КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Жер пайдалану құқығының түсінігі және түрлері.Стр 1 из 6Следующая ⇒ Дәріс 3 D Тақырып. Жерді пайдалану құқығы. Жоспар:
1. Жер пайдалану құқығының түсінігі және түрлері. 2. Жер пайдалану құқығының субъектілері, жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері. 3. Мемлекеттік және мемлекеттік емес жер пайдаланушылардың құқықтық жағдайының ерекшеліктері. 4. Қызметтік жер телімінің түсінігі мен құқықтық тәртібі. 5. Сервитуттың түсінігі мен пайда болу негіздері. 6. Жер учаскесін және жер пайдалану құқығын кепілге беру. Жер пайдалану құқығының түсінігі және түрлері.
Жер пайдалану құқығы жер құқығының жерлерді пайдалану мен қорғауға байланысты жер құқығы қатынастарын реттейтін құқықтық нормалардан тұратын институты ретінде анықталады. ҚР Жер кодексінің 12 – бабының 30 – тармағында жер пайдалану құқығының анықтамасыберілген. Оған сәйкес, жер пайдалану құқығы – бұл тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін ақылы және (немесе) ақысыз негізде шектеусіз мерзімге (тұрақты жер пайдалану) немесе белгілі бір мерзім ішінде (уақытша жер пайдалану) иелену және пайдалану құқығы. Сол себепті де, ҚР Жер кодексінің 5 – бабында,жер заңдарының міндеттерінде «жер учаскесіне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығытуындауының, өзгертілуі мен тоқтатылуының негіздерін, шарттары мен шектерін бекіту» жерге меншік құқығы мен жер пайдалану құқығы бір қатарға қойылған (ҚР ЖК 5 – бабы). Жер учаскесінің меншік иесі мен жер пайдаланушының құқықтары (иелік ету, пайдалану және билік ету) жер учаскесінің құқықтық режимін сипаттамайды, олар субъектілердің заңда көзделген тәртіппен жүзеге асырылатын құқықтарының мазмұнын айқындайды. Құқықтық режим жеке меншікке немесе жер пайдалану құқығына берілген жер учаскесіне қатысты белгіленеді. Құқықтық режим – бұл субъектілердің жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндетттерін жер туралы заңнаманың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес жүзеге асыруға бағытталған нормалардың жиынтығы. Құқықтық нормалардың жиынтығына: жерлердің нысаналы мақсаты, оларды нормалау және табиғат объектісі және меншік құқығы мен жер пайдалану құқығының объектісі ретінде қорғау, жер учаскесінің түрлері мен табыстау мерзімі енеді. Аталған құқықтық режим ҚР Жер кодексінің 9 – тарауында көзделген жер учаскесіне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығының пайда болу, өзгеру және тоқтатылу нормаларынан да тұрады. Сол себепті, ҚР Жер кодексінің 28 – бабының (Жер пайдалану құқығының режимі) редакциясы аталған мәселені толық қамтымайды. Бұл бапта былай делінген: «Жер пайдалану құқығы заттық құқық болып табылады. Осы кодексте немесе заттық құқықтың мәніне қайшы келмейтіндіктен, жер пайдалану құқығына меншік құқығы туралы нормалар қолданылады». Бұл дұрыс емес, біз жоғарыда атап өткеніміздей, жер пайдалану құқығындағы жер учаскесінің азаматтық құқықпен реттелетін заттық құқықтың объектісі болуы мүмкін емес. Жер пайдаланушыларға мемлекет берген және беретін жер учаскелерінің құқықтық режимі жер туралы заңнамамен, нақты айтқанда, Жер кодексімен реттеледі. Егер жер туралы және азаматтық заңнаманың нормаларын салыстыратын болсақ,аталған салалардың нормаларының арасынан қарама – қайшылықтарды байқауға болады, олар осы оқу құралының «Жер меншік құқығы» тарауындағы схемада көрініс тапұан. Салыстырмалы талдау үшін мынадай мысалды айтуға брлады, Ресей Федерациясының 2001 жылғы 24 – шілдедегі Федералдық заңында заттық құқық институты қарастырылмаған. Азаматтар мен заңды тұлғалардың жерге меншік құқығы РФ Жер кодексінің «Жерге меншік құқығы» атты 3 – тарауында қарастырылған. Жер пайдалану құқығының түрлері. Жер пайдалану мақсаттарының әртүрлігі және оның субъектілерінің көптігі жер құқығындағы жер пайдалану құқығы институтын түрлерге бөлуді қажет етеді. Мұндай түрге бөлудің негізіне Қазақстан Республикасындағы жер қорының нысаналы мақсаттарын және жерлердің өз ішіндегі жер учаскесінің нақты нысаналы мақсатын, құқықтық режимін қоюға болады. 