Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Сервитуттың түсінігі мен пайда болу негіздері.




 

Сервитут – бөтен жер учаскелерін шектеулі мақсатты пайдалану, оның ішінде жаяу өту, көлікпен өту, қажетті коммуникациялардытарту мен пайдалану, аң шаруашылығы және өзге де қажеттер үшін пайдалану құқығы.

Бұл анықтама жер иелерінің және жер пайдаланушылардың өздерінің әлеуметтік, тұрмыстық, экономикалық және басқа да қажеттіктері үшін бөтен жер учаскелерін пайдалануды толық көлемде ашпайды. Сол себепті, мемлекет халықтың – жер пайдаланушылардың мұндай қажеттерін қанағаттандыруға мүдделі. Халықтың аталған қажеттіктерін қанағаттандыру нарық жағдайында да аса қажет. Өйткені, бөтен жер учаскесінің бөлігін шектеулі пайдалану экономикалық мақсатты көздейді және жер нарығын дамытуға қызмет етеді, бұл Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарының міндеттерінен көрініс тапқан.

ҚР Жер кодексінің 7 – тарауы сервитуттарға арналған. Сервитут жер құқығының жаңа дербес институты. Онда құқық институтына тән барлық негізгі белгілер бар. Сервитут институты жер туралы заңнамада – ҚР Жер кодексінде сервитуттың туындау негіздерін, жеке және заңды тұлғалардың бөтен жер учаскесін шектеулі пайдалану құқығын және оның түрлерін, сервитут құқығындағы жер учаскесінің құқықтық режимін, оны сақтаудың, тоқтатудың мәселелерін және т.б. реттейтін нормаларға ие.

Енді жер туралы заңнамада көзделген сервитут институтының мазмұнын қарастырып өтейік.

Сервитуттың пайда болу негіздері. Сервитуттың пайда болу негізі болып Қазақстан Республикасының Жер кодексіндегі келесі норма табылады: «ҚР Жер кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде көзделген жағдайларда меншік иесі немесе жер пайдаланушы өзіне меншік немесе жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскесін мүдделі жеке және заңды тұлғаларға шектеулі нысаналы пайдалану құқығымен беруге міндетті».

Сервитуттың туындау негіздері ҚР Жер кодексінің 67 – бабының 2 – тармағында қарастырылған.

Аталған бапқа аталған сәйкес, бөтен жер учаскесін шектеулі нысаналы пайдалану құқығы (сервитут) мына жағдайларда туындауы мүмкін:

1) тікелей құқықтық нормативтік актіден;

2) мүдделі тұлғаның меншік иесімен немесе жер пайдаланушымен шартының негізінде;

3) жергілікті атқарушы органның актісі негізінде;

4) сот шешімі негізінде;

5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда.

Егер нормативтік құқықтық актіде мүдделі тұлғаның меншік иесімен немесе жер пайдаланушымен шарты негізінде сервитут белгілеу көзделсе, олардың мұндай шарт жасаудан немесе меншік иесі ие жер пайдаланушы қоятын шарттың талаптарынан бас тартуына мүдделі тұлға меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға талап – арыз беру арқылы сот тәртібімен дауласа алады.

Егер нормативтік құқықтық актіде жергілікті атқарушы органның актісі негізіндегі сервитут белгілеу көзделсе, сервитут белгілеуге мүдделі тұлға, меншік иесі немесе жер пайдаланушы бұл актіге сот тәртібімен шағымдана алады.

Егер Қазақстан республикасының заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, жекеше сервитут ауыртпалығын көтеруші жер учаскесінің меншік иесі немесе оның жер пайдаланушысы солардың мүддесіне орай сервитут белгіленген тұлғалардан мөлшерлес төлемақы талап етуге құқылы.

Мемлекет меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелері бойынша сервитут белгіленген кезде, сервитут үшін төлемақы жергілікті бюджетке түседі.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 480; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты