-тапсырма. Мына сөйлемдерді аяқтаңыз. 1. Халық өнер адамдарын аса... 2. Қолөнер ежелден жақсы... 3. 1992 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары...
8-тапсырма. Сөздердің орын тәртібін анықтаңыз, сөйлемді дұрыс құрыңыз. 1. Қабылдануы, Қазақстан, негізгі, Республикасының, 30 тамызда, 1995 жылы, Заңы, Конститутциясы. 2. Ғылымы, жоғары, ел, дамыған, мен, мәдениеті, Қазақстан. 3. Белгілі, жері, бай, та, қызық, тарихымен, қазақ.
9-тапсырма. Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы сұхбат құрыңыз.
10-тапсырма. Астана қаласындағы мәдени орындар туралы мәлімет әзірлеңіз. Қаламыздағы жоғары оқу орындары жайлы қысқаша баяндаңыз.
11-тапсырма. Қазақ халқының өнері жайлы тапсырмалар жүйесін әзірлеңіз.
12-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.
3-сабақ Лексикалық тақырып: Табиғат. Жер - ананы аяла.
Келеді кез, Күрделі біздің бұл кез! Жаутаңдайды адамға түзде мың көз. Қызыл кітап – Опат боп кеткен аңның Бастарына қойылған қызыл күмбез. (Қ. Мырзалиев)
1-тапсырма. Эпиграфты оқыңдар, есте сақтаңдар, өздеріңді тексеріп, жатқа жазыңдар.
2-тапсырма. Төмендегі мәтін мазмұнымен танысыңыздар. Олардан мына сұрақтарға жауап іздеңдер. 1) Табиғат деген түсінікке не кіреді ? 2) Табиғатты қорғау үшін не істеу керек ? 3) Қандай жағдайда табиғат адамға қызмет етеді?
|