Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Жел генераторының компоненттері




Жел қондырғыларының негізгі компоненттеріне келесі элементтер жатқызылады:

Генератор айнымалы токты өндіретін қондырғы. Токтың күші мен генератор кернеуі желдің жылдамдығы мен тұрақтылығына байланысты.Генератор аккумуляторлы батареяларды зарядтау үшін қажет;

Қалақшалар желдің кинетикалық энергиясының арқасында генератордың білігін қозғалысқа келтіреді;

Контроллер – жел қондырғыларының көптеген үдерістерін басқарады, мысалы қалақшалардың бұрылысы, аккумуляторлардың заряды, қорғаныс функциялары және т.б.. Ол аккумуляторлы батареяларды зардятау үшін тұрақтыға өндіретін токты ауыспалыға түрлендіреді;

Аккумуляторлы батареялар – электр энергиясын желсіз сағатта пайдалану үшін жинақтайды. Сондай-ақ, олар генератордан шығатын кернеуді түзетеді және тұрақтандырады. Солардың арқасында сіз ұйытқыған желде де еш кедергісіз тұрақты кернеуді алатын боласыз. Сіздің нысаныңыздың қоректендіруі аккумуляторлы батареялардан жүзеге асырылады;

Анемоскоп және желді бағытының датчигі – қуаттылығы орташа және шағын қондырғылардағы жел бағыты туралы деректер жинауға жауап береді;

Резервті автоматты қосу(РАҚ) – қоректендіру көзін автоматты ауыстырып-қосқыш. 0,5 секунд аралығында негізгі қорек көзі болмаған кезде бірнеше электрмен қоректендіру көзі арасындағы автоматты ауыстырып-қосуды жүзеге асырады. Жел қондырғысын, қоғамдық электр желісін, дизель-генераторды және қоректендірудің басқа да көздерін бірегей автоматтандырылған жүйеге біріктіруге мүмкіндік береді. Назар аударыңыз: РАҚ бір нысананың желілеріне бір мезетте қоректендірудің екі түрлі көзінен жұмыс істеуіне жол бермейді.

Инвертор – аккумуляторлы батареяларда жинақталатын токты тұрақтыдан көптеген электр құралдары тұтынатын ауыспалыға түрлендіреді.

Анатты

Ауаның ағыны қалақша-қанаттардың айналу жазықтығына перпендикуляр әрекеті кезінде ең үлкен тиімділігіне жететін қанатты жел қозғалтқыштары үшін, айналым осін автоматты бұру құрылғысы қажет. Осы мақсатта тұрақтандырғыш-қанатты қолданады.

Әткеншекті жел қозғалтқыштарының желдің кезкелген бағытында, өзінің орнын өзгертпестен, жұмыс істей алатын артықшылығы бар. Жел энергиясын пайдалану коэффициенті қанатты жел қозғалтқыштарында әткеншекті түріне қарағанда әлдеқайда жоғары. Сонымен қатар, әткеншекті түрлерінде айналым моменті әлдеқайда жоғары. Ол әткеншекті қалақшалы агрегаттар үшін желдің нөлдік салыстырмалы жылдамдығында, максималды болады [1,2,25,41].

Қанатты жел агрегаттарының таралуы олардың айналым жылдамдығының шамасымен түсіндіріледі. Олар электр тогының генераторымен мультипликаторсыз тікелей жалғана алады. Қанатты жел қозғалтқыштарының айналу жылдамдығы – қанаттар санына кері пропорционал, сондықтан қалақшалар саны үштен асатын агрегаттар мүлдем қолданылмайды десе де болады.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 249; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты