КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Минерал түзілісінің эндогенді процестері.Эндогенді процестер қалай да болмасын, магманың әрекетімен байланысты, сондықтан да кейде оны магмогендік процестер деп те атайды. Олардың ішінен мынадай процестерді бөліп көрсетуге болады. Магмалық процестер. Минералдар түзілісінің магмалық процестеріне тікелей магма кристализациясы барысында минералдар құралатын процестер жатады. Бұған сөнген тау жыныстарын құрайтын барлық минералдар кіреді. Мысалы, полевой шпаттан, кварц пен слюдадан тұратын гранит; осы жағдайда бұл минералдардың шығу тегі – магматикалық. Сөнген тау жыныстарының қосымша минералдары апатит, цикрон, ортрит және т.б. шығу тегі магматикалық. Жалпы геология курсынан белгілі, сөнген тау жыныстары екі топқа бөлінеді: тереңде кристалданған интрузивті тау жыныстары және жер бетінде немесе жер бетіне жақын түзілген эффузивті тау жыныстары. Минерал түзілісінің магматикалық процестері сондай-ақ интрузиямен және эффузиямен де байланысты болуы мүмкін. Минералдардың магматикалық шығу тегі туралы айтқанда, әдетте, олар құрамы бойынша тау жыныстарына байланысты екенін көрсетеді: қышқыл, сілтілі, негізгі немесе ультранегізгі. Бұл жерде минералдар ассоциациясы әр түрлі болады. Практикалық негізді көптеген минералдар – апатит, алмаз, платина, хром, никель, мыс, темір рудалардың және т.б. шығу тегі магматикалық. Пегматитті процесс. Пегматиттер - құрамы бойынша да, нысаны бойынша да күрделі минералды денелер. Пегматиттердің нысаны көбіне тамырлы, линза тәріздес болып келеді, штоктар да ұшырасады. Олар әдетте интрузивті тау жыныстар қойнауында, сондай-ақ кровля – гнейстер мен кристалды сланцалар қойнауында жатады. Пегматиттер мен интрузивтік тау жыныстар арасында тығыз кеңістік байланыс олардың генетикалық жақындығын дәлелдейді. Пегматиттер әдетте интрузивтік тау жыныстарынан 1-2 км. аспайтын ара қашықтарда орналасады. Пегматиттердің минералогиялық құрамы интрузивтік тау жыныстардың минералогиялық құрамымен ұқсас.Негізгі минералдар болып табылатын дала шпаты (плагиоклаздар), кварц және слюда, жиі турмалин кездеседі. Пегматиттер үшін берилл, касситерит және басқа да минералдар тән. Осылайша, пегматиттер іс жүзінде қолдануға өте қызықты. Олар мусковит – слюданың, сирек металлдар – литий, берилий, қалайы, цезий, тантал мен ниобидің, сирек топырақтардың, сонымен қатар керамикалық пьезооптикалық шикізаттың жалғыз көзі болып табылады. А.Е. Ферсманның пікірінше, магманың кристализациясы кезінде ұшатын заттар- минерализаторлар(хлор, фтор, бром косылыстары) мен сирек және сиректопырақты элементтердің қосылыстарымен бай қалдық силикат балқыма пайда болады.. Бұл қалдық балқыма қысым айырмашылығының күшімен жоғарыда жатқан тау жыныстарына қарай сығылып шығады да олардағы жарықтар мен қуыстарды толықтырады. Құрамы бойынша бұл да силикатты балқыма, сондықтан пегматиттердің тау жыныстары түзуші негізгі минералдары (дала шпаты, кварц, слюда) аналық интрузиядағы дәл сол минералдар болып табылады. Дала шпатының бір мезгілде крисстализациялану барысында өзіне тән түзілімдер пайда болады., оларды «жазба гранит» немесе « еврейлік тас» деп атайды. Дала шпатындағы заңдылық бездер шығыс жазбаларға, иероглифтерге ұқсас, сондықтан олар осылайша аталады. Пегматиттердің шығу тегіне қатысты басқа да пікірлер бар. А.Н. Заварицкийдің пікірінше пегматиттер – қалдық магматикалық балқыма кристалдануының өнімі емес, газды ерітінділердің әсерлерінен жыныс таулардың қайта кристалдану нәтижесі деп саналады. Өте тереңде және өте үлкен қысым әсерінен болатын осындай қайта кристалданудың нәтижесінде пегматиттерге тән ірі кристалды блоктар құрылуы мүмкін. Осылайша, А.Н. Заварицкийдің айтуы бойынша, пегматиттер магматикадан кейінгі түзілістер болып табылады. Бұл оларды белгілі бір дәрежеге дейін пневматолиттік және гидротермальді тамырлармен біріктіреді, себебі газды ерітінділер суғаннан кейін гидротермальді ерітінділер береді.
|