КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Азақстанның аймағын жел ресурстарына сай бөлу және жел тұратын аймақтар
Қазақстан аймағын желэнергетикалық ресурстармен аудандастыру Қазақстан аймағын желэнергетикалық ресурстармен аудандастыруды 5 ауданға бөлуге болады, аудандастыру желдің келесі қуаттылық көрсеткіштері бойынша жүргізілді: 1-аудан-Ебірлік<10 кВт сағ/м2, 2-аудан 1000-нан 2000-дейін, 3-аудан 2000-нан 3000-дейін, 4-аудан 3000-нан 4000-дейін, 5-аудан 4000 кВт сағ/м2 аса. Бұл мәліметтер Қазақстан аумағын желэнергетикалық ресурстармен аудандастыруының картасын құрғанда негізге алынды [1,2,8,35]. Бірінші аймаққаСолтүстіктегі Тянь-Шанда орналасқан Шу-Іле таулы аймағы кіреді. Олар өз алдында құламалы беткеймен шектелген шамалы көлбей беттерімен тегістелген қыраттарды құрайды ол аймақтарға – Қордай, Отар, Шоқпар, Анархай, Новотройск жатады. Бұл аймақтардың энергиясы 1000-5000 кВт сағ/м2 тең. Екінші аймақОрталық-Қазақстандағы кең таулар аясындағы көптеген кішігірім жеке таулы массивтерді және шағын кіші жоталарды алып жатыр. Бұл массивтердің ең биіктерінің биіктігі 1400-1450 м. Бұл аймаққа Қарқала, Қайнар, Ақтоғай, Жарма, Жаңа-Арқа, Қараауыл, Бесоба, Бектаута, Ағадыр, Қызылтау, Сарыжал елді мекендері кіреді метеостанция мәліметтері бойынша анықталған энергия 1000-нан 5000 кВт сағ/м2 тең. Үшінші аймаққаҰлытау таулары кіреді, сонымен қатар кең қыратты болып саналатын Орталық-Қазақстанның кіші жотасының Оңтүстік-батыс, батыс бөліктері, сонымен бірге – арқалық аудандары кіреді. Энергиясы 1000-нан 5000 кВт сағ/м2 аралықта. Төртінші аймақСолтүстік-батыс жақтағы аралығы 420 км болатын аймақ және солтүстік Тянь-Шань доғасының батыс буыны болып табылатын Қаратау жотасы төртінші аймаққажатады (Жанатас, Шаян, Түркістан) Бұғұн, Ванновка, Ақсұран, Созақ және Тасты метеостанция мәліметтері бойынша анықталған энергиясы 1000-нан 5000 кВт сағ/м2 тең. Бұл аймақта Ащысайдың жан-жағы таулармен көлеңкеленген аса үлкен емес таулы алқаптар бар. Оңтүстік және оңтүстік-батыс Қаратау жотасында туындайтын кішігірім желэнергетикалық ресурстары бар аудандар кездеседі. Бұл жерлерде жота негізгі Алатау тауларымен қосылады және жоғары биіктікке ие. Метеостанция бұл аудандарда көлеңкеленгендіктен аса үлкен емес энергияны көрсетеді. Ашық беткейлерде және жоталы аймақтарда жел энергиясының күрт жоғарылауын күтуге болады. Бесінші аймаққаОңтүстіктің сілемі болып табылатын Мұғаджар таулары, Жетіқара, Шалқар, Рудный, Тереңқұдық, Талдық, Комсомольск, Аққұдық елді мекендерінің аймақтары жатады энергиясы 1000-нан 4000 кВт сағ/м2 құрайды. Қазақстан аумағын аудандастыруының схемасы осы аудандарды қамтиды ол сол аймақтың желэнергетикалық ресурстарын сипаттайды. Орындалған аудандастыру Республика аймағында жел энергетикалық қондырғылардың қолдану болашағын айқындауға мүмкіндік береді. Республиканың жел потенциалы бағасын энергияны тұтыну көлемімен салыстырып, электрді Қазақстанға қажеттімен салыстырғанда 20 есеге артық беретінін көруге болады [33,25,38].
Қазақстан аумағындағы жел энергиясының ресурсы
Жел электростансалардың бірнеше жобалары дайындықтың 2015 жылға дейін жел стансаларының бірлескен қуаттылығы 250 МВт жетуі мүмкін, ал олардың электр энергиясын шығаруы – жылына 750-900 млн. кВт сағ жетеді деп жоспарлануда. 2030 жылға қарай бұл көрсеткіштер сәйкесінше жылына 2000 МВт және 5 млрд. кВт сағ. жетуі мүмкін. Желдің орташа жылдамдығы 8-10 м/с болатын үлкен жел әлеуеті бар 10-нан астам аудан бар [1, 2].
ЖЭС салу құрылысына зерттелген аумақтар
|