Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Ызметтік жер телімінің түсінігі мен құқықтық тәртібі.




 

Қызметтік жер телімі уақытша ұзақ мерзімді жер пайдаланумен нысаналы пайдаланудың ерекше түрі болып табылады.

Қызметтік жер теліміне құқығы бар қызметкерлер санаттарының тізбесі ҚР Үкіметінің 1996 жылғы 23 – мамырдағы №634 «Қызметтік жер теліміне құқығы бар қызметкерлер санаттарының тізбесін бекіту туралы» бекіту туралы қаулысында көзделген. Қызметтік жер жер телімінің нысаналы мақсаты – тұрғын үйді күтіп – ұстау, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, шөп шабу және мал жаю.

Қызметтік жер телімі кейінгі уақытша ақысыз жер пайдалануға жатады және жұмысқа байланысты бөлінген кезде беріледі. Қызметтік жер теліміне ауыл шаруашылығы дақылдары егілген жағдайда, жұмыстан босатылған қызметкерлердің қызметтік жер телімін пайдалану құқығы өнім жинап алынғаннан кейін тоқтатылады.

ҚР ЖК 41 – бабында қызметтік жер телімінің сақталу жағдайлары көзделген:

1) жасы немесе мүгедектігі бойынша зейнеткерлікке шыққан соң еңбек қатынастарын тоқтатқан қызметкерлерде;

2) қарулы күштер қатарына міндетті мерзімді қызметке шақырылған немесе оқуға түскен қызметкерлердің отбасында – бұл қызметкерлердің міндетті қызметте немесе оқу орнында болған бүкіл мерзіміне;

3) қызметтік міндеттерін орындауға байланысты қаза тапқан қызметкерлердің отбасында: жұмысқа жарамсыз жұбайы мен қарт ата – аналары үшін - өмір бойы, балалары үшін олар кәмелетке толғанға дейін.

Қызметтік жер тілімі:

1) Қызметтік жер телімі ұзақ мерзімді уақытша өтеусіз жер пайдаланудың ерекше бір түрі болып табылады.

2) Қызметтік жер теліміне құқығы бар қызметкерлер санаттарының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

3) Қызметтік жер телімі осы телімге құқығы бар адамдар жұмыс істейтін мемлекеттік заңды тұлғалардың жер пайдалануындағы жерден бөлінеді.

4) Қызметтік жер телімі қызметтік тұрғын үйді күтіп – ұстау, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, шөп шабу және мал жаю үшін беріледі.

5) Қызметтік жер телімі кейінгі уақытша өтеусіз жер пайдалануға жатады және жұмысқа байланысты бөлінген кезеңге беріледі. Қызметтік жер теліміне ауыл шаруашылығы дақылдары егілген жағдайда, жұмыстан босатылған қызметкердің қызметтік жер телімін пайдалану құқығы өнім жинап алынғаннан кейін тоқтатылады.

6) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдарына сәйкес қызметтік тұрғын – үй жайда тұру құқығы сақталатындығына қарай, қызметтік тұрғын үйді күтіп – ұстауға арналған учаске түріндегі қызметтік жер телімін беру туралы шарт негізінде жүзеге асырылады.

7) Қызметтік жер телімі тәртібімен жер учаскесін беру қызметкер мен заңды тұлға әкімшілігінің арасында жасалатын қызметтік жер тілімін беру туралы шарт негізінде жүзеге асырылады.

8) Қызметтік жер телімін пайдалану құқығына қатысты қандай да болсын мәміле жасасуға жол берілмейді.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 275; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты