Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Сурет. Аморфты(а) және кристалды(б) заттардың қызуы




Дәріс1.

Геологиялық пәндердің жалпы сипаттамасы

Мақсат : Геологиялық пәндермен танысу

1.Кристалл және аморфты заттар туралы түсінік. Минералдың химиялық құрамы

2. Минералдардың морфологиясы және физикалық қасиеттері.Минералдардың түзілу үрдістері

3.Минералдарды классификациялау. Минералдардың парагенезисі. Минералдар зерттеу әдістері .

4.Петрография.Тау кен орындарының негізгі теориялық генезисі,өнеркәсіп тау кен орындары

Кілт сөздер: монокристалл, аморфлты и кристалды дене, көпжақ, петрография, метаморфизм, магматизм.

 

Кристалл – грек сөзі «салқындатқанда қатқан» деген мағынаны береді. Кристалл (К) –қатты дене, формасы көпбұрыш болып келеді де, атомдары, молекулалары иондары – белгілі бір заңдылықпен орналасқан. Оларға табиғи минералдық кристалл, синтетикалық кристалдар жатады. Қатты заттар термодинамикалық тепе-теңдікте тұрса – кристалдық жағдайда болады. Кристалдық жағдайдың негізгі қасиеті кеңістікте материалды түйіршіктерінің симметриялық дұрыс формада болуы. Атомдардың молекулаларының заңды және симметриялы орналасуы әртүрлі химиялық құрамы бар, заттардың өз кристалл құрылысы болады. Кристаллдың құрылысы деп- нақтылы материалды ұсақ бөлшектердің кеңістіктегі заңымен орналасуын, симметриясын айтады.

Табиғатта қатты заттар екі күйде кездеседі: аморфты және кристалл. Оларды бір-бірінен қасиеттері жағынан және сырт көрінісінен айыруға болады.

Шыны сияқты, қыздырған кезде жұмсарып, бірте-бірте сұйыққа айналатын заттарды аморфты дейміз.

сурет. Аморфты(а) және кристалды(б) заттардың қызуы

Суретте көрсетілген қыздыру температурасында балқу температурасын көру қиын. (а)

Кристалды денелерді қыздырғанда олардың температурасының сызығы басқаша. Мысалы металды қыздырғанда температура балқығанға дейін ұлғая береді, балқи бастаған кезден бастап өспей тұрады (б). Осыған қарап аморфты және кристалды денелердің ішкі құрылысының әртүрлі екендігіне көз жеткізуге болады.

Аморфты дегеніміз – грек тілінен аударғанда формасыз (қалыпсыз) деген ұғымды береді.

Аморфты дене деп оның материалды бөлшектері ретсіз орналасқан денені – аморфты зат дейміз. Кристалдардың және аморфты денелердің іш құрлысының әртүрлі болуы, олардың қасиеттерінің де өзгеше болуына әкеп соғады. Кристалдарды денелердің қасиетері де анизатропты, ал аморфты денелерің барлық бағытта физикалық қасиеттері бірдей.Сонымен кристалды денелер анизатропты,олар өз бетімен кристалданады, аморфты дене де анизатропты,бірақ ол дұрыс геометриялық түрде қабылдай алмайды.

Аморфты денелер бір қалыпта болмайды,уақыт өткен сайын біртіндеп кристалдана бастайды.Мысалға шыны ұсақ кристалдарға айнала бастайды.Қант (леденцы( біраз уақыт өткен соң сынғыш қабатпен жабылады, бұл қант кристалдары.Аморфты қалыптан, кристалды қалыпқа өту уақыты денелердің табиғи қасиеттеріне байланысты.Егер бір жағдайда оған жүздеген жылдар керек болса,екінші жағдайда бірнеше күн жеткілікті болады.

 

 

2- сурет.Материалды бөлшектердің : а) кристалдағы орны б) полимерде в) сұйыұ кристалда г) аморфты денеде

Кристалдарда бөлшектер белгілі бір тәртіппен орналасқан (сурет 2-а)

Қатты денелердің кристалды жағдайында болуы, аморфты денелерге қарағанда әлде қайда тұрақты, өйткені бөлшектердің заңды түрде (ретті) орналасуына үштен аз энергия қажет етеді.

Бір қатты затты кристалды немесе аморфты күйде алуға болады. Осы екі қалыпты қатты зат алу, олардың тұтқырлығына, қату жылдамдығына т.б. физикалық қасиеттеріне байланысты. Аморфты қалыпта жеңіл алынады, егер қатқан кезде дененің тұтқарлығы үлкен болса (мысалы шыны),ал аз тұтқырлығы бар денелер (мысалы металдар) салқындағанда кристалданады.

Соңғы кездерге дейін аморфты қатты металл алынбайды деп келді,бірақ қазір аморфты металдар балқыламалар алу техналогиясы табылды.Металдарды аморфты қалыпты жағдайын оларды сұйық қалыптан өте жоғары жылдамдықпен суыту арқылы алады >10 к/с.Осылай суытқанда кейбір металдар кристалданбай, қатты аморфты күйге айналады (шыны сияқты).Бұл жағдайда өте жұқа лента алуға болады (қалыңдығы ~10мкм, жалпақтығы ~1.0см) және сым ( 10мкм). Металдар аморфты жағдайда ерекше қасиеттері болады (магниттер жасауға, лезвилер алуда қолданылады).

Кристалды шыныны өте аз жылдамдықпен суытқанда алады. Олар с и т а л деп аталады,оның қаттылығы жай шыныдан әлде қайда жоғары.

Өзінің құрылысы жағынан кристалды және аморфты денелердің ортасында болатын заттар болады. Бұлар сұйық кристалдар мен полимерлер деп аталатын заттар.

Полимерлер шұбатылған молекулалар тізбегінен тұрады. Полимерлер заттардың молекулалары – тұрақты, атом топтарынан – мономерлі звенолардан тұрады да, кавалентті байланыс арқылы бір-бірімен тығыз байланысқан(сурет 2-б).Полимерлі заттардағы молекулалар бір-біріне параллельді болып орналасады. Молекулалардың ұзындығынан олар бір-бірімен жанасуынан, бұралуынан кристалдануы қиынданады. Сондықтан олардың реттелу қабілеті кристалдардан төмен де, аморфты заттардан жоғары.

Сұйық кристалдар фаза деп аталатын атауға жауап беріп, кристалды және сұйық болып келетін заттардың қалпының арасында болады. (сурет 2-в) .

Сұйық кристалдар,жай сұйықтар сияқты ағады, бірақ ол анизатропты болып келеді. Олар белгілі бір температура арасында өз қалпында болып,температура жоғарласа балқып,изотропты сұйыққа айналып, салқындатса кристалданады.Сұйық кристадардың құрылысы мен қасиеттері молекулалардың ұзынша болып келуіне байланысты болады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 314; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты