КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Күн фототүрлендіргішінің п.ә.к-іТәжірибе жүзінде п.ә.к. деп фототүрлендіргіштің ауданының бірлігінен алуға болатын Рмакс – максималды қуаттың, түрлендіргіштің жұмыстық бетінің бірлігіне перпендикуляр түсетін күнмен сәулеленудің жалпы қуатына W қатынасын білдіреді: (10.1) Жартылай өткізгіште фотонмен электрон-саңылау жұбын құру үшін белгілі бір энергия қажет. Кремнийде, айтылып өткендей, ол 1,12 эв құрайды, бұл 1,2 мк толқын ұзындығына сәйкес келеді [5, 12, 25]. Толқын ұзындығы ұзынырақ фотондардың (спектрдің инфрақызыл облысынан тыс) энергиясы аз болады, сондықтан олар толықтай пайдасыз. Толқын ұзындығы қысқарақ фотондар да электрон-саңылау жұбын генерациялай алады, бірақ есептеулер көрсететіндей, бұл жағдайда п.ә.к. азаяды, себебі 1,12 эв шамасынан артылған фотон энергиясы жылу түрінде тарқап кетеді. Кремнийлі элементтің теориялық п.ә.к-і күн спектрі үшін шамамен 22-23% болуы тиіс екенін көрсетуге болады. Бұл жағдайда ішкі шығындар ескерілмейді және материалдағы жарықтың әсерінен пайда болған барлық электрон-саңылау жұбы пайдаланылады деп жорамалданады. Нақты фототүрлендіргіштер едәуір төмен п.ә.к.-не ие, себебі кейбір факторлар бұл цифрды төмендетеді. Мұндай факторлар сансыз көп және оларды екі топқа бөлуге болады. Олардың біреуіне аспаптардың жетіспеушіліктеріне байланысты факторларды, ал келесісіне пайдалану жағдайларынан туатын факторларды жатқызуға болады.
|