КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Мемлекеттік және мемлекеттік емес жер пайдаланушылардың құқықтық жағдайының ерекшеліктері.
Мемлекеттік жер пайдаланушылардың құқықтық жағдайының ерекшеліктері. 1. Мемлекеттік жер пайдаланушылар жер учаскесінде шаруашылық жүргізуді жүзеге асырады, сондай – ақ осы учаскенің нысаналы мақсаты мен жер пайдаланушы қызметінің жарғыдағы мақсаттарын ескере отырып, жер пайдаланушының басқа да құықтарын іске асырады. 2. Мемлекеттік жер пайдаланушының өзіне тиесілі жер пайдалану құқығын иелігінен шығаруға, сондай – ақ кепілге беруге құқығы жоқ, бұған жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүлікті не оның кепілін белгіленген тәртіппен иеліктен шығаруға байланысты жағдайлар қосылмайды. 3. Мемлекеттік жер пайдаланушыларға тиесілі үйлерден кредиторлардың талап етуі бойынша өндіріп алуға байланысты жер пайдалану құқығынан өндіріліп алынатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік жер пайдаланушыларға тиесілі жер пайдалану құқығы кредиторлардың талап етуі бойынша өндіріп алу нысанасы бола алмайды. 4. Мемлекеттік жер пайдаланушы өзіне тиесілі үйлерді белгіленген тәртіппен жалға берген жағдайжа, осы Кодекстің 52 – бабының 3 – тармағында белгіленген ережелер бойынша, олармен бірге аталған мүлік орналасқан және оны белгіленген нормаларға сәйкес пайдалану үшін қажетті жер учаскесі де жалға беріледі. Үйдің өзін тиісінше жалға бермей тұрып, үйлер орналасқан жер учаскесін басқа тұлғаға жалға беріледі. 5. Жер учаскесі қызметтік жер телімі тәртібімен берілетін жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік жер пайдаланушының өзіне тиесілі жер учаскесін уақытша өтеусіз жер пайдалануға беруіне жол берілмейді. Жаңадан қабылданған Жер кодексі жеке меншік құқығы, жер пайдалану құқығы, шартты жер үлестері, шаруа (фермер) қожалығы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы аймағындағы жер пайдалану құқығы және жер құжаттамасы саласында бірқатар өтпелі ережелерді қарастырып өтеді. Айта кететін жайт, егер жер учаскесін табыстау мемлекеттік емес тұлғалармен – жер пайдаланушылармен жүзеге асырылып отырса, онда ҚР Жер кодексі 32 – бабының 1 – а сәйкес, мұндай әрекетті жер пайдалну құқығын табыстау деп түсінуге болмайды. Себебі, ол – бапқа сәйкес субъектілерге жер пайдалану құқығын табыстау мемлекетпен жүзеге асырылады деп аталған. Жер учаскесін жер пайдалану құқығына табыстау жер құқығы қатынастары мемлекеттік емес тұлғалардың арасында туындаған жағдайда мүмкін емес, себебі заңда көзделгендей, мемлекеттік емес бір заңды тұлғаның екіншісіне жер пайдалану құқығын беруі табыстау деп аталмайды. Сол себепті де, олар, егер заңда көзделген жағдайда заңды фактілер негізінде – жалға беру, жер учаскесін уақытша ақысыз пайдалану және құқықтан бас тарту шарттары арқылы әрекет етеді. Сонымен қатар, «жер пайдалану құқығын беру» түсінігінің тұлғаға жер пайдалану құқығын басқа бір жер пайдаланушының беруі де қате, себебі бір азаматтың екінші азаматқа жер учаскесіне қатысты құқықты беруі заңмен көзделмеген. Бұл ҚР Конституциясы мен басқа да заңдарына қайшы келеді. Азаматтар мен заңды тұлғаларға құқықтар ҚР Конституциясы мен заңдарының нормаларының негізінде беріледі. Сондықтан, «жер пайдалану құқығын беру» түсінігінің орнына меншік нысандарына және жер учаскесін пайдалану құқығына байланысты «жер пайдалану құқығындағы жер учаскесін беру» түсінігін қолдану дұрыс болар еді.
|