1. ҚР Жер кодексінің 1 – бабына сәйкес, ҚР жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлінеді: 1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер; 2) елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің) жері; 3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер; 4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи – мәдени мақсаттағы жер; 5) орман қорының жері; 6) су қорының жері; 7) босалқы жер. Жер туралы заңнама әрбір жер санатының нысаналы мақсатына ерекше мән бере отырып, жерлерді санаттарға жатқызу мен жерді бір санаттан екіншісіне ауыстыруды қатаң түрде реттейді. Жер қорының мұндай өзгерістері ҚР Жер кодексі мен басқа да заң актілерінде көзделген жағдайда тек мемлекетік органдардың жер учаскелерін алып қою және табыстау құзыретінің шегінде асырылуы мүмкін. 2. ҚР Жер кодексінің 3 – бөлімі жер санаттарын қарастырады, сонымен қатар, әрбір жер санатының ішінде олардың жоғарыда аталған белгілері мен құқықтық режимінің ерекшеліктеріне қарай жекелеген түрлері де көзделген. Мысалы, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құрамы ауыл шаруашылығы қажеттіктері үшін берілген жерлер мен осы мақсаттарға арналған жерлер болып бөлінеді. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер құрамына ауыл шаруашылығы алқаптары мен ауыл шаруашылығының жұмыс істеуіне қажетті ішкі шаруашылық жолдары, коммуникациялар, тұйық су айдындары, мелиорациялық жүйе, қора – жайлар мен ғимараттар орналасқан жер, сондай – ақ басқа да алқаптар (сор, құм, тақыр және ауыл шаруашылығы алқаптарының алабына қосылған басқа да алқаптар) жатқызылады. Ауыл шаруашылық алқаптары өзінің ішкі шаруашылық мақсаттары бойынша келесі түрлерге бөлінеді: егістік, тыңайған жер, көп жылдық екпелер, шабындықтар мен жайылымдар. Ауыл шаруашылығы алқаптары суармалы және суарылмайтын болуы мүмкін. Елді мекендер жері өзінің ішкі шаруашылық мақсаттары бойынша 11 түрге бөлінеді, олардың кейбірлері өз ішінде де бірнеше түрге бөлінеді (темір жол, автомобиль, өзен, теңіз, әуе және құбыр тасымалы жолдары, инженерлік инфрақұрылым мен байланыс магистральдары өтетін және соларды салуға арналған көлік, байланыс, инженерлік коммуникациялар жері (ҚР ЖК 107 – бабы). 3. Құқықтық режимі бойынша жер пайдалану құқығы тұрақты немесе уақытша, иеліктен шығарылатын немесе шығарылмайтын, ақылы немесе ақысыз алынатын болуы мүмкін (ҚР ЖК 29 - бабы). 4. Субъектілердің құқықтық жағдайына қарай жер пайдалану құқығы келесі түрлерге бөлінеді: 1) мемлекеттік және мемлекеттік емес; 2) ұлттық және шетелдік; 3) жеке және заңды тұлғалар; 4) тұрақты және уақытша, бастапқы және кейінгі (ҚР ЖК 30 – бабы). Жер пайдалану құқығы субъектілерінің бұл тізімін жер пайдалану құқығының ерекше субъектісі болып табылатын оралмандармен (ҚР ЖК 46 – бабы) толықтыруға болады. Жер пайдаланудың түрлері олардың шаруашылық мақсаттары бойынша мынадай мақсаттарда берілуі мүмкін: 1) тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісі үшін (Р ЖК 97 – бабының 6 – тармағының 2 – тармақшасы); 2) шалғайдағы мал шаруашылығы үшін (ҚР ЖК 36 – бабының 1 – тармағы); 3) қызметтік жер телімі үшін (ҚР ЖК 36 – бабының 1 – тармағы,41 – бабы); 4) бақша өсіру үшін; 5) бағбандық үшін ( ҚР ЖК 36 – бабының 1 – тармағы, 97 – бабының 6 – тармағының 2 – тармақшасы); 6) тұрғын халықтың мал жаюы мен шөп шабуы үшін (ҚР ЖК 36 – бабының 1 – тармағы, 97 – бабының 6 – тармағының 2 – тармақшасы); 7) бал арасын өсіру үшін (2002 жылғы 12 – наурыздағы «Бал арасы шаруашылығы туралы» заң, Казахстанская правда, 19 марта 2002г.); 8) заңнамада көзделген жағдайдағы басқа да түрлер (ҚР ЖК 107 – бабының 7,8 – тармақтары). Жер пайдаланудың айрықша түріне жер учаскесін кепілге салуды жатқызуға болады
|